Республикалық арнайы мониторингтік топ ШҚО-дағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша іс-сапарын аяқтады

Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың сыртқы талдау мен бағалауы бойынша Республикалық арнайы мониторингтік топ Айгүл Соловьеваның төрағалығымен 3 күн бойы ШҚО-да қызмет атқарды.

Жұмыс сапарының шеңберінде АМТ мүшелері тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысандарына келіп, мүмкіндік тудыратын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді бағалау үшін Өскемен, Семей қалаларымен Бесқарағай, Ұлан және Абай аудандарында болды.

Семей қаласында АМТ мүшелері қалалық ХҚКО, жедел медициналық көмек ауруханасында, сондай-ақ мекеменің жұмыс тарапына 80-жылдардағы оқулықтарды пайдалғаны үшін ата-аналардың шағымдары бойынша есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатында болды. Семей қаласының жедел медициналық көмек ауруханасының жұмысы оң бағаланды. Ол жерде тегін дәрі-дәрмек бойынша мәселелер орын алмаған, сондай-ақ аурухана арнайы мониторингтік топтың пікірі бойынша толығымен әлемдік стандарттарға сай мекеме екені айтылды.

Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған интернатта оқулықтарды пайдалану бойынша облыстық білім басқармасымен түсініктемелер берді. Нашар еститін балалардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктері бойынша 2000-2016 жылдары шығарылған оқулықтармен арнайы білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, педагогтармен есту қабілеті бұзылған балаларға арналған 1987 жылы шыққан оқулықтар мазмұны тек орыс тіліндегі жаттығулар мен артикуляциялық аппаратты, оқуды дамыту үшін қолданылатыны айтылды.

Өскеменде Республикалық арнайы мониторингтік топ облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапхана мен қалалық көші-қан полициясында болды.

Облыстық кітапхана өзі жайлы жақсы пікір қалтырды. Әсіресе АМТ мүшелеріне IT-киіз үйі ұнады, онда егде жастағы оқырмандар компьютерлік сауаттылыққа оқытылуда. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көбін алуға болатын Электрондық үкіметті үйрету бойынша сабақтар күнделікті өткізілуде. Сондай-ақ, егде жастағы адамдарға электрондық әмиян мен коммуналдық төлемдерді интернет арқылы төлеуді үйретуде.

АМТ төрағасы Айгүл Соловьеваның айтуынша, облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханада мәдени-рухани мекеме бере алатын барлық қызметтер ұсынылады.

-  Мен бұл жерде ашық, адал жұмыс істейтін тамаша ұжымды көрдім. Оған индекатор болып бизнестің сенімі - кітапхана дамуына қаражат салуы болып табылады. Біз кітапханада қандай технологиялар барын көрдік. Бұл жерде өздеріне қызықты заттармен айналысатын көптеген адамдардарды көрдік. Ол өте жақсы көрсеткіш.

Қалалық көші-қон полициясы бөліміне барған кезде Республикалық арнайы монторингтік топ келушілерменде сөйлесе алды. Олар көші-қон полициясының қызметіне оң баға берді. Мысалы, Өзбекстанның азаматты 15 минут ішінде тіркеу бойынша құжат ала алады.

Тексеру қорытындысы бойынша өзінің шешімін Айгүл Соловьева айтты:

Біз берген бұрынғы хаттамалар бойынша көші-қон қызметті мен ХҚКО бойынша кемшіліктер жоқ. Барлық жерде біз берген ұсынымдар назарға алынып орындалған. Абай ауданына дейінгі жолдың жаман жағдайына назар аудардық. Қаражат бөлінді, осыдан кейін азаматтардың міндетті жол жөнделу процессін қадағалау болып табылады. Біз көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алған азаматтармен тілдестік. Олар көрсетілген қызметтерге толық риза. Алайда аудандық, қалалық, облыстық мониторингтік топтар азаматтардың шағымдары бойынша сауалнама жүргізеді. Облыс тұрғындары өздеріне жеткіліксіз жағдайлар бойынша пікір қалыптастыру қажет.

Облыстық мәслихат депутаты, облыстық арнайы мониторингтік топтың төрағасы Олег Чернышов азаматтарды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға көмектесуге шақырды:

Бүгін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға үлкен мүмкіншіліктер ашылуда. Электрондық технологиялар бізге сондай мүмкіндіктер беруде. Егер сізден пара талап еткен жағдайда немесе көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасыз болған жағдайда оны бейнеге түсіріп бізге Арнайы мониторингтік топқа немесе ҚР Мемлекттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне жолдауыңыз болады. Сіздер хабарлаған мәселелер тез арада қарастырылатын болады – деді Олег Чернышов

Кездесу соңында Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының жастар труппасы АМТ мүшелеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы қойылымнан үзінді көрсетті.

 

9I3V6867

9I3V6878

9I3V6896

9I3V6904

9I3V6929

9I3V7026

9I3V7039

9I3V7065

9I3V7091

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..