Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

Географическое строение Восточного Казахстана

Облыс аумағының геологиялық дамуы күрделі және ұзақ болды, сондықтан ол тектоникалық күрделігімен және құрылым элементтерінің жастық алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

 

Облыс бірнеше құрылыстық құрылымдардың шегінде орналасқан:

 

Орталық Қазақстан қыртысты кешені (Қазақтың ұсақ шоқылары), Зайсан қыртысты жүйесі (Кенді, Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы), Шыңғыс-Тарбағатай мегоантиклинориясы (Шыңғыс, Тарбағатай жоталары) және Батыс-Сібір платформалы құрылымы (Құлынды жазығы). Құрылымдық кешендер вулканогенді-шөгпелі породалардың (құмтас, алевлорит, әк тас, гравелит, лава, андезиттік профирит туфтары, қышқыл эффузивтер, кейде- көмір сланц, кремний құмтасы) басымдылығымен төменгі және жоғарғы палеозойда шөгпелі, магматикалық, метаморфтық құралулардан жиналып пайда болған.

 

Каледон-герцен қыртысты негізінің үстінде кей жерлерде тектоникалық түсу және теңіздік (Батыс сібір) және құрлықтық көлді-аллювиальді генезис (Зайсан, Шілікті, Алакөл, Кендерлік, Лениногор ойпаттары) шөгпежиналуларының нәтижесінде пайда болған жастау құрылымдық кешендер болып келеді.

 

Шығыс Қазақстан облысы аумағы туынды тау құралулары, аккумулятивті жазықтар, денудационды биіктікті жазықтар облысына жатады. Негізгі орографиялық бірліктер болып Кенді және оңтүстік Алтай, Саур-Тарбағатай, Қалба таулы құрылыстары, Қазақтың ұсақ шоқысы, Ертіс маңы жазығы, Зайсан және Алакөл тауаралық ойпаттары келеді.

 

Кенді Алтай жоталар жүйесі Ертістің оң жақ жағалауында орналасқан Ұба және Нарын өзендерінің құйылысының арасында көрсетілген. Оның шығыс және орталық бөлігін: Листвяга (2577 м), Холзун (2599 м), Көксу (2598м), Тигирецкий (2007 м), Ивановский (2776 м), Ұба(1962 м), Үлбі (1894 м) жоталары құрайды. Жеке қыраттар мен жоталар арасында - Зайсан, Бородин, Лениногор және басқа тауаралық ойпаттар оңашаланады.

 

Оңтүстік Алтай Кенді Алтайдан Нарым-Бұқтарма тауаралық ойпатымен бөлінеді. Ол абсалютті биіктігі 500-600 м батыстан 2800-3600 м шығыс және оңтүстік-шығысына дейінгі жота жүйелерінен тұрады. Тегістік үстінен төменде Марқакөл, Жоғарғықарақабы, Бобров және басқа құламалы және кенет жіктелген ойпаттары орналасқан.

 

Сауыр және Манрақ жоталары Зайсан ойпатының оңтүстігінде орналасқан, олар анық сызылған 3500-3900 м дейінгі (Мұзтау, 3816м) тау көтеріңкілерін құрайды, тауаралық Зайсан және Шелікті ойпаттарымен шектелген.

 

Манрақ жотасы шығыс бөлігінде 2053 м (Шорбас т.) ең жоғарғы биіктікке ие, ол жерде ол Сауырмен буындасады. Шығысқа қарай Тарбағатай жотасы (Тастау т., 2991м) орналасқан.

 

Қалба таулы қыраты Ертіс өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан және оның үлкен иреңінен Нарым өзенінің сағасының ауданынан батыстан Шар өзенінің аңғарына дейін созылып жатыр. Ең жоғарғы биіктігі орталық бөлігінде 400-600 м дейін өзгереді.

 

Қазақтың ұсақ шоқысы - таулы аудандардан жазықтыққа көшетін түрі, ол көтеріңкі тізбектердің, шоқылардың, төбелердің ұлан-байтақ жазықтықпен алмасуын және аласа таулы сілемдерін құрайды. Шығыс Қазақстанның шектерінде жекеленген аласа таулы сілемдер ерекшеленеді: орталығында Қаншыңғыс (1076 м), Шыңғыстау (1077 м), Ақшатау (1305 м) жоталары, шығысында Сағымжол (1215 м) тауы, оңтүстік-батысында Котанемел (1089 м), Қараүңгір (865 м) таулары, солтүстік-шығысында Мыржық (970 м) тауы. Шығысында Қазақтың ұсақ шоқысы Алтай, Тарбағатай, Сауыр тау жүйелерімен бірігеді.

 

Ертіс жанындағы жазық - біркелкі, жазық, аз толқынды, аз сусіңгіш жазықтық, оның орталық бөлігінде Ертіс аңғары орналасқан. Зайсан ойпаты күштілігі 2000 м дейінгі көлді-аллювиалды мезозой-кайнозойлы шөгінділерден орындалған, байтақ тауаралық бұрылманы құрайды. Төменгі бөлігін ең жоғарғы биіктігі 400 м дейінгі Бұқтарма су қоймасы (Зайсан көлі) акватриясы алып жатыр.

 

Ежелгі дельталық аккумуляция сипатты аймақтарда және гранит интрузиясының бұзылуынан Қиын-Керіш, Қызыл-Құм, Айғыр-Құм құмды массивтері пайда болды.

 

Алакөл тауаралық ойпаты, Тарбағатай және Жоңғар Алатауы тау сілемдерін бөліп жатқан байтақ, ежелгі Алакөл тұнбасының құрылыунан, өзендердің күшті ысырынды конусымен қоршалған, Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл (Ұялы) және Жалаңаш көл топтарына құятын ойпатында орналасқан. Көлдердің төңірегінде кең көлдік аккумулятивті терраса тауларға жақындаған сайын 90 м дейін биіктікке көтерілетіндігі байқалады.

 

Металлогеникалық байланыста облыс үш кендік белдеу шектігінде орналасқан: Алтайлық - 5 аумақ, Жарма-Сауырлық - 3 аумақ және Шыңғыс-Тарбағатай - 2 аумақ құрайды. Облыс аумағында барлығы 130-ға жуық пайдалы қазбалар кен орындары өркендеген және пайдаланады: кен шикізаты (полиметалды, сирек металды кен), жанармай-энергетикалық шикізат (тас көмір, мұнай, қоңыр көмір, жанатын тақта тастар), құрылыс материалдары, асыл және жасанды тастар.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..