Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

Шығыс Қазақстан облысының су ресурстары.

 

Жер үсті сулары

Облыстың су қорын өзендер, көлдер, батпақтар, тоғандар мен су қоймалары, жер асты сулары және мұздақтар құрайды.

 

Өзендер. Гидрографикалық жағынан облыс аумағы Ертіс бассейніне және ішінара Балқаш-Алакөл ойпаңының ішкі ағынсыз көлдерінің бассейніне жатады. Өзендердің сулылығы жылына шамамен 36 млрд. текше метрді құрайды, соның ішінде Ертіс бассейнінің өзендері жылына 33,9 млрд. текше метр.

 

Шығыс Қазақстанда Ертістің бассейнінде жалпы қашықтығы 53,2 мың шақырым 13200 ағын есептелді. Шамамен 80%-ды ұзындығы 25-10 шақырым және одан аз ағындар құрайды. Ұзындығы 25 шақырымнан астам 185 өзен есептелді, соның ішінде 15 өзеннің ұзындығы 100 шақырым.

 

Облыс аумағында Балқаш-Алакөл бассейнінде жалпы қашықтығы 6,1 мың шақырым 198 өзен есептелді. Олар Тарбағатай жотасының оңтүстік еңістерінен ағады, суының молдығымен ерекшеленбейді, негізінен ауыл шаруашылығында пайдаланылады. Олардың ішіндегі ірілері: Үржар өзені, Қатынсу өзені, Қаракөл өзені. Тарбағатай жотасынан батысқа қарай тармағы Бақанас өзені болатын Аягөз өзенінің бассейні орналасқан.

 

Гидрографиялық желіде орталық орынды Ертіс өзені алып жатыр. Көлемі 8 млрд. текше метр Ертіс ағынының бөлігі іргелес Қытайдың аумағынан ағып келеді. Ертіс Монғол Алтайының еңісінен басталады және орташа көп жылдық шығыны шамамен 300 текше метр/секунд кеме жүретін өзенмен Қазақстанның шекарасын кесіп өтеді. Өзеннің ұзындығы 4280 шақырым, соның ішінде Қазақстан аумағында – 1698 шақырым, облыс шегінде – 1100 шақырым. Өзен ағыны Ертіс су қоймасының каскадымен реттеледі.

 

Республикадағы өзен желілерінің жиілігі Шығыс Қазақстанда жоғары.

 

Ертістің оң жағалауындағы салаларының: Бұқтырма, Уба (Оба), Үлбі өзендерінің суы аса мол болып келеді. Оңтүстік Алтай өзендерінің суы аз. Олардың ішіндегі ірілері – Қаба, Алқабек, Қалжыр, Күршім, Нарын. Суы шамалы мол Ертістің сол жағалауындағы салалар –Кендерлік, Үйдене, Қанды-Су, Үлкен Бөкен, Шар, Көкпекті.

 

Ертістің ең ірі саласы Бұқтырма өзені болып табылады. Оның ұзындығы – 405 шақырым, көп жылдық орташа шығыны – 243 текше метр секундына.

 

Ертістің сулылығы жоғары екінші саласы – Уба өзені, ұзындығы 286 шақырым және орташа көп жылдық шығыны – 170 метр текше/секунд.

 

Сондай-ақ ірі өзендерге ұзындығы 218 шақырым, көп жылдық орташа шығыны –  62 текше метр секундына болатын Күршім өзені де жатады.

 

Облыстың қалған өзендері жіктелуі бойынша шағын өзендерге жатады. Солардың ішіндегі маңыздысы – ұзындығы 98 шақырым, көп жылдық орташа шығыны – 98 текше метр секундына болатын Үлбі өзені.

 

Шекаралық өзендер. Шығыс Қазақстан облысының шегінде Қытай Халық Республикасының шекарасының бойымен 5 өзен мен бұлақ ағады, 11 ағын шекараны кесіп өтеді, соның ішінде Ертіс өзені.

 

Көлдер. Шығыс Қазақстанда айдыны 896 шаршы шақырым (Алакөл көлі мен Сасықкөл көлін қоспағанда) мөлшері 0,1 гектар және одан жоғары 1967 көл есепке алынған. Жалпы алғанда аумақтың көлділігі үлкен емес – республика бойынша 1,65 % салыстырғанда 0,32 %. Облыс аумағындағы Алакөл ойпаңының өзендерінің аумағы шамамен 1300 шаршы шақырым.

 

Өңірдегі аумағы 1 шаршы шақырымнан аз көлдер барлық санның 95,4 % құрайды, ал олардың жалпы аумағы – 18,4 %. Ауданы 1 шаршы шақырымнан жоғары көлдер зерттелген және шаруашылық мүддеге ие. Жер үсті суы 731 шаршы шақырым бар  осындай өзен – 91.

 

Көлдердің барлық санынан жалпы ауданы 512,1 шаршы шақырым және су көлемі 6797 млн. текше метр болатын көлдер Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ерекше ғылыми құнды су тоғандарының тізбесіне енгізілді.

 

Шығыс Қазақстанның барлық көлдерінің ішінен ерекше орынды Марқакөл көлі алады. Ол қорық аумағының орталығында, Оңтүстік Алтайдың ішкі таулы ойпаңының шегінде, 1450 метр биіктікте орналасқан. Айдынының ауданы 455 шаршы шақырым және тереңдігі 24 метр, көлде 6,4 млрд. текше метр ультратұщы су бар.

 

Ертіс бассейні көлдерінің бөлігі кәсіптік және әуесқойлық балық аулау, тұрғындардың демалуы, малды суару үшін пайдаланылады. Рахман көлі емдік мақсаттарда пайдаланылады.

 

Су қоймалар мен тоғандар. Облыста Қазақстанның барлық су қоймаларынан 56 % құрайтын 53 текше шақырым жалпы жобалық қуатымен 75 су қойма мен тоған есептелген. Осы жасанды су тоғандарының айдынының ауданы 5,8 мың шаршы шақырым. Сегіз су қойманың сыйымдылығы 10 млн. текше метрден астам. Солардың ішінде Ертіс каскадының сыйымдылығы 52,7 текше шақырым үш ірі су қоймасы (Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі) кешенді тағайындалған.

 

Жалпы сыйымдылығы 96,5 млн. текше метр бес шағын су қоймасы (Үйдене, Қанды-Су, Кіші Уба, Шар және Енгісу өзендерінде) өнеркәсіп, энергетика және су шаруашылығы кәсіпорындарына жатады. Қалған 67-сі ирригацияға, балық шаруашылығы мен рекреацияға тағайындалған, олардың ішінде – 49 иесіз.

Өзендердің ағынын уақытша-кеңістіктікте қайта бөлуді жүзеге асыра отырып, су қоймалары су жинау, бассейннің су ресурстарын реттеу және басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жыл ішінде және аралас жылдардың арасында өзен ағынының тербелісін теңестіре отырып, су балансының элементтерін жаңарта отырып, су қоймалары өзен арналарының, жоғарғы бьефтің, сағалардың, тармақтардың жайылма алқап учаскелерінің тұрмыстық және табиғи жағдайына маңызды әсер етеді, судың экологиялық жүйесіне ықпал етеді.

 

Бұқтырма, сондай-ақ төмен орналасқан Өскемен және Шүлбі су қоймалары Ертісте кешенді тағайындалған бірыңғай каскадты құрады. Осы каскадтың жұмыс істеу режимі тұрғындардың, өнеркәсіптің, энергетиканың, су көлігінің, балық және ауыл шаруашылығының мүддесін қамтамасыз етуге белгіленген. Өзеннің санитарлық функцияларын қалпына келтіру мақсатында жыл сайын көктемгі табиғат қорғау су босатуы жүзеге асырылып тұрады.

 

Бұқтырма су қоймасы арналық және көл (Зайсан көлі) бөліктерінен тұрады. Су қойманың ауданы қалыпты деңгейін белгілеуі кезінде 5490 шаршы шақырымды құрайды, соның ішінде Зайсан көлі – 3750 шаршы шақырым, жобалық көлемі 49,6 текше шақырым. Бұл су қойма каскадтың негізгі реттеушісі бола отырып, көп жылдық және шектеусіз тәуліктік реттеуді орындайды, ол өзен бассейнінің 70 % ағынын басқарады. Гидротораптың орналасқан жері – Серебрянка қаласы, ол 1968 жылы өнеркәсіптік пайдалануға қосылған.

 

Өскемен су қоймасы бөгетінің тұстамасы Аблакетка өзенінің сол тармағының Ертіс өзеніне құламасынан ағыс бойынша 1 шақырым жоғарыда орналасқан. Су қойма арналық, ағынды реттеу апталық-тәуліктік, тағайындалуы – кешенді. Су қойманың ауданы қалыпты деңгейі кезінде 37,9 шаршы шақырым, жобалық көлемі 0,65 текше шақырым. Гидроторап Ленгидеп жобасы бойынша салынған және 1961 жылы пайдалануға қосылған.

 

Шүлбі су қоймасы бөгетінің тұстамасы Баженово ауылынан 3 шақырым жоғары орналасқан. Су қойма арналық, Бұқтырма және Шүлбі ГЭС-дің арасындағы учаскеде бүйірлік тармақты маусымдық реттеуді жүргізеді. Су қойманың тағайындалуы кешенді. Су қойманың ауданы қалыпты деңгейі кезінде 255 шаршы шақырым, жобалық көлемі 2,39 текше шақырым. ГЭС-тің гидроторабы 1996 жылдан бастап толық қуатта жұмыс істейді.

 

Су қоймалардың су ресурстарының пайдаланылу көлемін регламенттейтін негізгі құжат 2002 жылы әзірленіп, бекітілген «Жоғары – Ертіс су қоймасы каскадының су ресурстарын пайдалану ережесі» болып табылады.

 

Батпақтар. Облыс аумағында батпақтар кең таралмаған, олар таулы өзендер мен батпақ учаскелері сортаң жерлермен кезектесетін Зайсан шұңқырының тау алдындағы айналасында жазық су айырығында орналасқан. Олардың жалпы ауданы 50 мың гектардан аспайды. Жалпы алғанда батпақтар облыстың өзен ағынының режимінде маңызды рөл атқармайды, Қанды-Су өзенінің өзендік ағынына әсер ететін Шілікті жазығындағы батпақтан басқасы.

 

Мұздақтар. Шығыс Қазақстандағы мұздақталудың жалпы ауданы шамамен 106 шаршы шақырымды құрайды. Мұнда мұз түрінде жаңара отырып табиғи айналымға қатысатын 4 текше шақырым тұщы су жинақталған. Өңір мұздақтарының негізгі саны Қазақстандық Алтайда, ең үлкен бөлігі – Саура тауларында. Аса ірі мұздақтар Үлкен Берел, Кіші Берел, сондай-ақ Үлкен Бұқтырма болып табылады.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..