Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

16.01.2018 жыл

Әңгімелесу 2018 жылғы 17 қаңтарда сағат 15-00-ге бекітілді, 406 каб.

«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басқарма басшысының орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі орынбасары бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына әңгімелесуге жіберілген қатысушылардың тізімі:

  1. Есентаев Арман Нағашибаевич
  2. Жаманбаев Бакытбек Камбекович

(2018 жылғы 16 қаңтардағы конкурс комиссиясының № 1 хаттамасы).

Әңгімелесу 2018 жылғы 17 қаңтарда  сағат 15.00-де Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19 мекенжайы бойынша 4-қабатта №406 кабинетте өтеді.

11.01.2018 жыл

«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ» ММ, 070004,

ШҚО, Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, 4 қабат, 409 кабинет,

анықтама телефоны 8 (7232) 250-301, факс 257-546,электрондық пошта арқылы: g.zhumagulova@akimvko.gov.kz

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды: Басшының орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі орынбасары (Д-О-2 санаты, 1 бірлік) еңбек өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы 163 233 теңгеден 220 698 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: бөлімдердің қызметтерін үйлестіруді және өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету; басқарма қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру бойынша сабақтар өткізу; басқараманың жұмысына жүйелі түрде талдау жасау және басқарма бастығына басқарманың қызметі туралы хабарлап отыру, қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу; басқарма қызметкерлерін еңбек және атқару тәртібімен қамтамасыз ету; басқарманың функционалдық жүргізуіндегі мемлекеттік орман қорының аумағындағы орман пайдалануды реттеу, ормандарды қорғау, молықтыру және орман өсіруді қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру; уәкілетті органға тапсыру үшін басқарманың функционалдық жүргізуіндегі орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры, ормандардың мемлекеттік мониторингі бойынша материалдарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру; басқарманың функционалды жүргізуіндегі мемлекеттік орман қорының учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру бойынша тендер өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету; өзінің құзыреті шегінде қоғамдық өрт сөндіру бірлестіктерінің жұмыс істеуін ұйымдастыруға жәрдемдесу; басқарма бөлімдерімен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өркендету бағдарламалары бойынша ұсыныс енгізу, осындай аумақтарды құру бойынша негіздемелерді келісу; уәкілетті органның келісімі бойынша орман пайдалануға арналған төлемақы ставкаларының есебін облыстық мәслихаттың бекітуіне енгізу үшін әзірлеуді ұйымдастыру; басқарманың функционалды жүргізуіндегі мемлекеттік орман қорының аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес жүргізу бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын іске асыру және әзірлеуді ұйымдастыру; орман өрттерін өшіру үшін жеке және заңды тұлғаларды тарту, сондай-ақ өртке қарсы техника, көлік және басқа да құралдарды ұйымдастыру тәртібін анықтау бойынша облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу мен ұсыныстар енгізу, осы жұмысқа тартылатын жеке тұлғаларды тасымалдау, өрт сөндіру құралдарымен, тамақтандыру және медициналық көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қатысу; басқарманың функционалды жүргізуіндегі мемлекеттік орман қорының аумағында өрт қауіптілігі жоғарғы мерзімде өрттерді өшіруге арналған жанар-жағармай резервін құруға бақылау жасауды ұйымдастыру; коммуналдық меншіктегі орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері аумақтарындағы орман өрттерімен күрес бойынша, қажет жағдайда осы мақсатқа арналған арнаулы комиссия құрумен жұмысты үйлестіру; басқарманың функционалды жүргізуіндегі мемлекеттік орман қорының аумағында орман зиянкестерімен және орман ауруларымен күрес жүргізу және орманның санитарлық жағдайын жақсарту бойынша жұмысты ұйымдастыру; жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағына келуіне тыйым салу туралы, зиянкестермен және аурулармен күрес бойынша авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозолдық іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қауіптілігі жоғарғы кезеңде орман пайдалану құқықтарын тоқтату туралы ұсыныс енгізу және шешімдердің жобаларын дайындау; өрт қауіптілігі жоғарғы кезеңде қажетті болған жағдайда жеке тұлғалардың орманға баруына және олардың көлік құралдарының кіруіне, сондай-ақ басқарманың функционалды жүргізуіндегі мемлекеттік орман қорының аумағында жұмыстың жекелеген түрлерін жүргізуге тыйым салу, шектеу қою бойынша шешімдердің жобаларын әзірлеу және уақытында ұсыныс енгізу; жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйіне бақылау жасауды ұйымдастыруды жүзеге асыру; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік табиғи-қорықтық қор мен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар объектілерінің тізбесін дайындау және ұсыныс енгізуді ұйымдастыру; белгіленген тәртіппен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін резервтеумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыруға қатысу және ұсыныстар енгізу; жергілікті басқару органының бекітуіне жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануға арналған төлемақы ставкаларының жобасын әзірлеуді қамтамасыз ету; жануарлар әлемін ұдай өндіру мен пайдалану саласындағы өкілетті органмен бірлесе отырып, жануарлар әлемін пайдалану үшін аңшылық алқаптарын бекіту бойынша облыс әкімдігінің құрған конкурсты өткізу жөніндегі комиссиясының жұмысына қатысу; жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін дайындауға және бекітуге тапсыруды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен жануарлар әлемін пайдаланушыларға балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекіту бойынша шешімдердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: «ауыл шаруашылығы» (аңшылық жүргізу және аң шаруашылығы; балық шаруашылығы және кәсіптік балық аулау; су ресурстары және суды пайдалану; орман ресурстары және орман өсірушілік; топырақтану және агрохимия; мелиорация, қайта қалпына келтіру және жерді қорғау; өсімдіктер қорғау және карантин), «жаратылыстану ғылымдары» (биология, экология, география, метеорология, геоботаника), «техникалық ғылымдар және технология» (геодезия және картография; ағаш өңдеу және ағаштан бұйым жасау технологиясы; тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау), құқық, экономикалық саласында.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.**

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) келесі құзыреттіліктері болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысу, аналитикалық талдау, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi:  (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ – қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы: g.zhumagulova@akimvko.gov.kz электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)            осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)            тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыруды уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жариялаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19, 4 қабат, 409 кабинетіне ұсынылуы қажет.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс қатысушылары және үміткерлер 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган немесе оның аймақтық бөлімшелеріне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурстық комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауыңызға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости), даңғылы, 4.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Анықтама үшін телефон 8(7232) 25-03-01, электрондық пошта арқылы: g.zhumagulova@akimvko.gov.kz

09.10.2017 жыл

Әңгімелесу 2017 жылғы 11 қазанда сағат 10-00-ге бекітілді, 406 каб.

 «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басқарма басшысының табиғат қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі орынбасары бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына әңгімелесуге жіберілді:

 Сатыбалдиев Алишер Журатович

 (2017 жылғы 09 қазандағы конкурс комиссиясының № 1 хаттамасы).

 Әңгімелесу 2017 жылғы 11 қазанда  сағат 10.00-де Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19 мекенжайы бойынша 4-қабатта №406 кабинетте өтеді.

03.10.2017

Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар:

1) «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ табиғат қорғау бағдарламалар бөлімінің бас маманы (1 бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне) лауазымына: Шаихов Максат Қайратұлы ұсынылды.

2) «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы (1 бірлік) лауазымына: Краскова Гульнара Николаевна ұсынылды.

Уақытша бос және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қабылдаудан бас тартылды:

1) «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ табиғат қорғау бағдарламалар бөлімінің бас маманы лауазымына: Жумаканов Медет Оразұлына;

2) «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы лауазымына: Саттыбаев Нұрлан Қазезұлына, Жумаканов Медет Оразұлына.

27.09.2017 жыл

Әңгімелесу 2017 жылғы 28 қыркүйекте сағат 17-00-ге бекітілді, 406 каб.

«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ табиғат бағдарламаларын қорғау бөлімінің бас маманы және орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына:

  1. Шаихов Мақсат Қайратұлы - табиғат қорғау бағдарламалары бөлімінің бас маманының лауазымына
  2. Жумаканов Медет Оразұлы - табиғат қорғау бағдарламалары бөлімінің бас маманының лауазымына және орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманының лауазымына
  3. Саттыбаев Нұрлан Қазезұлы – орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманының лауазымына
  4. Краскова Гульнара Николаевна – орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманының лауазымына

(2017 жылғы 26 қыркүйектегі конкурс комиссиясының №1 хаттамасы).

Әңгімелесу 2017 жылғы 28 қыркүйекте сағат 17-00-де Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19 мекенжайы бойынша 4-қабатта №406 кабинетте өтеді.

2017 жылғы 10 мамыр

Әңгімелесуге жіберілген «Шығыс Қазақстан облысытабиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ экологиялық сараптама бөлімінің басшысы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымының бос орнына арналған ішкі конкурс қатысушыларының тізімі

1. Анфилофьева Наталья Владимировна

Әңгімелесу 2017 жылғы 10 мамырда сағат 17-00-де Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19 мекенжайында 3-қабатта 302 кабинетте өтеді.

2017 жылғы 17 мамыр

«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына:

  1. Қизатова Жұлдыз Ермұратқызы
  2. Мусабаева Айгерим Маратовна
  3. Кузенова Асель Маратқызы
  4. Мұхаметсағиева Жадыра Құрманбекқызы
  5. Миллятбеков Ерасыл Ержанұлы

(2017 жылғы 15 мамырдағы конкурс комиссиясының № 1 хаттамасы).

Әңгімелесу 2017 жылғы 17 мамырда сағат 16.00-де Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19 мекенжайы бойынша 4-қабатта №406 кабинетте өтеді.

Өткізілген конкурс қорытындысы туралы

«Шығыс Қазақстан облысытабиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымының уақытша бос орнына орналасуға өткізілген жалпы конкурс қорытындысы бойынша әңгімелесуден сәтті өткен Әсел Маратқызы Кузенова ұсынылды.

(2017 жылғы 19 мамырдағы конкурс комиссиясының № 4 хаттамасы).

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға өткізілетін жалпы конкурс туралы хабарландыру

«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ» ММ, 070004,

ШҚО, Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, 4 қабат, 409 кабинет,

анықтама телефоны 8 (7232) 250-301, факс 257-546, электрондық пошта арқылы:

g.zhumagulova@akimvko.gov.kz. «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдық

орынға ішкі конкурс жариялайды

Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы (Д-О-3 санаты, 1 бірлік) еңбек өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы 109 932 теңгеден 148 242 теңгеге дейін.

24.07.2017

Міндетті Қажетті
Білім Жоғары: «ауыл шаруашылығы» (аңшылық жүргізу және аң шаруашылығы; балық шаруашылығы және кәсіптік балық аулау; су ресурстары және суды пайдалану; орман ресурстары және орман өсірушілік; топырақтану және агрохимия; мелиорация, қайта қалпына келтіру және жерді қорғау; өсімдіктер қорғау және карантин), «жаратылыстану ғылымдары» (биология, экология, география, метеорология, геоботаника), «техникалық ғылымдар және технология» (геодезия және картография; ағаш өңдеу және ағаштан бұйым жасау технологиясы).
Мамандығы
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Мемлекеттік қызмет өтілі

Функционалдық міндеттері

Басқарманың функционалдық жүргізуіндегі мемлекеттік орман қорының аумағындағы ормандарды қорғау, күзету, молықтыру бойынша орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің және орман пайдалануды реттеу жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

бөлімнің жұмысына жүйелі түрде талдау жасау және басқарма бастығына хабарлап отыру, бөлім қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;

бөлім қызметкерлерінің еңбек және атқару тәртібі мен бөлім қызметкерлерінің бірі жоқ кезде екіншісінің оның қызметтік міндетін өзара алмасып атқаруын қамтамасыз ету;

басқарманың функционалды қарауындағы мемлекеттік орман қорының аумағындағы ормандарды қорғау, молықтыру және орман пайдалануды реттеу, орман өсіруді қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру;

ормандарды күзету, қорғау және молықтыру бойынша іс-шаралар мен жұмыстың барлық түрлерін тексеру, сондай-ақ басқарманың функционалды қарауындағы мемлекеттік орман қорының аумағында орман пайдалану мен орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес жұмыстардың өндірісіне қадағалау жасау;

талаптар бойынша материалдарды әзірлеу және табиғат қорғау заңнамасын бұзу туралы істер бойынша сот талқысына қатысу; табиғат пайдалануға құқық беретін құжаттарды тексеру, ормандарды қорғау, күзету, пайдалану және молықтыру тәртібін бұзу кезінде табиғат пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныс енгізу және тыйым салу; уәкілетті органға тапсыру үшін басқарманың функционалды қарауындағы орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік орман мониторингі бойынша материалдарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

басқарманың функционалды қарауындағы мемлекеттік орман қорының учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру бойынша тендер өткізу үшін ұйымдастырылған іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету;

ҚР заңнамасына сәйкес қоғамдық өрт сөндіру бірлестіктерінің жұмыс істеуіне жәрдемдесуді өзінің құзыреті шегінде үйымдастыру;

басқарма құзыры шегінде басқарманың функционалды қарауындағы мемлекеттік орман қорының   учаскелерінде жүргізілген орман шаруашылықтық іс-шаралардың нәтижесінде өндірілген аяқталған объектілерді қабылдау;

жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өркендету бағдарламасы бойынша ұсыныстар енгізу, осы аумақтарды құру бойынша негіздемелерді келісу;

мемлекеттік орман қорындағы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы орман пайдалануға арналған төлемақы ставкаларының есебін облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну үшін әзірлеу бойынша уәкілетті органмен бірлесіп келісуді ұйымдастыру;

басқарманың қарауындағы мемлекеттік орман қорының аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес бойынша жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру;

орман өрттерін өшіру үшін жеке және заңды тұлғаларды тарту, сондай-ақ өртке қарсы техника мен басқа да құралдарды тартуды анықтау тәртібі бойынша облыс әкімдігінің қаулысына ұсыныстар мен жасалған жобаларды енгізу, осы жұмысқа тартылатын жеке тұлғаларды тасымалдау, өрт сөндіру құралдарымен, азық-түлік және медициналық көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қатысу;

басқарманың функционалды қарауындағы мемлекеттік орман қорының аумағында өрт қауіптілігі жоғарғы мерзімде өрттерді өшіруге арналған жанар-жағармай материалдарының қорын құруға бақылау жасау;

коммуналдық меншіктегі орман шаруашылықтары мемлекеттік мекемелерінің аумақтарындағы орман өрттерімен күрес бойынша жұмысты үйлестіру, қажет болған жағдайда осы мақсат үшін арнаулы комиссия құру;

басқарманың функционалды қарауындағы мемлекеттік орман қорының аумағында орман зиянкестерімен және аурулармен күрес және орманның санитарлық жағдайын жақсарту бойынша жұмысты ұйымдастыру;

өкілетті органмен келісу бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттік табиғи-қорықтық қор мен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесін дайындау және ұсыныс енгізу; белгіленген тәртіппен жерлерді жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері ретінде резервтеуді қамтамасыз етуді ұйымдастыру, оларды ұйымдастыруға қатысу; жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ахуалы мен қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыру;

басқарманың функционалды қарауындағы мемлекеттік орман қорының аумағында өрт қауіптілігі жоғары кезеңде, қажет болған жағдайда жеке тұлғалардың және олардың көлік құралдарының орманға баруына, сондай-ақ жұмыстардың жекелеген түрлерін (зиянкестермен және аурулармен күрес бойынша авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозолдық іс-шараларды жүргізу бойынша) жүргізу кезінде шектеу бойынша ұсыныс енгізу және шешімдердің жобаларын дайындау;

бейімділік, өзін-өзі қолда ұстай білу, ортақ тіл табыса білу.

Мамандығы, біліктілігі

1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптарды;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Өзге де білімі, шеберлігі, дағдысы Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi:  (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ – қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы: g.zhumagulova@akimvko.gov.kz электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыруды уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жариялаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19, 4 қабат, 409 кабинетіне ұсынылуы қажет.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс қатысушылары және үміткерлер 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган немесе оның аймақтық бөлімшелеріне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурстық комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауыңызға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости), даңғылы, 4.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Анықтама үшін телефон 8(7232) 25-03-01, электрондық пошта арқылы: g.zhumagulova@akimvko.gov.kz

16.01.2018 жыл

Әңгімелесу 2018 жылғы 17 қаңтарда сағат 15-00-ге бекітілді, 406 каб.

«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басқарма басшысының орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі орынбасары бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына әңгімелесуге жіберілген қатысушылардың тізімі:

1)    Есентаев Арман Нағашибаевич

2)    Жаманбаев Бакытбек Камбекович

(2018 жылғы 16 қаңтардағы конкурс комиссиясының № 1 хаттамасы).

Әңгімелесу 2018 жылғы 17 қаңтарда  сағат 15.00-де Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19 мекенжайы бойынша 4-қабатта №406 кабинетте өтеді.

Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..