Іздеу

«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні»

2019 жылғы 20 сәуір

20 сәуірде «Тұрақты даму» Жер Қорының бастамашылығы бойынша ұйымдастырылған «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» науқаны өткізілді, оны ҚР Үкіметі қолдап, ұлттық ағаш отырғызу күні жыл сайын өткізілсін деген шешім қабылданған болатын.

Науқанның негізгі мақсаты халықты көгалдандыру іс-шараларына барынша тарту, экологиялық тәрбие, орманды қалпына келтіру идеясын қолдау болып табылады.

Өскемен қаласында көгалдандыру науқанына білім, қалалық тұрғын үй-коммуналдық қызмет мекемелері, жеке тұлғалар мен қоғамдық ұйымдар қатысты.

Басқарма қалалық ТКШ-мен бірлесіп науқанға қатысатын мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың және басқа ұйымдардың іс-қимылдарын үйлестірді. Ағаштарды отырғызу саябақтар мен саяжолдарда, үй маңындағы аумақтарда, оқу орындарында, медициналық мекемелердің аумақтарында және басқа да мекемелерде жүзеге асырылды.

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 20 сәуірде сағат 10.00-нан бастап 19-шағын ауданындағы Есенберлин даңғылында 100 дана сібір шыршасын, 100 дана қарағай ағашын, 100 дана майқарағай көшеттерін отырғызды.

Бұған қоса, ШҚО әкімі Д.К. Ахметовтің бастамашылығымен «Жас Өркен» көгалдандыру іс-шаралары жоспарының шеңберінде бүкіл облыс бойынша жас көшеттерді отырғызу жүргізілуде. Жалпы 120 мың дана түрлі сүрек пен бұта тұқымдас ағаштардың көшеттері отырғызылатын болады.

IMG 20190419 WA0024

IMG 20190419 WA0015

IMG 2062

IMG 1938

            IMG 2003

 

 

 

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..