Іздеу

2018 жылғы 21 желтоқсанда ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша әдеп жөніндегі өкілі-әкімшілік бөлімінің басшысы Бақытбек Камбекұлы Жаманбаев және ШҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі өкілі Ринат Арыстанбекұлы Арыстанбек бірлесіп ұжым арасында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері жөнінде түсіндіру жұмысын өткізді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты сыйлықтар немесе қызметтер алғандары үшін жауапкершіліктері туралы және жұмыс істеу уақытының бұзылуына жол бермеу жайында айтылды. Кездесу барысында жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келетін өзара қарым-қатынастар мәдениетін қалыптастыру туралы да сөз қозғалды.

IMG 0431

 

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..