Іздеу

OSKEMEN EXPO-2014


 

Шығыс Қазақстан облысында 2014 жылғы 23-24 мамыр аралығында тұңғыш рет «OSKEMEN EXPO-2014» көрмесі өткізілді. Үлкен және ауқымды көрмені өткізудің мақсаты – облыстың баламалы энергия көздері мен ресурс үнемдеу саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер мен потенциалының тұсауын кесу, «Астана ЭКСПО-2017» насихаттау.

 

 

Көрмеге Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, «Астана ЭКСПО-2017» АҚ өкілдері қатысты. Сондай-ақ, ортақ идеямен біріккен және инновациялық болашаққа талпынған 12 елдің өкілдері – Нобель сыйлығының лауреаттары, ірі бизнесмендер мен ғалымдар, ғаламшардың әр түпкірінен дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты.

 

 

«OSKEMEN EXPO-2014» көрмесін өткізу шеңберінде «Жасыл апта» эгидасымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы апта Өскемен қаласының «Жас тапқырлар слеті», 2017 дана көшет егу бойынша «ЭКСПО аллеясы» акциясы, спорт әуесқойларының «Зеленая миля» жарысы, Өскемен қаласының көшелерінде велосипедпен жүріп өтуі, «Грин-Пати» жастар акциясы мен облыс орталығының көңіл көтеру орталықтарында флеш-мобтар сияқты шараларға бай болды.

 

 

«OSKEMEN EXPO-2014» өткізуге дайындық мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айында «OSKEMEN EXPO-2014» көрмесіне әлеуетті қатысушылардың арасында «Болашақтың энергиясы» жобасына конкурс өткізілді.

 

 

«Болашақтың энергиясы» конкурсы 2014 жылғы 14 наурызда аяқталды. Қарауға толық құжаттамаларымен және жобаларымен қатысушылардан 86 өтінім қабылданды. Сараптама тобының үш мәжілісінің қорытындысында 21 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

 

 

Конкурсқа Қазақстанның ғана емес өзге елдердің азаматтары қатысты, Ресей Федерациясының өкілі - өнертапқыш Вячеслав Валерьевич Першин (Санкт-Петербург) «Қазандықта ПВМ-1,0 агрегатының бу-винтті қозғалтқышын орнату» жобасымен қатысты. Қарағандының (9 жоба), Алматының (7 жоба) және Астананың (8 жоба) ғылым өкілдері ерекше белсенділік көрсетті. Конкурстық жобалардың авторларының түрлі ғылыми дәрежелері бар – бұл бакалавриат пен магистратураның студенттері, сондай-ақ, 13 ғылым-өнертапқыш, 15 ғылым кандидаты, 14 ғылым докторы, 1 Phd докторы және 2 академик.

 

 

Шетелдік қонақтар ағымдағы жылдың 23 мамырында VІІ Астана экономикалық форумының шеңберінде Елбасымен кездесті.

Аудармашылармен және волонтерлермен қамтамасыз ету мәселесін облыстың жоғарғы оқу орындары атқарды.

 

 

Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен келіссөздер жүргізілді. Алтай өлкесінен келетіндердің тізімі анықталды, ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

 

Өскемен қаласының атынан қатысатын Грин Пауэр компаниясы көрме қалқанын дайындады. Олар өздерінің өнімі - энергияны үнемдеуші лампалар мен жарық диодты шамдарды қойды (өндіруші зауыт Томск қаласында). Зауыт өкілінің сөзіне қарағанда өнім электр энергиясын 15 есеге дейін үнемдейді.

 

 

Көрмеге қатысушалар мен оның қонақтары үшін «көзіссөздер мен күтуге арналған бөлме» дайындалды. Бұл көрме қонақтарына қолайлы болу үшін жасалды.

 

 

Көрменің бағдарламасында жобаларды коммерциялау бойынша ықтимал жолдарды қарау мақсатында «Болашақтың энергиясы» жобасы конкурсының жеңімпаздарымен және «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ өкілдерімен кездесу өткізілді.

 

 

«OSKEMEN EXPO-2014» штабының бастамасымен көрмеге қатысуға «Астана ЭКСПО-2017» хатшылығы шақырылды.

 

 

 

 

 

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..