Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

Қалдықтарды бөлек жинау

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы әзірленді.

«Жасыл экономикаға» көшудің негізгі басымдықтары «2013-2020 жылдар аралығында жасыл инфрақұрылым» құру болып табылады.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында өндірушілердің (импорттаушылардың) (бұдан әрі - ӨКМ) кеңейтілген міндеттемелері қағидасы қолданылады.

«ӨКМ Операторы» ЖШС-нің (бұдан әрі - Оператор) қызмет ету салалары қалдықтарды басқару саласында, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 285-2 бабында белгіленеді, оған сәйкес өнімдердің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болған қалдықтарды жинау, тасымалдау, өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) жою жұмыстары жүргізіледі.

Оператормен жақын арада екі кезеңде сатып алу жоспарланып отыр: бірінші кезең - қалдықтарды өңдеу және қаптама қалдықтарын жою, екінші кезең - қаптама қалдықтарын жинау және 1-ші кезең жеңімпаздары деп танылған кәсіпорындарға тасымалдау.

Бұдан басқа, 1-ші кезең шеңберінде конкурстың нәтижесінде жасалған шарттар бойынша электрлік және электрондық жабдықтардың қаптамасының қалдықтарын қайта өңдеу және жою, бөлек жинау мен ары қарай тасымалдау инфрақұрылымын дамытуға көмек көрсету үшін төмендегі бағыттар бойынша қызмет атқарылатын өңірде жинау (сатып алу) жүйесінің инфрақұрылымынын дамытуға алдын-ала бөлінген қаражаттың бір бөлігін (30-40%) инвестициялау үшін жинайтын ұйымның (өнім берушінің) міндеттемелері қарастырылады:

Қайталама шикізатты бөлек жинауға контейнерлерді енгізу, оларды сұрыптау;
         Қайталама шикізатты қабылдау (сатып алу) пункттерін енгізу.

Конкурс өткізілуі кезінде өңірлерде қайталама шикізатты жинау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту бойынша қысқа жоба (іс-шаралар жоспарын) сұратылуы мүмкін.

Конкурстық құжаттамамен Оператордың https://recycle.kz/ веб-сайтында танысуға болады.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..