Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

Рұқсат беру жүйесін және административтік кедергілерді төмендету үшін ШҚО бойынша табиғи ресурстар және Табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен 2011 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан бойынша ұқсастығы жоқ, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттарды электронды түрде беру үшін «Әмбебаптық рұқсат жүйесі» атты бағдарламалық өнімі іске қосылды.

Қазіргі таңда «Әмбебаптық рұқсат жүйесі» бағдарламасының «Тоқсан сайын есепті электронды форматта қабылдау» бөлімі іске қосылды, бұл бөлімнің негізгі міндеті табиғат пайдаланушылардың тоқсан сайын және жыл сайын тапсыратын нақты эмиссиялар, табиғат қорғауға бағытталған шаралар жоспары және табиғат пайдаланудың негізгі шартын орындау бойынша есептерді электронды форматта қабылдауды жүзеге асырады.

2015 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша экологиялық реттеу бөлімімен қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін тапсырылған 1023 өтінім қарастырылды, 902 қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берілді, 29 өтінім табиғат пайдаланушылардың өздерімен кері қайтарылды, 92 өтінім материалы толықтыру үшін қайтарылды. 2015 жылғы 28 мен 31 желтоқсан аралығында экологиялық реттеу бөліміне рұқсат алу үшін 28 өтінім келіп түскен және қоршаған ортаға эмиссияларға  62 рұқсат берілді.

7 кәсіпорынның қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін тапсырылған өтінім материалдары қаралуда.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..