Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

в государственном органе - 98.8%
в ЦОНе - 0.1%
посредством электронного портала - 1.2%

Всего голосов:: 30377
Голосование по этому опросу закончилось в: Қазан 1, 2018

Іздеу

ҮРЖАР ЖӘНЕ АЯГӨЗ АУДАНДАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АГЕНТТІК ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері, Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин мен Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Тюлебаев Шығыс Қазақстан облысына іссапары барысында Үржар және Аягөз ауданында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді. Кездесуге   
мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор  қызметшілері, үкіметтік емес ұйымдар,  кәсіпкерлер палатасы,"Нұр Отан"партиясының, жастар орталығының және бұқаралы ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында сөз алған Равиль Тюлебаев қоғам тарапынан айрықша сенім мен кәсіби біліктілікті талап ететін, жауапкершілігі мол мемлекеттік қызмет саласындағы қызметкерлердің білімі, кәсіби даярлығы, әдептілігі туралы айтты. Ал өз кезегінде Арман Бердалин сыбайлас жемқорлықтың қоғамға кері әсерін, оны жою мен болдырмаудағы тәрбие мен тектілік туралы сөз қозғады. Жиналғандарға арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетіп, халықтың қазынасына қол сұққандардың қатаң сыналып, жазаға тартылатынын айтты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы департаментінің баспасөз қызметі.

IMG 20180928 WA0001

IMG 20180928 WA0007

IMG 20180928 WA0014

IMG 20180928 WA0019

IMG 20180928 WA0020

 

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..