Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

 

Физико-географическое положение

Физикалық-географиялық орны

 

Шығыс Қазақстан Алтайдың оңтүстік-батыс бөлігін, Зайсан қазан шұңқырын, Қалба таулы қыратын, Cауыр-Тарбағатай жоталарын, Ертіс маңы жазығын және Қазақтың ұсақ шоқысының шығыс бөлігін басып жатыр.

 

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының ауданы 283,3 мың шаршы км. құрайды.Облыс солтүстіктен оңтүстікке 800 км (51°38' -45°32' се) және батыстан шығысқа 600 км (7б°4б' - 81°21`шұ) созылып жатыр. Бұл аймақта Болгария, Греция және Албания атты үш Еуропалық мемлекет сыйып кетеді.

 

Шығыс Қазақстан солтүстігінде Ресеймен шекараласады, шығыста Қытай Халық Республикасы біздің көрші болып келеді, оңтүстікте-Алматы, батыста-Павлодар және Қарағанды облыстарымен шектеседі. Өскемен қаласы облыс орталығы болып табылады. Облыс бесінші сағаттық белдеуде орналасқан (Мәскеу-екіншіде).

 

Шығыс Қазақстан облысының географиялық ерекшелігі (бірегейлігі) ол ең үлкен Еуразия континентінің тереңі, оның орталық бөлігінде, Батыс Сібір, Орта Азия және Қазақстан - ұлы жазықтарының шекарасында орналасқан.Табиғи жағдайы және ресурстарының алуан түрлілігі оның шаруашылық дамуына қолайлы. Шығыс Қазақстан Ертіс және Обь ұлы су жолдарының қиылысында жатыр, республикамыздың көрші облыстарының маңызды темір жол және автомобильді магистральдарымен, шаруашылық және мәдениетке қатысты дамыған мемлекеттермен байланысты.

 

Шығыс Қазақстан жерінің табиғаты алуан түрлі және көп жағынан бірегейлі. Контрасттылық - басты ерекшелігінің бірі. Бедер амплитудасы теңіз деңгейінен 145 м.- 4500 м. (Мұзтау 4506м.) аралығына дейін түрленеді.

 

Шығыс Қазақстан аймағында өсімдіктердің, топырақтың, климаттың вертикалды белдеу заңдылығы айқын көрінеді.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..