Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ КОНКУРС!

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Бұқтырма су қоймасы және Жайсан (Зайсан) көлінің балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша Конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Квалификациялық талаптардың толық тізбесі конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Өтінімдерді тапсыру мерзімі - конкурстық құжаттамаға сәйкес (2018 жылғы 18 қантарынан 1 ақпанына дейін).

Конкурсқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидалары және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес квалификациялық талаптарға сай Конкурсқа қатысуға тілек білдірген барлық жеке немесе заңды тұлғалар жіберіледі.

Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін мына мекенжай бойынша: Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19 үй, 411 кабинет, жұмыс күндері сағат 9-дан 18-30-ға дейін және/немесе http://www.e-priroda.gov.kz, http://www.akimvko.gov.kz алуға болады.

Конкурстық құжаттама тегін беріледі.

Әлеуетті жеткізушілер конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімдерді мөрленген конвертке салып, «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ 2018 жылғы 1 ақпан айын қоса алғанда сағат 18-30-ға дейін мына мекенжай бойынша тапсырады: индекс 070004, Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, 411 кабинет.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2018 жылғы 2 ақпанын 16-18 сағ. 00 минутте Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40, 4-этаж, 404 кабинетте ашылады.

Қосымша ақпарат (оның ішінде ашылу күнін анықтау) пен анықтаманы 8 (7232) 25-91-84 телефоны арқылы, http://www.e-priroda.gov.kz сайтынан алуға болады.

 

Kонкурстық өтінім салынған конверттерді ашу хаттамасы

№ 2 балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстың хаттамасы


 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..