Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

2009 жылы Өскемен қаласындағы Новаторов және Питер Коммунарлары көшелеріндегі №6 және №8 үйлері арасындағы тұрғын аумақта анықталған радиоактивті ластану ошағын жою бойынша жұмыстар аяқталды (грунтты жинау және іріктеу бойынша жұмыстар орындалды, 70 м3 радиоактивті грунт пен қалдықтар арнаулы қоймаға тасымалданды, учаскесінде рекультивация жүргізілді).

2010 жылы Комендантка ағысының аумағында санитарлы-гигиеналық талаптарға сай радиометриялық зерттеулер өткізілді. Комендантка ағысының радиоактивті жағдайының картасы құрылды.

2011 жылы анықталған радиоактивті ластану ошағын (бірінші қалалық аурухананың аумағы) дезактивациялау және жою бойынша жұмыс орындалды: 28 м3 көлеміндегі радиоактивті қалдықтар арнаулы қоймаға көлікпен тасымалданып, санитарлық нормаға сай учаскенің рекультивациясы жүргізілді.

2012 жылы Новаторов көшесіндегі №8 үй маңындағы газон аумағында радиоактивті ластану ошағын дезактивациялау жүргізілді.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..