Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

Өсімдіктер әлемі

Республика алаңының 4% ғана құрайтын, Қазақстандағы орман қорының шекті мөлшеріне қарамастан Шығыс Қазақстан облысы орман және аңшылық ресурстарының қоры бойынша ерекше орын алады. Мұнда республикадағы орманның 70% орналасқан.Табиғатты қорғау шараларының жеткіліксіз қаржыландырылуы өсімдіктер мен жануарлар әлемін керекті деңгейде қорғауға кедергі келтіреді.
Облыстағы орманның ауданы өрттің әсерінен, аяусыз шексіз мөлшерде өз бетімен ағаш кесу және Ертіс маңайының бірегей ормандарының көп ауданының зиянкестермен бүліну нәтижесінде азайып барады. Кенді Алтайдағы қылқанжапырақты ормандарындағы бақылаусыз өндірістік кесу өз бетімен кесу кезіндегідей өсімдік әлеміне көптеген шығын әкеледі.

 

 

Ірі ағаш дайындау өнеркәсіптерінің жабылуымен шығынға ұшырау кезінде, ағаш таситын жолдардың құрылысымен айналыспайтын және елді-мекендерге жақын орналасқан көбіне жетілген көшеттерді таңдайтын, ағаш дайындау ұсақ шаруашылықтардың үлесіне тиді.

Ормандағы өрт орманның биологиялық әр алуандылығына қауіп төндіреді, оның нәтижесінде орман көшеттері мен жануарлар әлемі өледі, аумақтың экологиялық жағдайы нашарлайды, жер асты сулардың деңгейі төмендейді, шөлденудің қайтымсыз процесі жүреді. 2000 жылдан бастап 2015 жыл бойынша соңғы он бес жылда облыстың орман қоры аумағының 5052 мың гектарынан аспалы кезінде жойылды. Қазіргі кездегі орман отырғызу көлемінде, өрттен зардап шеккен орман жерлерін қайта қалпына келтіру үшін жүз жылдан артық уақыт керек.

 

 

 

 

Жануарлар әлемі

Экономикалық реформалардың басталуымен және Қазақстанға шекараның ашылуымен шет ел туристерінің, олжаға қызығушылардың, ағылып келуі байқалды. Олжалық іс жануар әлемін тиімді қолдану және оның қорғау органынан пайдаланушыға айналған аңшылардың қоғамдық бірлестіктерін де қызықтырды. Элиталы жануарларды олжалау құштарлығы күшті, көбінесе орта жастағы, ең бағалы өндірушілердің элиминациялануына әкеледі. Аңшылық шаруашылықта жақсы генофонд құрып барады, өсудің құрылымы тұрақсыздануда, ол аңдардың санының азаюына әкеледі.

Маралдың көбеюі жойылу қаупінде тұр, олардың саны тек қана олжалық жолмен ғана емес, сонымен қатар брокеньерлік аңшылықтың әсерінен төмендеп барады, өйткені оның мүйізі ҚХР өте үлкен сұранысқа ие болып отыр. Жануарлардың негізгі түрлерін тіркеу мәліметтері бойынша мекен етуге қолайлы жердегі көптеген аңдар мен құстардың саны мүмкін мөлшерінен төмен болып отыр.

 

Шығыс Қазақстан облысындағы жабайы жануарлардың және құстардың санының динамикасы

(ШҚО аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасының мәліметтері)

 

 

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жабайы жануарларды

(ШҚО аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасының мәліметтері)

Балық шаруашылығы

(Ғылыми-өндірістік балық шаруашылығы Орталығының Алтай филиалының мәліметтері)

Балықтың бағалы сирек түрі.

Жоғарғы Ертіс бассейні континентальды суайдындарын бар зоогеографиялық бөлу бойынша батыс сібір учаскесінің сібір округі мұзды-теңізді провинциясына жатады. Қазіргі кезде ихтиофауналық кешен 22 тұқым және 18 тұқымдасқа жататын балықтың 26 түрімен берілген. Оның ішінде бағалы сирек түріне, генофондын жойылып кету қауіпінен сақтауды қажет ететін стрелядь, сібір бекіре балығы, кәдімгі таймень мен ақбалық-нельма жатады. Бассейн шегінде осы балықтардың түрінің таралу кеңістігі суретте көрсетілген.

Стерлядь, бекіре балық және нельманың ертістегі популяциясы қазіргі уақытта тек Ертіс өзеніндегі СЭС-ның каскадынан төмен жерінде мекен етеді.1940 жылға дейін сібір бекіре балығы өндірістік статистикада Зайсан өзеніндегі кәсіпшілік нысан ретінде танылған.1930 жылдары орташа есеппен жылына 0,7 тонна бекіре ауланған.1940 ж-дан кейінгі мәліметтер өндірістік статистикада жазылмаған, ал 80 ж. бекіре балығы Бұқтырма суқоймасының ихтиофаунасынан мүлдем жоғалып кетті. Қазір Ертіс өзенінде мүлде сирек кездеседі, брокеньерлермен толық жетілмегендері ауланады. Ал Сібір стерляды керісінше жоғарғы Ертісте кәдімгі түр ретінде кездеседі, бірақ кәсіптікке тыйым салынады. 2001 ж. өзен арнасында бақылау аулау кезінде стрелядь барлық түсімнің 3-тен 6%-ға дейінін құрады. Ақбалық-нельма өзенде Шүлбі СЭС плотинасынан төмен жерде ғана өте сирек кездеседі.

Жоғарғы Ертіс экожүйесіне антропогенді әсер, бір қатар жасанды су тоғандарын құру, балықтардың миграциялық жолдарын платинамен бөгеу, судың өндірістік ағындырмен ластану, ихтиофаунаның құрамын қайта құру және т.б. бағалы сирек балықтар түрлері суқоймалар ихтиоценоздарынан және Ертіс өзенінен гидротораптар арасынан ығыстырылды. Ақ балық «бұқтырма-зайсан» популяциясы (дұрысы – «зайсан-қараертістік») 1956 жылдан бері өндірістік сатистикадан тіркелмеген (30-ыншы жылдардағы аулаудың орташа көлемі – 26 тонна, 40-ыншы жылдарда – 4 тонна). 80-інші жылдардың аяғында ақ балықты бірлі-жарым Зайсанда Қара Ертіс сағасында аулаған, кейіңгі жылдары бір балық болса да ауланды деген мәліметтер жоқ. Таймень өндірістік статистикада ешқашан тіркелмеген. Кәдімгі таймень қазіргі уақытта Ертіс өзенінің оң жақ салалары – Оба, Үлбі, Күршім, Бұқтырма өзендерінде кездеседі.

Суқоймалардың ихтиофауынасы

Биоөнімнің басым көлемі суқоймаларда қалыптасады, ал өзендер балық қорын қайта өндіруде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ Жоғарғы Ертіс бассейіні толық бір макроэкожүйені құрайды. Сондықтан бассейннің жеке бөліктерінің биоценоздарының байланыстылығы, генофондтардың ауысу жолдары және мүмкіндіктері туралы сұрақ өте маңызды болып табылады. Кестеде бірқатар су қоймаларындағы ихтиофаунаның құрамы берілген және өзендерде биоәралуандылық көп екендігі білінеді. Өзендердегі ихтиоценоздың құрамы сыртқы әсерлерге төзімді болып келеді, ал су қоймаларына қарағанда жерсіндірілгендер мұнда жергіліктілерден аз басымдыққа ие.

Список ихтиофауны основных водоемов Восточно-Казахстанской области

Виды рыб
В о д о е м ы
р.Кара Ертис
вдхр. Буктырма
Усть-Кам. вдхр.
р. Ертис от УКГЭС до Шульб. вдхр.
Шульб. вдхр.
р. Ертис ниже ШГЭС
Осетр сибирский
-
-
-
-
-
+
Стерлядь
-
-
-
-
-
+
Таймень обыкновенный
-
-
-
+
-
+
Нельма
-
-
-
-
-
+
Рипус ладожский
-
+
+
+
+
+
Пелядь
-
+
+
-
-
-
Хариус сибирский
-
-
+
+
-
-
Щука
+
+
-
+
+
+
Налим
+
+
-
+
+
+
Минога сибирская
-
-
-
+
-
+
Судак
+
+
+
+
+
+
Окунь обыкновенный
+
+
+
+
+
+
Ерш
+
+
+
+
+
+
Сазан (карп)
+
+
-
+
+
+
Карась золотой
+
+
-
-
+
+
Карась серебряный
+
+
-
-
+
+
Линь
+
+
-
+
+
+
Язь
+
+
-
-
-
+
Елец сибирский
+
+
+
+
+
+
Плотва сибирская
+
+
+
+
+
+
Лещ
+
+
+
+
+
+
Пескарь сибирский
+
-
-
+
-
+
Подкаменщик сибирский
-
-
+
+
-
+
Гольян обыкновенный
-
-
-
+
-
+
Щиповка сибирская
+
+
-
-
+
+
Голец сибирский
-
-
-
+
-
-
Кол-во акклиматизантов
3
5
4
4
4
4

Кол-во хозяйств.-ценных видов

11
13
7
11
11
15
Количество видов всего
15
16
10
18
14
22

Примечание - список видов по водохранилищам дается без видов рыб, встречающихся только в придаточной речной системе;
"+" - присутствует в составе ихтиофауны; "-" - отсутствует в составе ихтиофауны.

Балық аулау жағдайы

ШҚО су қоры ұлан-байтақ жерді алады, көптеген суқоймалар балық шаруашылғы болып табылады. Қазіргі кезде балық қорын қорғау және қолдану оңтайлы жағдайда емес. Бұқтырма су қоймасында жыл сайын 6,0-9,0 мың тонна балық ауланады, Шүлбі су қоймасында – 100-360 тонна, Алакөл көлінде – 200т. Ертіс өзенінде – 5-15т, облыстағы өзендерде – 10-15т.

ШҚО балық шаруашылық су қоймалары бойынша 2010 ж. ауланған балық 2369,00 тоннаны құрады.

Шүлбі су қоймасындағы балық аулау жағдайы.

Шүлбі су қоймасы орта өнімді су қойма болып табылады. Қазіргі кезде Шүлбі су қоймасы балық өсіруден гидралогиялық тәртіп бойынша қолайсыз болғанына қарамастан ШҚО маңызы жағынан 2-ші балық кәсіпшілік су қоймасы болып табылады. Балық өнімінің негізін торта және алабұға сонымен қатар табан құрайды. Көксеркенің саны және оны аулау біртіндеп өсуде. Су қойманың биоценоз процесінің қалыптасуы аяқталған жоқ, оған жіңішке денелі мөңке мен жіңішке денелі өзен шаянының пайда болуы және тез таралу дәлелдері айғақ болуда.

Балық аулау бөгеннің жеке бөліктері бойынша да және жыл мезгілдері бойынша да жүргізіледі. Балық аулаудың нәтижесі бойынша қыс (0.39-0.49кг/тор) және күз (0.54-0.99кг/тор) мезгілдерінде балық аз ауланады, ал көктемде және жазда балықтың торға түсуі 2-3 есеге көбейеді (0.99-2.6кг/тор). Балық аулаудың жоғарғы көрсеткіші барлық жыл мезгілінде су қойманың орта бөлігінде нәтижелі болады (0,99-2,6 кг/тор). Бөгеннің жеке бөліктеріндегі жалпы балық өнімділігі 73-86 кг/га, ал орташа 79 кг/га –ны құрайды. Балық өнімділігін көбейту және балық өсіру тиімділігін арттыру мақсатында Алтай филиалының қызметкерлері Зайсан-Ертіс балық қорғау басқарма қызметкерлерімен біріге отырып, балық пен суды пайдаланудың қажетті көлемі жасады.

Шүлбі су қоймасындағы балықтың қорын қорғауды, пайдалануды және қайта өндіруді оңтайлату мақсатында ұсынылады:

  • торта, алабұга, табанның қорларын пайдаланудың өсін көбейту мақсатында міндетті түрде аумен аулауды енгізу;
  • жасанды уылдырықтау қоймасын орнату бойынша міндетті шаралар көлемін жүргізу.

 

Бұқтырма су қоймасындағы балық аулау жағдайы.

Бұқтырма су қоймасы – Жоғарғы Ертіс бассейнінің көлемді және өнімді суқоймасы, ол жалпы биоөнімнің 80-90% береді. Бұқтырма су қоймасында қазіргі кезде жергілікті ихтиофаунасы құрамындағы балықтың 16 түрі мекендейді, соның ішінде өнімділері – шортан, алабұға, торта, аққайран, оңғақ, мөңке, лақа, сонымен қатар – табан, көксерке, сазан, көкшұбар, ал бекіре, ақбалық-нельма, таймень мүлде құрып кетті, шортан, оңғақ, мөңке, таутан, сазан, лақа сияқты балықтар аулауға өз маңыздарын жоғалтты. Балық аулау табысының негізін жерсіндірілген – табан және көксерке құрайды. Соңғы жылдары, деңгейлі тәртіпті жасанды реттеу балық өндірісіне жағдай жасап отырғанда, осы немесе басқа уақыт кезеңіндегі табиғи сулылық балықты қайта өндіруде үлкен рөл атқара бастады. Судың аз болған жылдары, өзендерде тасқын шамалы кезінде, балықтар негізінен су қоймалардың жағалауларында уылдырықтайды. Судың мол жылдарында, тасқын жеткілікті болғанда, балықтың көп бөлігі өзендерде уылдырықтайды.

Бұқтырма су қоймасының салынғанына 40 жыл болды. 60-80 жылдары балықтардың және омыртқасыз жануарлардың жаңа түрлерін жерсіндіру жұмыстары жүргізілді, сонымн қатар жергілікті түрлердің популяцияларының жаңа өмір сүру жағдайына бейімделу өзгерістері жүрді, осы аз тарихи кезеңде тұрақты ихтиоценоз қалыптасуы мүмкін емес еді. Биоценозда сукцессиондық процестер әлі ұзақ уақыт жүретін болады.

Табанның популяциясы 80 ж-ң ортасына дейін және көпшұбардың популяциясы 90 ж-ң ортасына дейін азық-түлікпен жеткілікті қамтамасыз ету нәтижесінде тез дамыды; даралардың өсуі және көбеюі жоғарғы қарқынмен жүрді. Азық қоры азайғаннан кейін бұл даралардың биологиялық көрсеткіштері күрт төмендеді, паразиттік ластау көздері пайда болды, ауру көбейді. Нәтижесінде табанның тоғандарда және көкшұбардың тереңсулы учаскелерде супербасымдылығы қазір сұрақ астында.

Соңғы жылдары көксеркеге сұраныс көбеюде , оның нарықтық бағасы басқа балық өнімдеріне қарағанда 3-5 есе қымбат. Осығын сәйкес кәсіпшіліктің беталысы да өсуде. Бір нәрсе белгілі – Бұқтырма суқоймасы барлық параметр бойынша қазір де, болашақта да Ертіс бассейніндегі негізгі балықөндіретін суқойма болады.

Көктемде көлді-өзенді бөлікте тор арқылы аулау жоғары болады, ондағы аулау мөлшері өзен сағасы маңындағы кеңістікте 16,3 кг/тор , орташа 5,17, жазда 6,21 кг/тор орташа мөлшерде 4,02, бірақ бұл жерде балық аулауға шаянның тез өсуі және көптігі кедергі келтіреді. Таулы бөлікте тормен аулау 0,22-ден 3,05-ке дейін құбылады, орташа тәулігіне 1,32 кг/тор. Күз кезінде аулау жаздағы сияқты орташа 1,28 кг/торды құрайды.

Бұқтырма суқоймасындағы бағалы балық қоры ақырындап азайып барады. Реттейтін органдардың негізгі міндеттерінің бірі көксеркені ғана өндіруден кәсіпшілікті барлық ихтиофаунаны игеруге қайта бағдарлау, аумен аулаудың үлесін арттыру, балықты қайта өңдеуді ұйымдастыру (балық ұны, фарш, консерва, т.б.).

 

 

Облыс суқоймаларындағы балық қорының жағдайы қазіргі кезде табиғи суқоймалардан 11 мың тонна балық өнімін өндіруге болатындығын көрсетеді. Ол үшін балық аулаудың тиімді тәртібі қажет, балықты аулауға тіркеу және бақылау жүргізу керек, табиғат қорғау құылымдарының жұмысын оңтайлату.
Бұқтырма су қоймасында табан саны бойынша ең басым балық түрі болып табылады, нәтижесінде лигулез ауруының таралуы болды. Онымен күресудің негізгі әдісі табанды қарқында аулау, бірақ бұл әдіс іс жүзінде экономикалық себептерге байланысты орындалмай жатыр.

Көксерке санын қатаң түрде реттеу қажет. Оны өндіру көлемі бекітілген лимитке сәйкес келу қажет. Су қоймаларда оның қорының көбеюі дерматофибросаркомамен ауруына әкеледі. Көксеркені облыстың кіші су қоймалары және көлдерінде өсіру жолы мен әдісін ойластыру қажет.

Бағалы жергілікті балық (шортан, оңғақ, аққайран, мөңке) түрлерінің санын жаңа «Су қорларын пайдаланудың ережелерін» қабылдағаннан кейін, Жоғарғы Ертістің гидрологиялық тәртібінің тұрақтанғанынан кейін арттыру мүмкін.

Алакөл жүйесінің көлдер құрамына екі ірі көл кіреді – Алакөл және Сасықкөл. Бұл жерде кәсіптік балқаштық алабұға табыны сақталған, сазанды аулау жүргізіледі. Көксерке дерматофибросаркома ауруына шалдыққан. Табан, мөңке балықтары тұтынушы көз қарасы жағынан дұрыс пайдаланбай жатыр. Алакөлдік көлдерді балықтандыру және балық қорларын пайдаланудың кешенді сұлбасын құру қажет.

ШҚО көлдері және кіші су қоймаларында тауарлық балық шаруашылығының дамуы

(Ғылыми-өндірістік балық шаруашылығы Орталығының Алтай филиалының мәліметтері)

2010 - 2012 жж. кезендегі,  ҚР Үкіметінің 06.01.2006 ж. №963 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007 - 2015 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту концепциясында көрсетілген негізгі міндеттердің бірі «...су тоғандарының тұрақты кәсiпшiлiк базасын құру, кәсiпкерлердiң балық шаруашылығын жүргiзу бойынша рөлiн арттыру және шығарылатын өнiмнiң, Еуропалық Одақ стандарттарына сай келетiн балық өнiмдерi экспортының сапасын жақсарту, тауарлық балық өсiру шаруашылықтарын тиiмдi басқару, аквакультураны дамыту, балық кластерлерiн, тауарлы бекiре өсiрудi құру, балық шаруашылығы су тоғандарын қорғау және өсiмiн молайту жүйесiн жетiлдiру көзделедi.
2013 мен 2015 жылдар аралығындағы кезеңге арналған даму бағдарламасы мынадай шараларды қабылдауды талап етедi:
балық шаруашылығы саласындағы заңнаманы одан әрi жетiлдiру;
балық шаруашылығы кешенiнiң тұрақты жағалық инфрақұрылымын құру;
балық өнiмдерiн биржалық, опциондық және фьючерстiк саудалауды дамытудың тетiктерiн әзiрлеу және iске асыру;
жылына 12-15 миллион дана бекiре шабақтарын шығарумен айналысатын Атырау және Орал-Атырау бекiре өсiру зауыттарын толық өндiрiстiк қуатқа шығару;
Қазақстанның әр түрлi өңiрлерiнде тауарлық бекiре шаруашылықтарын құру және оларды бекiре шабақтарымен қамтамасыз ету. Бекiрелердiң аналық-жөндеу бастарын қалыптастыру;
молықтыру кешенiн балық өсiрудегi түбегейлi жаңа бағыттармен қамтамасыз ету;
балық шаруашылығы үшiн халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн мамандарды даярлау және қайта даярлау жүйесiн жетiлдiру;
Каспий теңiзiнiң бөгде қоныстанушыларымен күрес бойынша шараларды әзірлеу және iске асыру. Олармен күрес бойынша бiрлескен мемлекетаралық зерттеулерге қатысу;
қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды өтеуге субсидиялар бөлу және пайдалануға берiлген мезеттен бастап алғашқы үш жылда салық салуға жеңiлдiктер беру;
"Балық және балық өнiмдерi" халықаралық көрмелерiн, балықтарды қорғау, өсiмiн молайту, өндiру, өнiмнiң жаңа түрлерiн шығаруды және аквакультураны дамыту мәселелерi бойынша семинарлар өткiзу;
су қоймаларын пайдалану режимiн қамтамасыз ету және балық шаруашылығы талаптарына жауап беретiн суды шығындаудың заңнамалық тәртiбiн белгiлеу;
жойылып кету қаупi төнген және республиканың Қызыл кiтабына тiркелген құнды балық түрлерiнiң өсiмiн жасанды молайту бойынша кешендi iс-шараларды әзiрлеу. Селекциялық-генетикалық орталықтар құру және ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн аналық балық үйiрлерiн ұстауға жағдайлар жасау арқылы құнды балық түрлерi коллекциясының тектік қорын қалыптастыру;
су тоғандарын (учаскелерiн) пайдаланушылардың Салина артемиясын, шаяндарды және басқа да гидробионттарды өндiру, өсiру мен пайдалану және оларды экспорттау тәртiбiн анықтау бойынша пайдалану туралы ереже әзiрлеу;
су бассейндерiмен шектесетiн елдердiң мамандарын қатыстыру арқылы iрi балық шаруашылығы су тоғандарының ихтиоценозын қалыптастыруға бағытталған ғылыми негiздердi әзiрлеу ...»

2007-2015 жж. ҚР балық шаруашылығын дамыту Концепциясында Республикадағы өткен кезеңдегі балық шаруашылығы жағдайына ретроспективті талдау беріледі, соның ішінде, тауарлық балық шаруашылығы туралы сұрақ қозғалады, ол «...өткен ғасырдың 90-ыншы жылдары сәтті дамығын ... Бейімделген су қоймаларда бір, екі, үш жыл жүрген тауарлық балықтар өсірілген. 1970-1990 жылдар аралығында тауарлық балықтарды өсіру көлемі 0,6 мың тоннадан 9,8 тоннаға дейін 14,2 есеге артты. Мұндай тауарлық балық өндіру қарқыны бұрыңғы Одақ республикаларының еш бірінде болмаған...» 1981-91 жылдары ШҚО көлді-тауарлық балық шаруашылығын (КТБШ) құру жұмыстары жүргізілді, оған облыстың 18-20 көлі мен кіші суқоймалары пайдаланылды (Сибин, Балықтыкөл, Олемба, Совхоздық, Шыбындыкөл т.б. көлдері, және Каменское, Шар, Тайынты суқоймалары).

«...1990-2005 жылдары Республикады тауарлық балық шаруашылығы дамыған жоқ. Тауарлық балық аулау 150 тоннаға дейін азайды. Республиканың жаңа экономикалық қатынастарға көшу кезеңінде тауарлық балық шаруашылығының мемлекеттік реттеу жүйесі жүргізілмеді. Республикалық қандай да бір бағдарламалардың болмауы осы бағытты дамыту бойынша бұл салада балық шаруашылық субъекттерінің толық қызмет етуіне мүмкіндік бермеді...» ШҚО 30.05.2002 жылғы облыстық Маслихаттың № 15/9-II шешімімен 2002 жылы «2002-2004 жж. кезеңдерінде облыстың балық шаруашылығын дамыту аймақтық Бағдарламасы» бекітілді. Бағдарламаның пунктінің бірінде былай делінген «...облыстың көлдері мен кіші суқоймаларын жекеленген супайдалануға беру және оларда тауарлық балықтарды өсіруді ұйымдастыру...». Балық шаруашылық мақсаттары үшін жарамды суқоймалардың тізімі құрылды, оларға 40 кіші суқоймалары және 29 көл кірді. Сол кезде көлдер мен кіші суқоймаларын балық шаруашылық мақсаттары үшін жеке меншікке беру жұмыстары басталды.

ШҚО ұлан-байтақ су қорының бар болуына қарамастан, оның бәрі балық шаруашылығында пайдалануға жарамды деп айта алмаймыз. Облыста балық шаруашылық жоспарда суқоймалардың үш санаты бар:

  • балық шаруашылық жоспарында балықсыз және болашақсыз;
  • ерекше табиғат қорғау құндылығы бар;
  • бағалы балық түрлерімен балықтандыру және өсіру үшін жарамды.

Балықсыз көлдер және суқоймалар (Әміренкөл, Батырхан, Белкөл, Қозылкөл, Құрымбайкөл көлдері, Кішіүлбі суқоймасы), олар балықтар өмір сүру үшін жарамсыз гидрохимиялық құрамды, немесе температура көрсеткіші төмен және су алмасу коэффициенті жоғары. Облыстың он жеті көлі ерекше қорғалатынға жатады, ол жерде табиғатты пайдалану шектеулі. Бұл нысандар табиғат ескерткіштері және қорықтар болып табылады (Марқакөл) ол жерде шаруашылық қызметіне тыйым салынған, немесе туризм және спорттық-әуесқой балық аулауды ұйымдастыру үшін пайдалануға болады. Облыстың 100 артық кіші суқоймаларын пайдалануға болады немесе олар балық шаруашылық мақсатында қолданыста. Кейбір суқоймаларда кәсіптік балық аулау жүргізілуде, бірақ ондай кіші суқоймаларда қарқынды бір науқаннан кейін балықтың қоры 4-5 жылда ғана қайтадан қалпына келеді. Балық өсіру үшін бейімделген көлдер мен тоғандарда тұқы, ақсаха, дөңмаңдай, ақ амур сияқты бағалы балық өнімдерінің жыл сайын 2 тоннасын ауласа болады.

Қазіргі уақытта облыста «2006-2010 жж. ШҚО агро өнеркісіп кешенінің тұрақты дамуының аймақтық бағдарламасы» әрекет етеді. Бағдарламаның пунктінің бірінде былай делінген «... жергілікті маңызы бар балық шаруашылық суқоймалырын конкустық негізде пайдаланушыға бекіту...» 131 суқойма кіргізілген тізілім құрастырылған. Тізілім облыс Әкімімен бекітілген. Суқоймаларды пайдалану бекітілген тәртіпке сәйкес қолданылу керек. Мысалы, арнайы өкілетті органмен бекітілмеген, балық шаруашылық ғылымымен дәйектелмеген жаңа балық және омыртқасыздар түрін өз бетімен кіргізу заңмен жазаланады. Сонымен қатар балық шаруашылығын дұрыс жүргізбеу, судың химиялық құрамын және керекті тыңайтқыштарды, ихтиофаунаның құрамын тіркемеу, мелиоративті шараларды жүргізбеу өсірілген балықтардың өлуіне, суқойманың экологиялық жағдайына зиян әкеледі.

Көптеген суқоймалардың иелері бар. әр бір нақты суқоймаға ҒӨО Алтай филиалының мамандары қоныстандыру үшін нысандар анықтады, отырғызатын материалдың нормасын есептеді және балық шаруашылығын жүргізу бойынша ұсыныстар жасады. Ағымды жылы 25.01.2007 ж. № 57 ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Суқоймаларды балықтандыру және акклиматизациялаудың Республикалық сұлбасы» бекітілді, оған ШҚО бойынша Ғылыми-өндірістік балық шаруашылығы Орталығының Алтай филиалының материалдары кірді. «Сұлбада...» ірі суқоймаларды балықтандырумен бірге, облыстың кіші суқоймаларын да балықтандыру бар.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..