Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік экологиялық

сараптамадан өткізу процесінің схемасы

 

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, К. Либкнехт Көшесі, 19, 25-72-06

Қабылдау сағаттары: 9-00 – 18-00, үзіліс 13-00 – 14-00

сайты www.e-priroda.gov.kz

 

Назар аударыңыз: Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады. Қызмет тегін көрсетіледі.  

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімдері:

- ІІ санаттағы объектілер үшін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

- III және IV санаттағы объектілер үшін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

- ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру-3 (үш) жұмыс күнінен аспайды.

1 саты

Кім,не: Тапсырыс беруші мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге электрондық құжат нысанында өтінім береді (1-қосымша).

Өтінім тіркеледі және қарау үшін жауапты орындаушыға беріледі.

Нұсқаулық: Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесі, қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі Нұсқаулық, "II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты мен регламенті"

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін портал арқылы жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

  1. көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінім
  2. қоршаған ортаға әсер ететін көзделіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы мынадай құрамда болған жағдайда:

әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген қоршаған ортаға әсерді бағалаудың (бұдан әрі – ҚОӘБ) ілеспе материалдарымен бірге жобалау алдындағы немесе жобалау құжаттамасы;

Экологиялық кодекстің 57-2-бабының 1-тармағына сәйкес Шаруашылық қызмет түрлері үшін қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;

  1. іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін, жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары мынадай құрамда болған жағдайда:

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;

  1. эмиссиялар нормативтерінің жобалары мынадай құрамда болған жағдайда:

эмиссиялар нормативтерінің жобалары;

қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары.

Сатының нәтижесі: өтінім қабылданды және маманға қарауға жіберілді.

2 саты

Кім,не: маманның құжаттардың толықтығына және құзыреттілігіне қарауы (алдын ала сараптама).

Нұсқаулық: Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесі, қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі Нұсқаулық, "II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты мен регламенті.

Сатының нәтижесі: ұсынылған материалдар толық болмаған жағдайда немесе ұсынылған материалдар Басқарманың құзыретіне кірмесе, өтініш беруші сараптама жүргізуден дәлелді бас тартады.

2 саты

Кім, не: маман ұсынылған құжаттардың экологиялық заңнамаға сәйкестігін қарайды және мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын дайындайды. Бөлім басшысы қорытындыны тексереді және қол қояды.

Нұсқаулық: Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесі, қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық, әдістемелік ұсынымдар.

Сатының нәтижесі: "электрондық үкімет" порталындағы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жүктелген мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы.

 

 

 

№ 1 қосымша. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу өтініші

 

2. Қосымша

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің берген лицензиясы бар Өскемен қаласында тіркелген (өкілдігі бар) қоршаған ортаны қорғау саласында табиғат қорғау құжаттарын әзірлеушілердің тізімі

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..