Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің

атқарған жұмысы туралы есебі

 

 

Қолданыстағы орман заңнамасына және «Жасыл даму» салалық бағдарламасын негізге ала отырып, Басқармаға қарасты орман шаруашылығы мекемелері табиғи байлығын сақтау және көбейту бойынша тұрақты жұмыстар жүргізуде.

·        Басқарманың басшысы сүрек дайындау бойынша ұзақ мерзімді орман пайдаланушыларды шақырту мен мәжілістер өткізді, сондай-ақ орман заңнамасының талаптары мен облыстық прокуратура алқасының хаттамалық тапсырмаларын түсіндіру мен орман пайдалану проблемалары бойынша барлық орман шаруашылығы мекемелеріне барумен мәжілістер өткізді.

2015 жылдың бірінші жарты жылдығында Басқарманың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен орман және жедел қимыл отрядының қызметкерлері шаруашылығы саласындағы табиғат қорғау заңнамасын сақтау бойынша 3 369 рейд және 1 215 тексеру жүргізілді.

259 орман заңнамасын бұзушылық анықталды. Бұзушыларға сомасы 3403,1 мың теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды, (сомасы3028,5 мың теңгенің айыппұлы өндірілді). Сомасы 1571,6 мың теңгенің талабы қойылды (өндірілгені 1063,7 мың теңге).

Орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің ең маңызды міндеті ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша жұмыстар болып табылады. Ағымдағы жылдың көктемінде 520 гектар аумақта орман дақылдарын отырғызу жүргізілді, 3,1 гектар алаңда орман құраушы негізгі түрлердің тұқымын себу жүргізілді.

Орман өрттерінің алдын алу және ескерту бойынша жұмыс жоспарлы және тұрақты жүргізілуде.Орман шаруашылығы мекемелерінде бұрынғы өрт сөндіру-химиялық станцияларының базасында 13 мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет (МӨҚҚ) және 40 өрт сөндіру мүкәммәлін шоғырландыру пункті жұмыс істейді, оларға 23 өрт сөндіру машинасы, 20 трактор, 66 мотопомпа және саны 2860 дана басқада өртке қарсы мүкәммәл (хлопушкалар, күректер, дымқылдандырғыштар) бекітілген.

Орман өрттерін жедел және уақытында табу мақсатында телефон және мобильді байланыс тартылған, соның ішінде 528 радиостанция, 68-тұрақты, 114 мобильді, 346 алып жүретін.

Өрт қауіптілігі жоғары кезеңнің басынан бастап, орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес, сондай-ақ өрт қауіптілігі жоғары маусымға дайындық және оны өткізу мақсатында Басқарма орман шаруашылығы мекемелері директорларының қатысуымен, ШҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының, авиациялық орман күзетінің өкілдерімен және мемлекеттік орман қорынан ұзақ мерзімді орман пайдалануға учаскелер алған орман пайдаланушылармен бірлесіп 2014 жылғы өрт қауіптілігі жоғары кезеңнің қорытындылары және 2015 жылғы міндеттер бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізді.

Осы сияқты мәжілістер барлық орман шаруашылығы мекемелерінде жүргізілді. Орман күзеті қызметкерлері мен инженер-техник қызметкерлерді оқыту және нұсқаулық беру бойынша орман-дала өрттерін өшіру, сондай-ақ оларды өшірген кездегі қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша сабақтар өткізілді.

Орман шаруашылығының барлық мекемелері қалалардың және аудандардың әкімдерімен бірлесіп орман өрттерін өшірудің жедел жоспарларын жасады және келісімін алды.

Орман өрттері шыққан жағдайда хабар беру сұлбалары әзірленді, оған телефон байланысымен түрлі үлгідегі радиостанциялар тартылды.

Мемлекеттік орманқорының аумағында орман өрттерінің шығуы және оларды өшіру жағдайына азық-түлік, дәрі-дәрмекқоры қарастырылған, 51,3 тонна бензин, 48,0 тонна дизель отыны көлемінде жанар-жағармай материалдарының қоры құрылды.

Ұзақ мерзімді орман пайдаланушылар мен және мемлекеттік орман қорымен шекаралас кәсіпорындармен және  ұйымдармен орман өрттерін өшіру кезінде өзара іс-қимыл бойынша шарттар жасалды, онда орман өрттері шыққан кезде оларды өшіруге қоғамдық өрт сөндіру бірлестіктерінен 2089 адам, 264 трактор, 221 әртүрлі маркідегі машина тарту көзделген.

Орман өрттерінің біршам аумақтарға таралауы бойынша алдын алу және шектеуіс-шаралары жүргізілуде:

а) жыртылған жолаққа күтім жасау – 908,5 шақырым;

б) өртке қарсы тақырыптарға арналған 311 аншлаг орнатылды;

в) үнпарақ тарату – 7235 дана;

г) ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарында 4774 семинар, лекция, әңгіме өткізілді;

д) Басқарма мен орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің лауазымдық тұлғалары газеттер мен журналдарда 58 мақала жариялады.

2015 жылдың бірінші жарты жылдығында ШҚО әкімдігіне ведомстволық қарасты мемлекеттік орман иеленушілердің аумақтарында жалпы алаңы256,55гектар 15орман өрті болды, соның ішінде орманы көмкерілген алаң16,80гектар құрайды. Өрттің негізгі себебі тұрақты ыстық ауа-райы мен көктемдегі күшті жел.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..