Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

в государственном органе - 98.8%
в ЦОНе - 0.1%
посредством электронного портала - 1.2%

Всего голосов:: 30377
Голосование по этому опросу закончилось в: Қазан 1, 2018

Іздеу

2017 жылға табиғат қорғау іс-шараларының іске асырылуы жөніндегі ақпарат

 

2017 жылы барлық деңгейдегі бюджеттерден табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыруға 4,7 млрд.теңгеден артық қаржы бөлінді, өткен жылмен салыстырғанда 1,4 миллиард теңгеге көп.

Оның ішінде:

- республикалық бюджет – 0,6 млрд.теңге;

- Ұлттық қор қаражаты – 0,3 млрд. теңге

- облыстық бюджет – 0,3 млрд. теңге;

- қалалар мен аудандар бюджеті – 0,8 млрд.теңге.

2017 жылы Басқармамен табиғат қорғау іс-шаралары кешенін орындауға 236 шарт жасасты, мынандай бөліктерде:

- атмосфералық ауаның сапасын мониторингілеу мақсатында Өндірістік экологиялық мониторингтің аймақтық автоматтандырылған ақпараттық жүйесін және Экологиялық қауіпсіздік орталығын функцияландыру қамтамасыз етілді;

- Өскемен қаласының атмосфералық ауасын бақылау мақсатында демалыс және мереке күндері және автомогистральдарда («Спорт сарайы» ауданының қиылысы, «Өзен вокзалы» және «Орталық базар» аудандары) сынамаларды қосымша іріктеу жүргізіледі;

- Өскемен қаласының аумағында анықталған радиоактивті ластану көздерін жою орындалды;

- құрамында сынап болатын қалдықтар жиналып (155 мың данадан аса ) және біртіндеп жойылды (268 мың данадан аса);

- Ұлан және Көкпекті ауданының пайдалы жерлерінде биотехникалық ісшараларды орындауға келісімшарттар жасалған;

- жыртқыш аңдар санының биологиялық тепе-теңдігін сақтау және реттеу мақсатында қасқырларды ату жүргізілді (375 қасқыр және 20 бөлтірік);

- облыс тұрғындарының арасында ағарту жұмыстарының іс-шаралар кешені жүзеге асырылды.

Жыл сайын қалалар мен аудандар бюджеттері есебінен елді мекендердегі рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, санитарлық тазарту және көгалдандыру іс-шаралары жүргізілуде.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..