Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

Климат и гидрография Восточного Казахстана

Облыс климаты күрт континенталды, бір қалыпты ылғалдылығы жеткіліксіз, үлкен әр түрлілігімен ерекшеленеді және өзіне төрт климаттық аумақ енгізеді: далалы, шөлді, шөлейтті, тау бөктері және таулы аудандар.

 

Жазықтық және таулы аймақтардағы климаттық жағдайы бір бірінен температура тәртібі бойынша да, және жауын-шашынның мөлшерімен де өзгешеленеді. Облыстың шөлді және шөлейтті аудандарындағы кенет континенталдық таулы және тау бөктері аудандарында едәуір бәсеңдейді. Ендік аймақтық заңымен сәйкес радиациалық теңдіктің көрсеткіштігі 46,1-ден 50,6-ға дейін ккал/кв.см жылына солтүстіктен оңтүстікке артуы байқалады, сонымен қатар таудың биіктегенімен радиациада өседі.

 

Облыс аймағындағы ауа райының түрі жыл маусымы бойынша келесі айналым жағдайымен ерекшеленеді: қыста батыс перифериясының ықпалымен Монғолдық қысым жоғарылық ауа райының антициклондық түрі орнатылады (тұрақты, ашық, аязды және бұлтсыз). Солтүстік-Атлантикалық (Азорлық) жоғарылық ықпалы ауа райының циклондық түрінің қалыптасуына қысқы және жазғы кезеңдерде де себеп етеді (тұрақсыз, жылы, бұлтты, жауын-шашынды). Сонымен қатар атмосфераның айналымы жазда Солтүстік Мұзды мұхиттың қысымның көтерілу аумағы әсер етеді, ол жаздық антицикландардың дамуына жағдай жасайды (температураның төмендеуі, ауаның құрғақтығы, соңғы үсіктер). Жаздық айналымы оңтүстіктен тропикалық ауа массасының кіруімен және жергілікті таулы-аңғарлы желмен (таулы жерлерде) қиындатылады.

 

Ең суық айдың (қаңтар) орташа айлық ауа температурасы -17 -18ºС, ал кейбір жерлерде -13С, -27ºС болады. Ең жылы қыс айларында орташа айлық температура облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде -10С төмен түспейді. Ең жылы ай (шілде) температурасы +16..+23ºС. Жылдық температураның өзгеруі 33-41ºС тең. Кейбір қыстардағы ең төменгі температура -43, -55ºС, ал жаздағы ең жоғарғы +35..+43ºС жетеді. Жазда таудағы орта температураның таралуы биіктігіне байланысты.

 

Таулы және тау бөктері аудандарында аязсыз кезеңдер үш айдан кем созылады, басқа аймақтарында бес айға дейін болады. Жылы кезеңдегі жауын-шашындар бірқалыпты болып бөлінеді. Зайсан көлі ауданында 100мм аз, ал таулы және тау бөктері аудандарында - 300 мм және одан да көп жауын-шашын жауады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 165-тен 200 мм (шөл және шөлейт аймақтарда) 800-1500 мм (Орловка, Кіші Үлбі, Тарбағатайдың таулы жерлері) сәйкес өзгереді. Жылы кезеңдегі жауын-шашындар (сәуір-қазан) суық кезеңдердегі жауын-шашындардан (қараша -наурыз) басым болып келеді. Бұл облысқа тән континенталды белгісі. Облыстың барлық аймағында ең көп жауын-шашын жаз айларына келеді, көбірек екінші жартысына. Бірақ, бұған қарамастан, жаз бойы бұлыңғыр күндер саны ашық күндерге қарағанда үш-төрт есе аз болады (бұлыңғыр күндердің орташа саны жылы кезеңдерде айына 6-11 күннен аспайды).

 

Қыс суық және ұзақ (5-6 ай). Облыс бойынша қар жамылғысы біркелкі болып түспейді; таулы және тау бөктері аудандарында оның биіктігі орташа 60-80 см және одан биікке жетеді, ал далалы және шөлейтті жерлерде 15-25 см, кейбір жерлерде 15 см де жетпейді. Қар жамылғысының біркелкі болып түспеуі топырақтың біркелкі емес тереңдікте қатуына әсер етеді.

 

Қысқы кезеңде облыс аумағының көп бөлігінде оңтүстік-шығыс және оңтүстік бағыттағы, жылы кезеңдерде - шығыс және солтүстік-шығыс бағыттағы жел басым болады. Желдің орта жылдамдығы 2,5-3,5 м/с тең.

 

Бірақ облыстың жекелеген аудандарында күшті жел (15 м/с және одан да көп) ерекше болып табылмайды, және осындай желдің бір жылдағы күндерінің орташа саны 18-20 жетеді. Желдің анағұрлым көп соғуы Жалғыз Төбе, Қарауыл, Жарма стансалары аудандарында байқалады. Көпжылдық орташа күзгі-қысқы кезеңдерде (қазан-наурыз) бұл жерде 70-тен 105-ке дейін күшті желді (күштілігі 15 м/с және одан да көп) күндер байқалады.

 

Облыс Солтүстік Мұзды мұхит, Карск теңізі бассейніне және ішкі ағынсыз Балқаш көлінің аумағына жатады. Су айырық Тарбағатай және Шыңғыстау жоталары бойынша өтеді. Карск теңізінің бассейнінің ең басты өзені - Ертіс (Қазақстан шегінде 1700 км). Негізгі салалары - Бұқтарма, Үлбі, Ұба, Шар, Қызылсу, Күршім. Қазақтың ұсақ шоқысының өзендерінің суы аз, олардың көбі - құрғап бара жатқандар (Алтынсу, Шаған, Бұғаз, Бақанас, Қаракөл, Аягөз). Облыста 1968 көл орналасқан. Аумақтың көлдік жері 0,37 % құрайды. Аумақ бойынша көлдер бірыңғай орналаспаған, негізінен Ертіс өзенінің бассейінінде және оның салаларында, биік таулы - Берел сеңгір мұз төңірегінде. Үлкен сутоғандар өзен аңғарлары және тауаралық ойпаттармен (Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл) ұштасады. Облыстағы ірі көлдер - Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл.

 

Облыс шегінде Оңтүстік-Батыс Алтайда 350-ден астам мұздықтар бар,олардың жалпы жер көлемі 99,1 кв.км. олар биік таулы жерде орналасқан. Ең ірі мұздықтар - Үлкен және Кіші Бұқтырма. Бұқтырма бастауында 9 мұздық бар.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..