Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ

 

 

Мемлекеттік қызметті өту тәртібі мемлекеттік қызметті өту тәртібі туралы ережемен және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңымен регламенттеледі.

Мемлекеттік қызметке Қазақстан Республикасының азаматы конкурс негізінде немесе (егер мемлекеттік қызметкер болып табылса) бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға ауысу тәртібімен түсе алады.

Мемлекеттік органдардағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға арналған конкурстық таңдау процесі азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізуінің тең конституциялық құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

 

Конкурс жүйелі кезеңдер қатарынан тұрады:

 

* конкурс туралы хабарландыру сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын, кезең сайын шығарылатын баспаларда жарияланады (онда кез келген қалаған адам мемлекеттік қызметке түсе алады және конкурсты өткізу орны және оның қатысушыларына қойылатын талаптар туралы оқи алады);

* белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес, конкурсқа қатысушылар құжаттарын қабылдау және талдау (бос орны бар мемлекеттік органға келесі құжаттар пакетін ұсынудан тұрады: нотариуспен куәландырылған диплом және еңбек кітапшасының көшірмесі, белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама, бір 3х4  фотосуреті, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі, кадрларды есепке алудың жеке парақшасы, өтініш және сұрақтама, әдетте, құжаттарды қабылдау орнында толтырылады);

* талапкерлерді тестілеу құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі;

*сұхбаттасу конкурсты жариялаған мемлекеттік органда тестілеу аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде өтеді.

*2 жұмыс күнінен кешіктірмей өткізілетін конкурстық комиссияның қорытынды мәжілісінде бос лауазымға тағайындау үшін талапкер таңдалуы тиіс.

*сұхбаттасу өткеннен кейін 5 күн ішінде барлық конкурсқа қатысушылар конкурс қорытындылары туралы ақпараттандырылуы қажет.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..