Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ» ММ, 070004,

ШҚО, Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, 4 қабат, 409 кабинет,

анықтама телефоны 8 (7232) 250-301, факс 257-546,электрондық пошта арқылы: g.zhumagulova@akimvko.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдық орынға ішкі конкурс жариялайды:

Басшының табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі орынбасары (Д-О-2 санаты, 1 бірлік) еңбек өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы 163 233 теңгеден 220 698 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: қолданыстағы заңнамалардың және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес табиғатты қорғау бағдарламасы, экологиялық сараптама және экологиялық реттеу бөлімінің жұмысын ұйымдастыру, олардың қызметін бақылауды және тікелей басшылықты жүзеге асыру; заңнамамен қарастырылған табиғатты қорғау бағдарламасы, экологиялық реттеу және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі құрылымдық бөліністердің қызметін үйлестіру және өзара әрекетті қамтамасыз ету; басшылық жасайтын бөлім қызметкерлерінің кәсіби деңгейлерін жоғарлату бойынша іс-шаралар қабылдау; басқарманың өзі басшылық жасайтын бөліністерінің жұмысын жүйелі түрде талдау және басқарма бастығына олардың қызметі туралы баяндау, қабылданатын іс-шаралардың тиімділігін жоғарлату жөніндегі ұсыныстарды енгізу; басқарманың өзі басшылық жасайтын бөліністер қызметкерлерінің орындаушылық, еңбек тәртіптерін, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды қамтамасыз ету және бақылау; өз құзіреті шегінде ұсынылған материалдардың көлемі және мазмұны бойынша басқарма мамандарына әдістемелік нұсқау беру; қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес өз құзіреті шегінде басқарма басшысының және басқа да жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын, бұйрықтарын, нұсқауларын, жарлықтарын орындау және орындалуын қамтамасыз ету; бағынысындағы бөлімдердің өз құзіреті шегінде табиғатты қорғау бағдарламасы, экологиялық реттеу және экологиялық сараптама бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруын және әзірлеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; бекітілген жоспарға сәйкес табиғатты қорғау бағдарламасы аясында мемлекеттік сатып алулардың жүргізілуін және мемлекеттік сатып алулардың нормативтік-құқықтық актілері талаптарының сақталуын ұйымдастыру; келісім шарттар міндеттемелерінің орындалуын және ҚР әрекеттегі заңнамасына сәйкес табиғатты қорғау бағдарламасын іске асыру аясында бюджеттік қаражатты пайдалануды ұйымдастыру және жүзеге асыру; табиғатты қорғау бағдарламасын іске асыру аясында мемлекеттік сатып алулар туралы шарттармен анықталған атқарылған жұмыс көлемін өз құзіреті шегінде қабылдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; экологиялық сараптама бойынша табиғатты қорғау бағдарламасын іске асыру, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауды, заңнамамен қарастырылған қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беруді бақылау және қамтамасыз ету; «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңның талаптарын орындалуын қамтамасыз ету, басшылық жасайтын бөлініс қызметкерлеріне мемлекеттік тілді зерделеу үшін жағдай жасау; ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шегінде басқарманың негізгі көрсеткіштеріне (индикаторларына) қол жеткізу жөніндегі бағынысты бөліністердің жұмысын ұйымдастыру; басшылық жасайтын бөліністердің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының және регламенттерінің талаптарын сақтауды бақылау және қамтамасыз ету; өз құзіреті шегінде Мемлекет Басшысының, Президент Әкімшілігінің, ҚР Мемлекеттік Хатшысының тапсырма-ларын және актілерін бағыныстағы бөлімдерінің уақтылы және сапалы орындау-ларын үйлестіру, бақылау және қамтамасыз ету; өз құзіретінің мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі бағынысты бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары: «жаратылыстану ғылымдары» (экология), «техникалық ғылымдар және технология» (тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау), құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.*

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) келесі құзыреттіліктері болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысу, аналитикалық талдау, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi:  (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ – қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы: g.zhumagulova@akimvko.gov.kz электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)      осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)      тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыруды уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жариялаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19, 4 қабат, 409 кабинетіне ұсынылуы қажет.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс қатысушылары және үміткерлер 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган немесе оның аймақтық бөлімшелеріне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурстық комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауыңызға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости), даңғылы, 4.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Анықтама үшін телефон 8(7232) 25-03-01, электрондық пошта арқылы: g.zhumagulova@akimvko.gov.kz

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..