Іздеу

Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімінің

жұмысы туралы есеп

 

Басқарма қарамағындағы Орман шаруашылығы мекемелері қолданыстағы орман заңнамаларын және «Жасыл даму» салалық бағдарламасын негізге ала отырып, табиғ байлықты сақтау және молықтыру жөніндегі мақсатты бағытталған жұмыстарды үнемі жүргізеді.

  • Басқарма басшысы ағаш дайындайтын ұзақ мерзімге орман пайдаланушыларды шақыра отырып бірнеше рет кеңестер өткізді, сондай-ақ, орман пайдалану мәселелері бойынша орман заңнамаларының талаптарын түсіндірумен және облыстық прокуратура алқасының хаттамалық тапсырмасымен барлық орман шаруашылығы мекемелеріне шығумен кеңестер өткізді.

2014 жылдың І жартыжылдығы бойынша Басқарманың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің және өсімдіктер және жануарлар дүниесін қорғау жөнінжегі жедел-қимыл отрядының қызметкерлері ормандарды, жануарлар дүниесін және балық шаруашылығын қорғау саласындағы табиғатқорғау заңнамаларының сақталуына 1484 рейд және 255 тексеру жүргізді.

367 бұзушылықтар анықталды (оның ішінде: орман заңнамасының бұзылуы – 136, аңшылық ережесінің бұзылуы – 41, балық аулау ережесінің бұзылуы – 190 жағдай). Тәртіп бұзушыларға 1806,96 мың теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды (757,13 мың.теңге сомасына айыппұл өндірілді). 1055,65 мың.теңге сомасына талап арыз қойылды (757,13 мың.теңге сомасына немесе 81,3% талап өндірілді). 164 браконьерлік қаруы алынды.

Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің алғашқы кезектегі маңызды міндеттерінің бірі – орман өсіру және оларды молықтыру жөніндегі жұмыстар. Ағымдағы жылы көктемде 513 гектар жерге орман отырғызылды, 3,1 гектар жерге негізгі орман өіретін тұқымдар себілді.

Орман өрттерінің алдын алу және жолын кесу бойынша үнемі , жоспарлы түрде жұмыстар жүргізіледі. Орман шаруашылығы мекемелерінде бұрынғы ӨШҚ базасында 13 мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет (МЕӨҚҚ) және өрт сөндіру мүліктері орналасқан 40 пункт жұмыс жасайды, оларға 22 өрт сөндіру машинасы, 22 трактор, 66 мотопомп және 2860 дана өрт сөндіру құралдары (күректер, қаққыштар, сулағыштар) бекітілген.

Орман өрттерін жедел және уақтылы анықтау және сөндіру мақсатында телефон және ұялы байланыс іске қосылған, оның ішінде 528 радиостанция, оның ішінде 68 стационарлы, 114 ұялы, 346 алып жүретін.

Өрт қауіпті кезеңнің басында орман өрттерінің алдын алу және онымен күресу мақсатында Басқарма Шығыс Қазақстан облысының орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясының өкілдерімен орман шаруашылығы мекемелерінің өкілдерінің, авиаорманқорғау өкілдерінің және ұзақ мерзімге орман пайдаланушылардың қатысуымен 2014 жылғы өрт қауіпті кезеңінің қортындысы бойынша және 2014 жылы ормандарды өрттен қорғау міндеттері бойынша кеңейтілген кеңес өткізді.

Осындай кеңестер барлық орман шаруашылығы мекемелерінде өткізілді. Орман күзетінің жұмыскерлерін ормандала өрттерін сөндіру, сондай-ақ оларды сөндіру кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау әдістері мен тактикаларына үйрету және нұсқаулықтар беру жаттығулары жүргізілді.

Орман шаруашылығы мекемелері орман өрттерін сөндіру жөніндегі жедел жоспар құрып, оларды қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен келісілді.

- орман өрттері орын алған жағдайларда әртүрлі типтегі радиостанциялармен  радиотелефон байланысы іске қосылған хабарландыру сызбасы жасалды;

- орман өрттері болған жағдайда және оны сөндіруде мемлекеттік орман қорының аумағында азық-түліктер, дәрі-дәрмектер, сондай-ақ жанар-жағар май материалдары: 51,3 тонна көлемінде бензин және 48,0 тонна көлемінде дизельді отын қоры құрылған.

- ұзақ мерзімді орман пайдаланушылар мен МОҚ-мен шекаралас жатқан кәсіпорындармен және ұйымдармен өрт сөндіруге көмек көрсету және қатысу көзделген орындарда орман өрттерін сөндіруде көмек көрсету жөнінде келісім-шарт жасалған, оның құрамында шамамен 2089 адам, сондай-ақ техникалардан 264 трактор және 221 әртүрлі автомашиналар бар.

Қазақстан Республикасының ТЖ министрлігі мен Ресей Федерациясының арасындағы келісім аясында Алтай өңіріндегі орман басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арасында «2012-2014 жылдары уақтылы орман өрттерінің алдын алу, оларды анықтау, сөндіру және өзара көмек көрсету туралы» келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы мен Павлодар облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары арасында ормандала өрттерінің алдын алу және болдырмау бойынша ақпараттық-тәжірибелік өзара көмек көрсету және ынтымақтастық туралы іс-шаралар жоспары жасалды.

Орман өрттерінің маңызды аумақтарда пайда болуының және таралуының алдын алу  жөніндегі профилактикалық және шектеу қою шаралары жүргізілді, атап айтқанда:

а) минералдандырылған белдеулерді күту – 190 шақырым;

б) өртке қарсы тақырыпта 189 аншлаг орнатылды;

в) парақшалар таратылды – 5654 дана;

г) ұйымдарда және оқу орындарында 1351 дәрістер, семинарлар мен әңгімелесулер өткізілді;

д) басқарманың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің лауазымды тұлғалары газеттер мен журналдарда 14 мақала жариялады.

2014 жылдың І жартыжылдығы бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қарамағындағы мемлекеттік орман иеленушілердің аумағында жалпы ауданы 33,9 га жерде 13 өрт шыққан, оның ішінде орманмен қапталған ауданы 6,16 га, жалпы шығын 640,49 мың.теңге (өрт сөндіру шығыстары).

Өрттердің негізгі себебі тұрақты ыстық ауа райы мен көктемдегі қатты желдер болып отыр.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..