Іздеу

Көктем-жаз маусымдары басталысымен табиғат қорғау қызметінің жұмыстары да көбее түседі. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – дала және орман өрттері.

Өрттердің шығуына басты себеп болатын жағдайлар – ауыл шаруашылығы өртеулерін жүргізу, түтін шығатын түтіктері арнайы ұшқын сөндіретін жүйемен жабдықталмаған ауыл шаруашылығы және темір жол техникаларын пайдалану, демалу кездерінде отты ұқыпты пайдаланбау.

Сондай өрттердің біріне «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ Беген филиалының Дөңгелек орманшылығының аумағында 2014 жылғы 25 сәуірде болған өртті жатқызуға болады. Ұйытқи соққан желдің әсер етуімен 16,1 гектар ауданды өрт шарпыды. Өртпен 1400 м3 сүрек жойылды, мемлекетке  1 миллион 418 мың теңге залал келтірілді. Өрт болған жерде ауыл шаруашылығы техникаларын пайдаланған адамдар ұсталды. Алдан ала болжам бойынша өрттің шығуына себеп - түтін шығатын түтіктері арнайы ұшқын сөндіргішпен жабдықталмаған техниканы пайдалану. Қазіргі уақытта  осы өртке қатысты материалдар кінәлі тұлғаларды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Ағымдағы жылғы 2 мамырда «Асу-Бұлақ орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің Орталық орманшылығының аумағында сөндірілмей қалдырылған оттан орман өрті туындады, оның аумағы 7 гектар жерді қамтыды. Нәтижесінде 10 м3 сүрек жанып кетті. Келтірілген залал 224 мың теңгені құрады.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қорының аумағында қазірдің өзінде 16 орман өрті тіркелді, орман болып өткен аумақтардың жалпы алаңы 38 гектарды құрады.

Ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық заңнамалармен тиісті жауаптылық түрлері қарастырылған, бірақ өрттерді болдырмаудың тиімді жолы табиғи кешендердің  қоғам өміріндегі маңыздылығын түсінетін адамдардың саналылығы, жауапкершілікті сезіне білуге және экологиялық мәдениетке тәрбиелеу болып табылады.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..