Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

в государственном органе - 98.8%
в ЦОНе - 0.1%
посредством электронного портала - 1.2%

Всего голосов:: 30377
Голосование по этому опросу закончилось в: Қазан 1, 2018

Іздеу

Электронды және электрлік жабдықтарды

экологиялық кәдеге жарату туралы

жадынама

Электронды және электрлік жабдықтар қалдықтарының құрамында қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар адам денсаулығына да кері әсер ететін кадмий, сүрме, қорғасын, сынап сияқты қауіпті заттар және олардың қосылыстары болады. адам ағзасына түскеннен соң, олар онда ұзақ қалады және ақырындап бауырда, бүйректе, сүйекте, қалқанша безде жинақталады және онкологиялық аурулардың туындауына себеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ, лазерлі принтерлерде тонерлер орнатылған, олардың химиялық құрамындағы: көміртек полимерлерінің қосылыстары, темір оксиді, органикалық қосылыстардағы қалайы және органикалық емес қоспалар, зерттеулерде көрсетілгендей бас ауруын, жөтелді, температураның көтерілуін, сырқаттануды тудырады.

Сонымен қатар, бармақты батареяның бір данасын «дұрыс емес» кәдеге жарату кезінде, 20 текше метр топырақ немесе 400 литрден астам ауыз су уланады.

Технодом, Алсер, Рамстор сауда желілерінің басшылығы эко-қораптарды орналастыру арқылы электрлік жабдықтарды жинау орындарын қамтамасыз етуде және оларды кейіннен мамандандырылған компаниялар арқылы қайта өңдейді.

Қалдықтар ретінде: тұрмыстық техника (теледидарлар, магнитофондар, электрлік ойыншықтар, үтіктер, энергияны үнемдеуші шамдар, батареялар, фендер, тоңазытқышты қосқандағы ас үй құралдары және т.б.), ұйымдастырушылық техника (компьютерлер мен жабдықтары, ұялы телефондар, планшеттер, көшіру аппараттары, сканерлер, тонерлер және т.б.), құрамында сынап бар қалдықтар (люминесцентті шамдар, энергия үнемдеуші шамдар, қызу өлшеуіштер және т.б.) қабылданады.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 301-бабына сәйкес полигондарда көму үшін келесі қалдықтарды қабылдауға тыйым салынады: сұйық қалдықтар; полигон шарттарында жарылғыш, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қауіптілігі жоғары немесе өрт қауіптілігі бар болып келетін қауіпті қалдықтар; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; литийлі, қорғасынды-қышқылды батареялар; электронды және электрлік жабдықтар.

Пайдаланушыларға жарамсыз болып қалған электронды және электрлік жабдықтарды сұрыпталмайтын қалалық қалдықтарды жинау орындарына, яғни қоқыс контейнерлеріне тастауға тыйым салынады.

Электрлік және электронды жабдықтардың құрамында зиянды заттардың болуына байланысты, олардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін ықтимал теріс әсерін азайту мақсатында, осы жабдықтарды өндіретін қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу үшін электронды және электрлік жабдықтардың қалдықтарын жинақтайтын қолжетімді бекеттерін қолдану қажет.

ҚР Энергетика министрлігі, қазақстандықтарды экологиялық тәрбиелеуді насихаттау мақсатында, тұрғындардың электронды және электрлік жабдықтарды дұрыс кәдеге жарататындығына және олардың саналылығына сенім білдіреді.

______________________________

 

 

 

 

 

Жазғы білім беру экологиялық лагерь – 2016: жаңа старт!

 

 

Біз («Матросово» ШҚ ЖО» ҚБ командасы) 2009 жылы 13 жастан 17 жасқа дейін 100 баланы қамтитын, 4-5 күнге созылатын, төрт жазғы білім беру экологиялық лагерлері туралы оймен Басқармаға келген едік.

 

 

Аталған бағдарлама әлі күнге дейін «ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-мен қолданады және біз алты жыл бойы «Жазғы демалыс кезеңінде балалар білім беру сауықтыру лагерлерінде экологиялық білім беру және оқыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыруды жалғастырудамыз, бұл үшін Жазғы білім беру экологиялық лагерь (ЖБЭЛ) нысаны таңдалып, балаларды тек қана демалысқа ғана емес, сондай-ақ рухани, зияткерлік, дене еңбегі және экологиялық жетілдіруге де бағытталған.

 

 

2016 жылғы жазғы кезеңде 2 экологиялық лагерь ұйымдастырылып, жалпы 100 баладан артық қамтылды, олар тек қана демалып қана қоймай, лагердің маңызды білім беру бағдарламасын алуға да мүмкіндіктері болды.

Аталған бағдарламаның бірегейлігі төмендегідей:

 

 

ЖБЭЛ шығармашылық құрамдас бағдарламасы. Лагерь аясында экологиялық білім беру мен оқытуда ерекше көзқарастар әдістері үнемі іздестіріледі.

Осы жылы біз шығармашылық тапсырмаларды орындау нысанын алдық. Балалар табиғатты фотоаппарат («Фотоквест») объективі арқылы көре алуды, өз ойларын айтуды және газет («ЭкоВестник») жанрларын талқылауды, өз ойларын экологиялық плакаттар («Сурет салайық – өмір сүрейік!») арқылы жеткізуді, экологиялық акцияларды («ЭкоАкция») әзірлеу және жүзеге асыру арқылы экологиялық мәселелерді шешуде көңіл аударуды,  әдеби шығармашылық («Етістікпен жағу....») арқылы жүректерді жандыруды және экологиялық ойындарды («ЭкоОйын») әзірлеу мен жүзеге асыру арқылы өз құрбыларымен жұмыстың жаңа нысанын пайдалануды үйренеді.

 

 

Лагерьдің ерекшелігі. Егер лагерьде сәйкес келетін жағдайлар құрылса, жеткіншектер «бетперделерін» шешеді. Егер жай өмірде олар талқылаудан, өз ойларын ашық айтудан, күлкілі болып көрінуден, қандай да бір шынайы ынтасын ашудан қорқатын болса, өздерін қоршаған ортаға қарамастан ойларын еркін жеткізе алуды үйренеді. Лагерьде ахуал түбегейлі өзгереді, себебі қоршаған орта өзгереді және жеткіншек өз нұсқаушы-тәлімгерлерінің қолдауын алады, олар баланың бітіспес қайшылығына және жабырқауына жол бермейді. Яғни, біз балалармен  лагерь жағдайында жұмыс істеген кезде жеткіншектердің экология туралы білім алулары және оны тәжірибеде қолдану ұмтылыстарын қолдаймыз, бұл туралы ашық айтып, өз өнегемізбен көрсетеміз.

 

 

Жұмыстың жаңа нысаны. Лагерь тамаша, себебі аталған жағдайда уақытша оқшауланған болып табылады, интерактивті ойын нысанында ақпаратты оң қабылдау үшін жағдай жасалған, бұл тәрбие жұмысының қызықты нысандарын және баланың санасына жасанды қысымның жоқтығын қамтамасыз етеді.

 

 

Тапсырыс беруші: «ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Орындаушы: «Матросово» Шығыс Қазақстан Жастар орталығы» қоғамдық бірлестігі.

 

 

Осы саяхаттың соңында балалар экологиялық мәселелерді шешуде өз ойларын ұсынды, ол 2016-жазғы білім беру экологиялық лагерь қатысушыларынан Меморандум нысанында «ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ мемлекеттік құрылым басшылығына ұсынылды. Балалар шешім қабылдайтын және оқиға барысына ықпал жасайтын ересек адамдарға үміттенеді және бұл ұсынысты жүзеге асыру мүмкіндігі, шын және мақсатты болмаса да сенім артады. АЛАЙДА! Он төрт жаста ешқандай мүмкін емес жағдайлар болмайтындығын еске түсірсін. Өйткені барлығы біреудің арманынан және кейде өте жай ойлардан басталады...

 

 

Байланыстар: 8 (7232) 26 57 11, 8 777 852 63 37 irish777@list.ru

 

 

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..