Іздеу

Қазақстан Республикасы Экологиялык кодексінің (бұдан әрі — ҚР ЭК) 152-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық - талдау орталығы» ШЖК РМК «Қоршаған ортаны қорғаудың біріңғай ақпараттық жүйесінде» (бұдан әрі - ҚОҚ БАЖ) іске асырылған Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын https://oos.energo.gov.kz/ интернет ресурсында жүргізеді.

ҚР ЭК 154-бабы мен 1-бабының 71-тармағына сәйкес табиғат пайдаланушылар (табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызына дейін жыл сайын қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті ұсынуы қажет.

Есеп нысаны Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 29 шілдедегі «Қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 352 бұйрығымен бекітілген.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..