Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн
табыс етiлетiн материалдар

 

72-бап. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн ұсынылатын материалдар

1. Табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін рұқсат беру органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда қажетті құжаттар топтамасын ұсынады.
2. I, II және III санаттардағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған құжаттар топтамасы:
1) рұқсат алуға өтiнiмдi;
2) эмиссиялар нормативтерінің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын;
3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қамтиды.
3. Жаңадан енгізілетін IV санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған оpтаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған құжаттар топтамасы:
1) рұқсат алуға өтінімді;
2) қоршаған ортаға эмиссиялардың есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген нормативтерін қамтиды.
4. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған өтiнiмнің нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Сонымен қатар «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы М. М. Құсайынов атына жолдама хат

 

Қоршаған оpтаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн өтінім

 

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығына 6-қосымша     

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін құжаттардың нысандарын толтыру қағидалары

1. І, ІІ, ІІІ санаттағы және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға немесе қайта рәсімдеуге арналған өтінімді толтыру тәртібі.

1. І, ІІ, ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға арналған 1 өтінімдегі 2 тармақ 5-7 графада мәліметтер болған жағдайда толтырылады.
2. І, ІІ, ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссия алуға арналған өтінімнің 2-5 кестесінде шығарындылар, төгінділер, өндірістік және тұрмыстық қалдықтар орналастыру, күкірт орналастыру бойынша барлық өндірістік объектілердің қорытынды мәліметері және әрбір өндірістік алаңдағы мәліметтерді көрсету арқылы толтырылады.
3. IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға арналған 1 өтінімдегі 2 тармақ 5-7 графада мәліметтер болған жағдайда толтырылады.
4. IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссия алуға арналған 1 өтінімнің 2-5 кестесінде эмиссия түрлері (ластаушы заттар шығарындылары, ағынды сулар төгінділері, өндірістік және тұрмыстық қалдықтар орналастыру, күкірт орналастыру) бойынша ластаушы заттар бөлігінде барлық өндірістік объектілердің қорытынды мәліметтері және әрбір өндірістік алаңдағы мәліметтерді көрсету арқылы толтырылады.
5. IV санаттағы объектілері бар табиғат пайдаланушылар үшін қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативті көлемі табиғат пайдаланушының мөрімен расталған есептік және аспаптық жолмен (қажетті есептеулерді келтірумен) бекітіліп және негізделеді.
6. І, ІІ, ІІІ және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қайта ресімдеу өтінімі табиғат пайдаланушының атауын немесе ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерткен, ол қайта ұйымдастырылған жағдайларда толтырылады.

2. І, ІІ, ІІІ санаттағы және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты толтыру тәртібі

7. I, II, III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың 1-4 тармақтарында (бұдан әрі - I, II, III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат) ластаушы заттардың шығарындылары, ластаушы заттардың төгінділері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, күкірітті орналастыру лимиттері жыл бойынша тонна арқылы көрсетіледі.
8. I, II, III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың 7 тармағында I, II, III санаттағы объектілер үшін рұқсат беретін органмен қолданылу кезеңіне келісілген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ табиғат пайдаланушының қабылдау (бекіту) және оның реквизиттері туралы шешімін көрсетумен жобалық құжаттамалармен белгіленген, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қортындысымен қарастырылған қоршаған ортаға эмиссияларды азайту бойынша іс-шаралардың орындалуының міндеттілігі көрсетіледі.
9. I, II, III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың № 1 қосымшада I, II, III санаттағы объектілер үшін рұқсатқа сәйкес эмиссия нормативтері жобаларына, реконструкция немесе қайта құрылған кәсіпорын объектілері жобаларының қоршаған ортаға әсерді бағалау бөлімдеріне берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының нөмірі және берілген күні көрсетіледі, олардың негізінде эмиссиялар (шығарындылар, төгінділер, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, күкірітті орналастыру) лимиттері белгіленеді және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беріледі.
10. I, II, III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың № 2 қосымшада 2007 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының № 112-п бұйрығымен бекітілген Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатқа табиғат пайдалану шарттарын қосу ережесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4656 тіркелінген) сәйкес экологиялық талаптардың және нормалардың  орындалуын қамтамасыз ететін табиғат пайдалану шарттарын қосу үшін толтырылады.
11. I, II, III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың № 3 қосымшада 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 162-ө бұйрығымен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілі тізіміне (нормативті құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8559 тіркелінген) (бұдан әрі – Үлгілі тізім) сәйкес қоршаған ортаға эмиссия нормативтері қол жеткізуді қамтамасыз ететін және рұқсат беретін органмен келісілетін Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасымен белгіленген, экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес келетін қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар көрсетіледі.
12. I, II, III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың № 3 қосымшадағы 2 графада Үлгілі тізімге сәйкес келетін қоршаған ортаны қорғау бойынша нақтылы іс-шаралар көрсетіледі. Жоспарланатын іс-шаралардың қоршаған ортаға әсері бойынша бөлімдерге байланысты толтырылады. Технологиялық схемаларлардың элементтері болып табылатын өндірістік процестерге тікелей жататын және өнім алудағы қажет ететін іс-шаралар көрсетілмейді.
13. I, II, III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың № 3 қосымшадағы 3 графада жұмыстар мен қызметтердің жоспарланатын және орындалатын іс-шараларына байланысты сандық көрсеткіш (көлем, масса, бірлік, дана, км, және т.б.) толтырылады.
14. I, II, III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың № 3 қосымшадағы 4 графада барлық жобалық кезең үшін жоспарланатын іс-шаралардың жалпы сомасы (объект, қондырғы, жабдықтардың немесе жоспарланатын және жасалған жұмыстар соммасын қосқанда) көрсетіледі.
15. I, II, III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың № 3 қосымшадағы 5 графада қаржыландыру көздері (қолданылатын қысқартылған сөздер: ж/қ – жеке қаражаттар, н/қ - несиелік қаражаттар, ш/и - шетелдік иенвестициялар, б/қ – бюджеттік қаражаттар) көрсетіледі.
16. I, II, III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың № 3 қосымшадағы 6, 7 графада іс-шара өткізудің басталуынан аяқталуына дейінгі кезеңнің ұзақтығы (өткізудің айы, жылы).
17. I, II, III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың № 3 қосымшадағы 8, 9, 10 графада табиғат пайдалану шараларының жалғасуын есептемегенде жоспарланатын жылдар бойынша бөлу сомасы көрсетіледі.
18. I, II, III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың № 3 қосымшадағы 11 графада қол жеткізілген көрсеткіштердің және негізгі ластаушы заттар бойынша мүмкін болатын төмендетуді болжаудан болатын жалпы көрсеткіштердің және келесідей мәліметтің болуы кезінде толтырылады:
- күтілетін экологиялық нәтиже - қоршаған ортаға эмиссияны төмендету көрсеткіші (жыл/тонна).
19. І, ІІ, ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатпен белгіленген жалпы көлем және ингридиенттер бойынша эмиссиялар лимиттері келесідей формула бойынша І, ІІ, ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың берілген күнінен бастап белгіленеді:
І, ІІ, ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру күнінен бастап эмиссия лимиттерін анықтауға арналған формула

М = (L/С) x N,       М = (..../...) х..... = тонна

М - табиғат пайдалану мерзіміне лимит, рұқсаттың анықталған берілген күнінен белгіленеді;
L - мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес, жалпы нормативті көлем;
N - жылдағы қалған күндер саны;
С - жылдағы нормаланатын кезең.
20. IV санаттағы объектілері үшін рұқсаттың № 1 қосымшада есептік және аспаптық жолмен және/немесе қоршаған ортаға эмиссия нормативтері жобасының, қоршаған ортаға әсерді бағалау бөлімдерінің, реконструкция немесе қайта құрылған кәсіпорын объектілері жобаларының ингридиенттер (заттар) бойынша эмиссия нормативтерінің мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларында белгіленген және негізделген ластаушы заттар шығарындыларының, ластаушы заттар төгінділерінің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру (сақталатын) көлемі көрсетіледі.
21. IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың № 2 қосымшада 2007 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының № 112-п бұйрығымен бекітілген Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатқа табиғат пайдалану шарттарын қосу ережесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4656 тіркелінген) сәйкес экологиялық талаптардың және нормалардың орындалуын қамтамасыз ететін табиғат пайдалану шарттарын қосу үшін толтырылады.
22. IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатпен белгіленген жалпы көлем және ингридиенттер бойынша эмиссиялар лимиттері келесідей формула бойынша І, ІІ, ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың берілген күнінен бастап белгіленеді:

IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру күнінен бастап эмиссия лимиттерін анықтауға арналған формула

М = (L/С) x N,     М = (..../...) х..... = тонна

М - табиғат пайдалану мерзіміне лимит, рұқсаттың анықталған берілген күнінен белгіленеді;
L - мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес, жалпы нормативті көлем;
N - жылдағы қалған күндер саны;
С - жылдағы нормаланатын кезең.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..