Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

в государственном органе - 98.8%
в ЦОНе - 0.1%
посредством электронного портала - 1.2%

Всего голосов:: 30377
Голосование по этому опросу закончилось в: Қазан 1, 2018

Іздеу

2018 жылдың 21 мамырында Семей қаласына Республикалық арнайы мониторингтік топ келіп, Мичурин көшесіндегі жедел медициналық көмек ауруханасы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) балаларға арналған мектеп-интернат»КММ және арнайы ХҚКОға көрсетілетін мемлекттік қызметтерді бағалау бойынша барды. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау мен бағалау жөніндегі Республикалық арнайы мониторингтік топ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған.

АМТ-ның барған бірінші объектісі жедел медициналық көмек ауруханасы болды. Аурухана басшысы қонақтарға жаңа құрал-жабдықтарды көрсеттіп, медициналық қызметкерлер жұмысымен таныстырды және жеделблоктарды аралатты. Айгүл Соловьеваның төрағалығымен АМТ мүшелері заманауи техникалық жабдықтандыруды қарап, емделушілермен әңгіме жүргізді.

Сондай-ақ АМТ мүшелерімен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) балаларға арналған мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен кездесу өткізілді. АМТ мүшелері тамақтандыру және интернат ғимараттындағы температуралық режимге қатысты айтылған ата-аналардың барлық ескертулері мен тілектерін тыңдады. Интернаттың жобалық қуаттылығы 140 балаға есептелгенімен қазіргі уақытта 64 бала оқуда, яғни соңғы жылдары бала жетіспеушілігі байқалуда. Мұндай кері ағымның себебі көршілес жатқан қалаларда ұқсас мекемелердің ашылуы болып табылады.

 

Семей

 

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..