Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

Қазақстан Республикасының Орман кодексі

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі кодексі

 

31-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ
мерзiмдi орман пайдалану

1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға тендер хаттамасы негiзiнде және кейiн мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасындағы шартпен ресiмделе отырып берiледi.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қаражаты мен өндiрiстiк қуаттары және тиiстi бiлiктiлiкке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiледi.
2-1. Сүрек дайындау үшiн орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға бекіту жөніндегі тендерге қатысуға мынадай талаптарға сай келетін жеке және заңды тұлғалар жіберіледі:
1) меншік құқығында материалдық-техникалық базаның: мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларында белгіленген кеспеағаш жұмыстарын жүргізу кезінде ағаш кесудің белгіленген жыл сайынғы көлемінің және орман шаруашылығы-экология талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін сүрек құлатуға, сүйретуге, тиеуге және тасып әкетуге арналған техника мен жабдықтардың болуы;
2) ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларында көзделген өрт жабдықтары мен өрт сөндіру құралдарының болуы;
3) мамандығы бойынша (ағаш дайындау, орман ісі инженері, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) жоғары кәсіптік білімі немесе тиісті орта кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар жауапты орындаушы – инженер-техник қызметкердің болуы;
4) ағаш құлату, бұтақ шабу, сүрек сүйреу, тиеу және тасып әкету жұмыстарын жүргізуге машықтанған персоналдың болуы;
5) еңбекті қорғауға және қауіпсіздік техникасына жауапты маманның болуы;
6) іс-шараларды қаржыландыру көздері көрсетілген сүрек дайындау мен өңдеуді ұйымдастыру жөніндегі перспективалық үш жылдық жоспардың болуы.
3. Орман ресурстарын сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берген жағдайда, орман пайдаланушыға мемлекеттiк орман қоры учаскесiнде сүрек ресурстары орман орналастыру материалдарына сәйкес сүрек ресурстарын ұдайы және сарқылмайтындай етiп пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн, бiрақ орманшылық алаңынан аспайтындай етiп берiледi.
4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру сол аумақта тұратын халықтың мүдделерi ескерiле отырып, жария жүзеге асырылуға тиiс.
5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген, пайдаланылмаған орман ресурстары шарт мерзiмi өткен соң орман пайдаланушының меншiгiне ауыспауға тиіс.
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

32-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ
мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптары

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында мынадай талаптар:
1) орман телімдері мен орман орамдарының нөмірлері көрсетіліп, орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң орман орналастырудың картографиялық материалдарынан алынған көшірме түріндегі шекаралары;
2) мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң алаңы және мөлшерлеу көрсеткiштерi;
3) орман пайдалану түрлерi;
4) орман пайдаланудың көлемi (мөлшерi);
5) орман пайдалану мерзiмi;
5-1) орман ресурстарын игеру және ұтымды пайдалану, тендер жеңімпазының конкурстық өтінімінде көрсетілген ормандарды күзету, қорғау және молықтыру, орман ресурстарын өңдеу жөніндегі іс-шараларды инвестициялау;
6) орман пайдалану төлемақысының мөлшерi мен оны енгiзу тәртiбi;
7) тараптардың орман ресурстарын күзету, қорғау және молықтыру жөнiндегi мiндеттерi;
8) тараптардың шарт талаптарын бұзғаны үшiн жауаптылығы;
9) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
10) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
10-1) сәйкестендіру нөмірі;
11) Қазақстан Республикасының орман заңдарында көзделген және тараптардың қалауымен анықталған өзге деталаптар көрсетiледi.
Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 224(2012.01.01 бастап күшіне енеді), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

33-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ
мерзiмдi орман пайдалану шартының нысаны және
оны мемлекеттiк тiркеу

1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеуге жатады.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты ол мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап жасалған болып есептеледi.
Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

 

 

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде

орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман

пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу

қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/896 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қарашада № 12247 болып тіркелді

 

12. Тендерге қатысуға ниет білдiрген тұлға лоттың (лоттардың) атауын көрсетiп, тендер құжаттамасын алуға еркін түрде өтiнiш бередi, тендер құжаттамасында белгiленген талаптарға сәйкес жеке-жеке әрбір лот бойынша тендер өтiнiмiн әзiрлейдi және оны тендердi ұйымдастырушыға конвертке салынған күйiнде тiркеуге тапсырады.
Тендер өтiнiмi тiркелген сәттен бастап тендер өтiнiмiн берген тұлға тендерге қатысушы мәртебесiне ие болады.
13. Тендерге қатысушы тапсыратын тендер өтiнiмi:
1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмiн қамтитын тендерге қатысуға берiлген өтiнiмдi және оның тендер талаптарын орындау және тиiстi шарт жасасу жөнiндегi мiндеттемелерiн;
2) тендерге қатысушыға қойылатын құжаттар тiзбесiн:
жарғының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері;
ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы күшіне енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға ретінде өтінім берушінің заңды тұлғасының қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
жеке тұлғалар үшін – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда);
бухгалтерлiк теңгерiмдi, тендер өтiнiмдерi салынған конверттер ашылатын күннің қарсаңында үш айдан асатын уақытқа банк (банктер) алдында тендерге қатысушының мерзiмi өткен берешегi жоқ екенi туралы банктiң (банктердiң) немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің тендер өтiнiмдерi салынған конверттер ашылатын күннен кемінде бір ай ерте берілген анықтамасын;
салықтық берешегiнің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені туралы тендер өтiнiмдерi салынған конверттер ашылатын күннен кемінде бір ай ерте берілген мәліметтерді;
 тендерге қатысушыда орман пайдалануды жүзеге асыру, ормандарды күзету, қорғау және молықтыру жөнiндегi iс-шараларды өткiзу үшiн қажет қаражат пен өндiрiстiк қуаттарылықтардың бар екендiгі туралы құжаттарды (оның iшiнде қызметкерлердiң бар екенi және саны туралы олардың бiлiктiлiгi, мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетiлген құжаттарды);
3) ормандарды күзетуге және молықтыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, жергiлiктi халыққа қызметтер көрсетуге бағытталған ұсынылатын қосымша қызметтер мен жұмыстарды;
4) үш жыл ішінде іске асырылатын, осы жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері көрсетілген сүректі толық өңдеуді және плантацияда өсіру үшін тұқымбақ ұйымдастыру бойынша кешенді даму жоспарын қамтуға тиіс.

 

 

Қосымша 1секіру

Косымша 2секіру

Қосымша 3секіру

Қосымша 4секіру

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..