Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

1. Саңырауқұлақтарды, жаңғақтарды, дәрілік шөптерді жинауға рұқсатты алу үшін қайда баруға болады?

Жауап. Жақын орналасқан орман шаруашылығының мемлекеттік мекемесіне баруыңызға болады, мекеме Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатымен 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/226-IV бекітілген төлем мөлшерлемелері бойынша  төлеммен орман билетін жазып береді.

 

2. Саңырауқұлақтарды, жаңғақтарды, жидектерді тегін жинау қарастылыған ба?

Жауап. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатымен 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/226-IV бекітілген орманды пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемесіне сәйкес 2009 жылғы 21 желтоқсаннан бастап тегін босату нормасы қарастырылған (жидектер 10 кг дейін, саңырауқұлақтар 20 кг дейін).

 

 

3. Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдалануға арналған қандай рұқсат құжаттары бар?

Жауап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыруға рұқсаттама құжаттары: ағаш кесу билеті мен орман билеті негізінде жол беріледі.

Орман билеті жанама орман пайдалануды жүзеге асыруға, мемлекеттік орман қоры учаскелерін аң шаруашылығы, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар қажеттігі үшін пайдалануға құқық беретін құжат болып табылады.

Ағаш кесу билеті орман пайдаланушыға сүрек, шайыр, ағаш шырындарын және қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға және тасып әкетуге құқық беретін құжат болып табылады. Ағаш кесу билеті орман пайдаланушыға жыл сайын, оны беру үшін негіздеме болған құжаттарда көрсетілген орман пайдалану түрлерін ғана жүзеге асыруға, белгіленген көлемде және мемлекеттік орман қорының нақты учаскесіне арнап беріледі.

 

 

4. Мемлекеттік орман қорының құқықтары мен міндеттері.

Жауап. Мемлекеттік орман күзетіне Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес мемлекеттік орман қорын күзету мен қорғау ережесін, орман пайдалануды жүзеге асырудың, мемлекеттік орман қоры жерлерінің нысаналы мақсатына сәйкес оларды пайдаланудың  белгіленген тәртібін бұзуды тыю және оның алдын алу жөнінде, сондай-ақ орманға зиян келтіретін басқа да іс-әрекеттерді тыю және олардың алдын алу жөнінде құқықтар беріледі.

Мемлекеттік орман күзетінің негізгі міндеттері:

1) орман өрттерінің алдын алу, оларды дер кезінде байқау және жою жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру және жүргізу;

2) мемлекеттік орман қорының аумағындағы барлық жұмыс істеушілердің және онда орналасқан ұйымдардың, сондай-ақ орманда жүрген жеке тұлғалардың ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережесі мен санитарлық ережені сақтауын қамтамасыз ету;

3) ормандарды заңсыз ағаш кесуден, зақымданудан, талан-таражыға салудан және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудың басқа да әрекеттерінен күзету, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлерін күзету;

4) орман пайдаланушылардың сүректі түбірімен босату ережесін және орман пайдаланудың басқа да түрлерінің ережелерін орындауын қамтамасыз ету;

5) орман зиянкестері мен ауруларының ошақтарын дер кезінде анықтау, олардың таралуына болжам жасау және олармен күресу;

6) биотехникалық іс-шаралар жүргізу;

7) мемлекеттік орман қоры аумағында аң және балық аулау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;

8) мемлекеттік орман қорын күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыруды, ұтымды пайдалануды және орман өсіруді қамтамасыз ететін басқа да іс-әрекеттер болып табылады.

Мемлекеттік орман күзетінің қару-жарағы:

А) мемлекеттік орман қорының лауазымды тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қызмет қаруын сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат етіледі.

Б) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік орман күзетінің лауазымды тұлғаларының дене күшін, арнайы қорғаныс құралдарын және қызмет қаруын қолдануға құқығы бар.

 

5. Мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінде ормандарды өрттерден қорғау саласындағы істері қандай жағдайда?

Жауап. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне ведомстволық қарасты 13 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталуы бойынша тұрақты бақылау жүргізіледі, 2008 жылы соңғы 20 жыл ішінде алғашқы рет бір-бірден өрт сөндіру автомашинасын алды (қолда бар ескі машиналарға қосымша).

2009 жылы мемлекеттік орман қорының ведомстволық қарасты аумағында мемлекеттік орман қорының 3,8 гектар алаңды жандырып өткен орман өртінің 3 оқиғасы болды.

2010 жылы орман алаңы 17,2 гектар болатын 10 орман өртінің оқиғасы болды. Пайда болу себептері: найзағай түсуінен – 3; халықтың кінәсінен – 2; анықталмаған себептер бойынша – 4 және ауыл шаруашылық аптаптардан 1 оқиға.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын жанар-жағармайдың резервтік қоры құрылады, авиациялық орман күзетімен өзара әрекеттестік үшін 30 тікұшақ қонатын алаңқай салынды.

2010 жылы жалпы пайдаланудағы орман жолдарының бойына және демалыс орындарында өртке қарсы күрес тақырыбындағы 453 аншлаг орнатылды.

- минералданған жолақ жырту жүргізілді – 235 шақырым.

- минералданған жолақтарға күтім жасалды – 1772 шақырым.

- өртке қарсы күресуге тағайындалған жолдарды салу – 46 шақырым.

- өртке қарсы күресуге тағайындалған жолдарды жөндеу – 136 шақырым.

Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы бойынша тұрақты бақылауды жүзеге асыра отырып, орман күзетінің қызметкерлері 1057 рейд пен тексеру жүргізді, нәтижесінде 217 оқиға Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздік ережелерін бұзушылық анықталды. Барлық бұзушылар 3066,2 мың теңге түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 2895,8 мың теңге өндірілді.

 

6. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде орманды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар қалай жүріп жатыр?

Жауап. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде жыл сайын орманды қалпына келтіру жұмыстары өсіп келеді.

2010 жылы 551 гектар отырғызылып, 750 гектар алаңда орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу жүргізілді, яғни орманды қалпына келтірудің жалпы көлемі 1300 гектардан астам жерді құрайды.

2011 жылы 560 гектар жерде отырғызу жоспарлануда және алаңда орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу 750 гектардан кем емес, сондай-ақ, орманды қалпына келтіру жұмыстарына ұзақ мерзімді орман пайдаланушылар қосылады.

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы облыстың қалалары мен елді-мекендерін көгалдандыруға қатысады, 2009-2010 жылдары елді-мекендер мен Өскемен қаласын көгалдандыруға орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен 94,0 мың данадан астам көшет босатылды.

2010 жылы орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен 8,1 гектар жалпы алаңда ағаш тұқымы плантацияларының іргетасы қаланды, 91,4 мың дана көшет отырғызылды.

 

7. Жекеше орман қоры деген не, жекеше орман қорын құру үшін жерлерді беру тәртібі?

Жауап. Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының жер туралы заң актісіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жерлерде, солардың қаражаты есебінен жасалған, ені он метр және одан көбірек, алаңы 0,05 гектардан астам қолдан өсірілген ормандар, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер жатады.

Жекеше орман иелену құқығы жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың оларға Қазақстан Республикасының жер туралы заң актісіне сәйкес жеке меншігіне немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жерлерінде туындайды.

Жекеше орман қорын құру үшін арнайы жер қорынан және жер запастарынан жерлерді бөлу қарастырылған.

Жекеше орман иеленушілердің:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өздерінің меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдаланудағы жекеше орман қоры учаскелерін иелену, пайдалану және оларға билік ету;

2) өздерінің меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдаланудағы жекеше  орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыру;

3) жобалық және техникалық құжаттамаға сәйкес тиісті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жеке орман қоры учаскелерінде құрылыстар мен ғимараттар, оның ішінде орман шаруашылығын жүргізу және орман пайдалануды жүзеге асыру үшін қажетті құрылыстар мен ғимараттар салу;

4) өздері дайындаған өнімді және оны өткізуден түскен табысты меншіктену құқығы бар.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..