Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

ШҚО мектеп оқушылары арасында «Табиғатымызды бірге қорғайық» -

«Защитим природу вместе» атты экологиялық суреттер, плакаттар және фотожұмыстарының конкурсын өткізу туралы ереже

 

 

Жалпы ереже

Мектеп оқушылары арасында «Табиғатымызды бірге қорғайық» - «Защитим природу вместе» атты экологиялық суреттер, плакаттар және фотожұмыстарының конкурсын үкіметтік емес өнеркәсіптік кәсіпорындар ұйымының және ШҚО БАҚ қолдауы арқылы ШҚО бойынша Экологиялық департаментімен, Өскемен қ. Білім беру бөлімімен бірлесе отырып ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ынтасы бойынша өткізіледі.   

 

Мақсаты:

Конкурстың мақсаты – ШҚО мектеп оқушыларына көркемдік құралдар арқылы экологиялық білім беру, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде белсенді өмірлік көзқарастарын қалыптастыру және табиғат әлеміне адамгершілікпен қарауға баулу.

 

Міндеттері:

1. Экологиялық мәселелерді шешуде оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамыту.

2. Өсіп келе жатқан ұрпақты жаңашыл экологиялық мәселелерді түсінуге араластыру және оларды жергілікті (аймақтық) деңгейде шешуге қатыстыру.

3. Үздік конкурстық жұмыстардың көрмесі аясында тұрғындарға экологиялық білім беру жөніндегі жұмыстар.

 

Конкурсқа қатысушылар:

Конкурсқа ШҚО жалпы білім беру, көркемдік мектептер, өнер мектептері мен қосымша білім беретін мекемелердің оқушылары қатыса алады.

 

Ұйымдастырылуы, тәртібі және өткізілетін мерзімі:

Конурсты ұйымдастырушы – «ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.

Конкурстық іріктеу екі кезеңде жүзеге асырылады:

1 кезең: өздерінің білім беру мекемелерінде өткізіледі (25 мамырға дейін). Қазылар алқасының құрамы жергілікті білім беру мекемелерінің мамандар құрамымен бекітіледі және олар үздік жұмыстарға іріктеу жүргізеді. Іріктелген жұмыстарды 2016 жылғы 30 мамырға дейін ұсыну қажет.

 

2 кезең: 2016 жылғы 30 мамырдан 01 маусымға дейін «ШҚО ТРжТПРБ» ММ-де өткізіледі. Көрмеге іріктелген жұмыстар ішінен қазылар алқасы облыстық конкурсқа жеңімпаздар мен лауреаттарды таңдайды. Нәтижелері облыстық конкурста жеңімпаздар мен лауреаттарды марапаттаған кезде көрме жабылғанда айтылады.

Конкурстық материалдарды мына мекенжай бойынша ұсыну қажет: «ҚСО» ЖШС, Потанин к. 12, 4-қабат, тел. 76-89-28, ұялы тел. 8-777-428-40-80.

 

Мазмұны

Конкурсқа экологиялық және табиғатты қорғау тақырыбы бар ұранмен графикалық немесе көркем әдемі жұмыстар ұсынылады. Жұмыстар ақпараттық, тыйым салу, ескерту немесе сілтеуіш сипатта болулары мүмкін.

Конкурстық жұмыстар төмендегі талаптарға сай болулары қажет:

• Көркемдік деңгейлі

• Өзекті мәселелер

• Плакатты пайдалану бағытының тәжірибесі

Конкурс екі жас топта өткізіледі: Кіші (7 – 12 жас) және үлкен (13 – 17 жас). Жұмыстар үш номинация бойынша құрылады:

«Удивительная природа Казахстана» - «Қазақстанның таңғажайып табиғаты». Тақырыптар: «Красная книга природы» - «Табиғаттың қызыл кітабы», «Земля в опасности: экологические угрозы» - «Жер қатері: экологиялық қауіп-қатер», «Заповедные тропы: Особо охраняемые природные территории ВКО» - «Қорықтық соқпақтар: ШҚО ерекше қорғалатын табиғи аумақтары» және т.б.

«Казахстан – мой край родной» - «Қазақстан – менің туған өлкем». Тақырыптар: «Земля без мусора» - «Қалдықсыз жер», «Чистые воздух и вода  - наше богатство» - «Таза ауа мен  су - біздің байлығымыз», «Как прекрасен этот мир!» - «Бұл әлем қандай керемет!», «Добрые соседи: человек и природа» - «Мейірімді көршілер: адам мен табиғат» және т.б.

«Братья наши меньшие» - «Біздің кіші бауырларымыз». Тақырыптар: «Поможем им вместе» - «Оларға бірге көмектесейік», «Защитим животный мир» - «Жануарлар әлемін қорғайық» және т.б.

 

Конкурстық жұмыстарды ресімдеу талаптары:

• плакаттар рамасыз ашық күйінде және басқа А3 мөлшерлі, 20х30см мөлшерлі фотожұмыстар суреттерімен ресімделген және А4 форматты нұсқаларымен  ұсынылады;

• Ресімделуі: паспарту (рама) – плакаттың шетінен 35 мм, сурет ішкі жағында болу керек, заттаңбасы паспарту деңгейінде оң жақ төменгі бұрышында орналасады, мөлшері 40мм х 80мм, компьютерлік теру әріптері Arial № 16, жұмыстың аты, орындаушының А.Ж., мектебі, сыныбы, ауданы, қаласы, ауылы, басшының А.Ж.Т. көрсетілуі қажет.

• жұмыс туралы ақпарат және оның авторы жеке А4 парағында ұсынылады:

1. Автордың А.Ж.Т., туған жылы

2. Жұмыс атауы

3. Жұмыстың орындалған жылы

4. Автордың толық пошталық мекенжайы мен телефоны

5. Жұмысты ұсынған мекеменің атауы

6. Мекеменің мекенжайы, телефоны, факсы, электронды мекенжайы

7. Авторды дайындаған басшының А.Ж.Т. және лауазымы.

• жұмысқа 1 парақтан аспайтын аннотация ұсынылады (мәселенің сипаты, оны шешу мүмкіндігі).

• Бір автор бір номинацияда кем дегенде 2 жұмыстан ұсынуына және барлық номинацияларға қатысуына болады.

 

Конкурсқа түскен жұмыстар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.

Жұмыстарды бағалау критериялары

Бағалауға мазмұны мен ресімделуі Конкурстың талаптарына сәйкес келетін жұмыстар енгізіледі.

Конкурстың әрбір номинациясындағы жұмыстар бес баллды жүйе бойынша әрбір комиссия мүшелерімен екі жастық санаттары бойынша бағаланады: орындау деңгейі 5 баллға дейін, өзектілігі 5 баллға дейін, тәжірибелік бағыты 5 баллға дейін, түпнұсқалығы 5 баллға дейін.

 

Конкурстың қорытындысын өткізу және марапаттау

Құзіретті әділқазылар алқасы көрмеге ұсынылған экологиялық жұмыстардың үздік жұмыстарының жеңімпаздарын және лауреаттарын анықтайды. Конкурстың жеңімпаздары (1 орын) және лауреаттары (2 және 3 орындар) әрбір үш номинациядан недәуір жоғары баллдары бойынша екі жас топтары анықталады. Жеңімпаздарды марапаттау 2016 жылдың 03 маусымында «Қоршаған ортаның Бүкіләлемдік күні» бағдарламасындағы көрмеден кейін жүзеге асырылады.

 

 

Жобаның үйлестірушісі

«ЛИНИК» ЖК директоры                                                            Л. Глушкова

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..