Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды

реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылуы туралы тарихи

анықтама

 

 

Орман және жануарлар әлемін қорғау  жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық басқармасы 2003 жылы құрылды. Оның құрылуы орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды республикалық деңгейден жергілікті деңгейге, сондай-ақ орман шаруашылығы мекемелерінің республикалық меншіктен коммуналдық меншікке тапсырылып мемлекеттік басқару органы Орман және жануарлар әлемін қорғау  жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық басқармасы болып анықталуына негізделген.

Орман және жануарлар әлемін қорғау  жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық басқармасы өсімдіктер мен жануарлар әлемінің ресурстарын реттеу және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешу мақсатымен ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі 14 мекеменің қызметіне жедел басшылық пен бақылау жасауды жүзеге асыру үшін құрылды.    

2005 жылы Орман және жануарлар әлемін қорғау  жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық басқармасы ШҚО табиғат қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі басқармасымен қосылып Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті болып аталып қайта ұйымдастырылды. Осы қайта ұйымдастырылудың нәтижесінде орман шаруашылығы мен жануарлар әлемін қорғау саласындағы функцияларға қоршаған ортаны қорғау саласындағы функциялар қосылды. Жаңа функцияларға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және оларды іске асыру; 4 және 5 санаттардағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу; су ресурстарын пайдалануды реттеуді ұйымдастыру енгізілді.

2008 жылы Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы болып атауы өзгертіліп қайта ұйымдастырылды.

2009 жылы кейбір функциялардың республикалық деңгейден жергілікті деңгейге тапсырылуына байланысты қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру мен 2 және 3 санаттардағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құзырына берілді.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..