Іздеу

ШҚО қалалық және аудандық елді мекендерін көгалдандыру бойынша «Жас

Өркен» іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде ақпарат

Басқарма Жастар жылына ұштастырылған «Жас Өркен» іс-шаралар жоспарын іске асыру жұмыстарын жүргізуде.

         Ағаш отырғызу үшін әзірленген сұлбаға сәйкес ағымдағы жылдың 14 мамырдағы жағдай бойынша жастардың қатысуымен 131 мың дана  көшет, соның ішінде Өскемен қаласында – 14,5 мың дана;

Семей қаласы –  15,5 мың дана;

Риддер қаласы – 3,0 мың дана; 

Курчатов қаласы – 1,4 мың дана; 

Абай ауданы – 9,2 мың дана;

Аягөз ауданы – 10,1 мың дана;

Алтай ауданы – 1,7 мың дана;

Бесқарағай ауданы – 5,7 мың дана;

Бородулиха ауданы – 3,2 мың дана;

Глубокое ауданы – 8,0 мың дана;

Жарма ауданы – 3,2 мың дана;

Зайсан ауданы – 5,7 мың дана;

Катонқарағай ауданы – 3,9 мың дана;

Көкпекті ауданы – 8,6 мың дана;

Күршім ауданы – 6,0 мың дана;

Тарбағатай ауданы – 5,1 мың дана;

Ұлан ауданы – 7,3 мың дана;

Үржар ауданы – 12,9 мың дана;

Шемонаиха ауданы – 5,8 мың дана көшет отырғызылды.

        

Облыс аудандарында:

-         қарағай кәдімгі 22,6 мың дана;

-         сібір шыршасы 45,6 мың дана;

-         сібір самырсыны 6,3 мың дана;

-         сібір балқарағайы 75 дана;

-         салпыншақ қайың 21,0 мың дана;

-         сібір терегі 18,2 дана;

-         емен 350 дана;

-         шегіршін ұсақжапырақты 16,9 мың дана;

-         үйеңкі 104 дана отырғызылды.

         Сібір шыршасының 150 ірі көшеті «Нұрлы Жол» саябағын көгалдандыру үшін берілді.

         ШҚО қалалық және аудандық елді мекендерін көгалдандыру бойынша «Жас Өркен» жоспары мен көріктендіруді іске асыру жұмыстары жалғастырылуда.

            Облыс аудандарында студенттер мен мектеп оқушыларының қатысуымен

қамқорлық шаралары басталып, жас көшеттерді суару жұмыстары жүргізілуде.


img lesovostonovlenie

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..