Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

Шығыс Қазақстан облысының табиғи жағдайының қысқаша мінездемесі


 

Шығыс Қазақстан облысын – оның табиғатының таңданарлық әр түрлі болуына байланысты шарты түрде «облыс көлеміне дейін қысылған континент» деп атайды. Шығыс Қазақстанның аумағында табиғат кешенінің әр түрлілігі ең алдымен оның үш климаттық және физика-географиялық облыс шекарасының ерекше географиялық орналасуымен, сонымен бірге өңірдің даму тарихымен түсіндіріледі. Бұл Батыс Сібір, Орталық және Орта Азияның қосылған жері.

Шығыс Қазақстан облысы далалы аймақта, құрғақ бетегелі-селеулі даланың оңтүстік аймақ маңында және шөлейтті аймақта орналасқан. Облыс аумағында үш негізгі даланың аймақтық түрі ерекшеленеді: түрлішөпті- дәнді, кәдімгі, құрғақ (оңтүстік).
Металлогеникалық қатынаста облысқа үш кен белдеуі кіреді: Алтайлық, Жарма-Сауырлық, Шыңғыс-Тарбағатайлық, онымен полиметаллдық және сирек металлдық кеннің минералды-шикізат қорының бай екендігін білдіреді.

Шығыс Қазақстан облысының ең басты өзені болып, үш мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан) аумағынан өтетін трансшекаралы өзен – Етріс болып табылады. Ең ірі салалары – Бұқтырма, Үлбі, Оба, Күршім өзендері.

Облыстың ең ірі көлдері – Зайсан көлі, Марқакөл (қорықтық), Алакөл, Сасықкөл. Сонымен бірге оңтүстік-батыс Алтайда жалпы көлемі 99,1 кв.км 350 мұздық бар.

Облыс қоңыржай климаттық аймақтың оңтүстік жартысында орналасқан, оған ауа массаларының батыс-шығыстық ауыспалығы тән. Облыс аумағы қоңыржайлы және әлсіз ылғалданған аймаққа жатады.

Природа Восточного Казахстана

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..