Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

в государственном органе - 98.8%
в ЦОНе - 0.1%
посредством электронного портала - 1.2%

Всего голосов:: 30377
Голосование по этому опросу закончилось в: Қазан 1, 2018

Іздеу

«ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА КӨШБАСШЫСЫ»

АШЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ БОЙЫНША

ХАБАРЛАМА

         Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Экология және жасыл экономика көшбасшысы» конкурсын жарияланғанын хабарлайды.

         КОНКУРС ЖҮРГІЗУДІҢ МАҚСАТЫ.

1. Климат балансы және экологиялық қауіпсіздік саласындағы қызметтің тиімділігін арттыру.

2. Экология, энергия үнемдеу, ресурстарды сақтау, кәдеге жарату, табиғи мұраны сақтау, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін ортаны құру және қалалық шаруашылық саласында технологияларды дамыту саласындағы үздік идеяларды және тәжірибені тану және танымал ету.

3. Қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму және климаттық тепе-теңдікті сақтау, ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелерін шешуге қоғамның назарын аудару.

КОНКУРС НОМИНАЦИЯЛАРЫ.

1. Эко әкімдік

- экологиялық заңнаманы өңірлік деңгейде сапалы орындау үшін жағдайлар жасау;

- өңірдің өткір экологиялық мәселелерін нақты шешу үшін;

- экологиялық және волонтерлік ұйымдарды насихаттау үшін;

- Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасының көрсеткіштерін өңірлік деңгейде сапалы іске асыру үшін.

2. Эко кәсіпкер

- кәсіпкерлік қызметке экологиялық көзқарас үшін;

- халықтық тұтынуға экологиялық таза тауарлар өндірісі үшін;

- экологиялық сервистік қызметтер үшін;

- эко-туристтік және үздік бағыттар үшін.

3. Эко өндіріс

- қалдықсыз жабық циклдағы технологияларды әзірлеу және енгізу үшін;

- энергияны үнемдеу, «жасыл» технологиялар әзірлеу және енгізу үшін;

- экологиялық таза өнімдерді әзірлеу және өндіру үшін;

-экологияны және қоршаған ортаны қорғауды жақсартуға бағытталған биотехнологияларды әзірлеу және енгізу үшін.

4. Эко ҮЕҰ

- жобаларды іске асыру арқылы облыстың экологиялық проблемаларын шешуге қосқан үлесі үшін;

- қоршаған ортаны қорғау тақырыбын дәріптеу және насихаттау үшін;

5. Эко мекеме (аурухана, мектептер және т.б.)

- энергия үнемдеу шараларын іске асыру үшін;

- мекемеге жасыл технологияларды енгізу үшін.

6. Эко тұлға

- өңірлердегі экологиялық мәселелерді шешуді анықтау және көмек көрсету;

- өңірдің экологиялық мәселелерін шешуде жергілікті атқарушы органдармен тиімді өзара әрекеттесу үшін.

7. Эко волонтер

- экологиялық қызметте еріктілерді (жастарды) тарту арқылы қоршаған ортаны қорғауға және жақсартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу.

КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ. ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ.

1. Конкурс туралы ақпарат Ұйымдастырушының – «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ - www.aeok.kz сайтында «Оқиғалар туралы хабарландыру» бөлімінде орналастырылады.

2. Конкурсқа қатысуға жол беріледі:

         2.1. Мемлекеттік мекемелер (РМК, АҚ, ЖШС және мемлекеттік үлесі бар басқа мекемелер)

         2.2. Коммерциялық құрылымдар

         2.3. Қоғамдық ұйымдар

         2.4. Ғылыми, білім беру мекемелері, жобалау ұйымдары

         2.5. Жеке тұлғалар

3. Конкурсқа қатысу ақысыз.

4. Қатысушы бірнеше номинацияда өтінім бере алады.

5. Конкурсқа Қазақстанның тұрғындары, сондай-ақ Қазақстанда жүзеге асырылған жобалар қабылданады.

6. Конкурс- ашық түрде бір турда өткізіледі.

7. Конкурсқа қатусыға жобаны ұсыну мерзімі: 2018 жылдың 10 қыркүйегінен  2018 жылдың 20 қарашасына дейін.

8. Конкурсқа қатысу үшін өтінімді толтыру және қосымша ақпарат беру қажет       (іс-әрекеттердің сипаттамасы және үміткердің марапатын алудың негіздемесі)

9. Конкурсқа қатысуға тіркелген барлық қатысушыларға өтініште көрсетілген электронды поштаға, қажет болған жағдайда, конкурстық материалдарды тапсыру туралы қосымша нұсқаулар жіберіледі.

ЖЕҢІМПАЗДЫ ТАҢДАУ БОЙЫНША КРИТЕРИЙЛЕР.

1. Экологиялық тиімділік.

2. Экономикалық тиімділік.

3. Әртүрлі өңірлерде және әртүрлі салаларда ұсынылатын шешімдер мен технологияларды пайдалану тәжірибесін қайталау қабілеті

4. Пайда алатын адамдар саны

5. Жаңашылдық, ұсынылған тәсілдердің түпнұсқалығы, шешімдер, технологиялар.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..