Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

Аң аулау ережелері

 

Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 Қаулысы

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 51, 681-құжат

3. Аң аулау мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) кәсiпшiлiк аң аулау;
2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау.
4. Кәсiпшiлiк аң аулау - кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау.
5. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау – спорттық, эстетикалық қажеттiлiктердi қанағаттандыру мақсатында және олжаланған өнiмдi жеке пайдалану үшiн аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау.
Ұлттық аң аулау – аңшы жыртқыш құстарды және аң аулайтын иттердің ұлттық тұқымдарын пайдаланып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.

Қазақстан Республикасының аумағында жолдамасыз аң аулауға рұқсат берілмейді егер ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 аң аулау ережесі туралы қаулысын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Азаматтардың қаулыға сәйкес, ШҚО Орман жене аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының  аңшылық куәлігі, қару сақтауға оны пайдалануға  ІІД рұқсат құжаттары болса және аң аулауға Аңшылық шаруашылықтардан, ШҚО Аңшылармен мен балық аулаушылардың қоғамдық бірлестігінен жолдама алса, ҚР-ның  Аң шаруашылықтары аумақтарында аң аулауға рұқсат етіледі.

Аңшылықпен айналысам деген азаматтарға жоғарында көрсетілген органдарға хабарласып мына телефон номерлерімен байланыс жасап  толық мәлімет алуға болады.  8(7232) 22-28-71, 22-11-22, 26-32-28, 25-91-84.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..