Іздеу

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу және ІІ, ІІІ, ІV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру сияқты қызметтерді көрсетеді.

Басқарманың бөлімдері жергілікті атқарушы органдардың құзырына кіретін рұқсат беру жүйесін жетілдіру және ықшамдау бойынша қажетті жұмыс жүргізілуде. Сонымен, сапалы мемлекеттік қызметті сапамен қамтамасыз ету және әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары мен қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру мерзімдері төмендетілді. Экологиялық кодекстің 50-бабына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің мерзімі алдын ала сараптамадан өткен барлық қажетті құжаттаманы мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарына берген сәтінен бастап ІІ, ІІІ, ІV санаттағы объектілер үшін бір айдан аспауы керек. ІІ, ІІІ, ІV санаттағы объектілер үшін қайтадан мемлекеттік экологиялық сараптама өткізу мерзімі тіркелген күнінен бастап он жұмыс күнінен аспауы керек. Алдын ала сараптаманың мерзімі мемлекеттік экологиялық сараптамаға түскен күнінен бастап 5 жұмыс күнінен аспауы керек. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің орташа мерзімі 20 күнді құрайды, бұл ҚР қолданыстағы заңнамасы бойынша белгіленген ең жоғарғы мерзімнен біршама төмен.

ІІ, ІІІ, ІV санаттағы объектілер үшін өтінімдерді қарау мерзімі 2013 жылдың өткен кезеңінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру 15 күнге дейін төмендеді (ҚР Экологиялық кодексінің 74-бабына сәйкес). Енді өтінімді тіркеген сәтінен бастап он бес күнтізбелік күннің ішінде өтінім қарауға қабылданады, не болмаса қараудан бас тартылады. Қабылданған өтінімдер бір ай мерзімнің ішінде қаралады, қараудың қорытындысы бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беріледі.

Мерзімдерді қысқартудан басқа Басқарма құжаттарды қабылдау және беру рәсімдерін ықшамдау бойынша белсенді жұмыс істеуде. 2011 жылдың желтоқсанынан бастап қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін құжаттарды қабылдау Басқарманың ведомстволық порталы арқылы электронды форматта жүзеге асырылады (http://www.e-priroda.gov.kz), 2013 жылдың екінші тоқсанынан бастап қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін өтініштерді облыстың халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады.

2013 жылдың қыркүйегінен бастап экологиялық сараптаманың қорытындылары мен қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты «Е-Лицензиялау» АЖ (www.elicense.gov.kz) үкіметтік портал арқылы алуға болады, ал азаматттер мен заңды тұлғалар аталған қызметті ХҚО арқылы 2014 жылдың басынан бастап ала алады. Қазіргі кезде экологиялық сараптаманың қорытындыларын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарын оқыту жүргізілуде.

Әкімшілік кедергілерді төмендетуге тағы бір қадам «Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 461-ІV Заңын қолданысқа енгізу болып табылады. Сондықтан, осы құжат бойынша Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 37-бабының бірінші сатысы («Объектіні орналастыру үшін жер учаскесін оңтайлы таңдауды негіздеу үшін орындалатын аумақты бағалау (қоршаған ортаның жағдайына шолу)»), 208-бабы («Мақсатты тағайындауды өзгерту және жерлерді бір санаттан екіншісіне ауыстыру кезіндегі экологиялық талаптар») және 44-бабы («Қолданыстағы объектілер үшін қоршаған ортаға тиігізілетін әсерді бағалау ерекшеліктері») алынып тасталды. Осыдан келіп, экологиялық сараптамаға жер учаскесін таңдау актісінің материалдары мен қолданыстағы объектілер үшін қоршаған ортаға тиігізілетін әсерді бағалау материалдарын тапсырудың керегі жоқ, бұл кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді біршама төмендету болып табылады.

2012 жылғы 30 қаңтардан бастап (Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін) «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімін әзірлеуді аталған бөлімді әзірлеуге арналған лицензиясы бар кәсіпкерлер ғана емес, сонымен қатар құзыреті бар кез келген маман, соның ішінде тапсырыс берушінің өзі де жүргізе алады. Осылайша, «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімін әзірлеу жобаланып отырған және қайта жаңартылатын объектілердің қоршаған ортаның барлық құрауыштарына толық әсер ету аспектілерін көрсету шарты және қоршаған ортаға эмиссияға нормативтерді белгілеу кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің қосымша қаржылай шығынынсыз жүзеге асырылады.

Қоғамдық тыңдауларды жүргізу рәсімі табиғат пайдаланушылар мен жұртшылықтың көптеген сұрақтарын туындатты. Сондықтан, осы сұрақ бойынша кейбір түсініктеме жасағым келеді.

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 57-бабының 3-тармағында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға арналған І және ІІ санаттардағы объектілер үшін әзірленген қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары қоғамдық тыңдауға шығару көзделген. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 162-ө бұйрығымен бекітілген «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілі тізіміне» сәйкес әзірленуі керек.

2013 жылғы 26 наурызда Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесінде өзгерістер болды. Жоғарыда жазылған ережелердің 1-тарауының 7 және 8-тармақтарына және 2-тарауының 18-тармақтарына сәйкес жобаларды және жоспардың жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар, сондай-ақ, қоғамдық тыңдаулардың өткізілетін уақыты мен орнын тапсырыс беруші жүргізілетін жұмыс кімнің аумағында жоспарланса сол жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісуі қажет. Хабарландыру БАҚ және жергілікті атқарушы органдардың Интернет-ресурсында қоғамдық тыңдауларды жүргізуге 20 күн қалғанда, ал хаттамасы қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қалалар мен аудандардың сайттарында жарияланады, өйткені қоршаған орта мен азаматтардың денсаулығына әсер ететін жобаларды іске асыру мүдделі жұртшылықтың аумағында жүзеге асырылады.

Жоспарланған қызметтің объектілері мен қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың жоспарлары туралы шындыққа сай және толық ақпаратты уақытында алу үшін Басқарманың сайтында «Қоғамдық тыңдаулар» сайты бар, онда қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру орналастыруға болады, сондай-ақ, жұртшылықтың өкілдері өздерінің лебіздерін білдіре алады.

Соңында әкімшілік кедергілерді төмендету және рұқсат беру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстардың жалғастырылатынын айту қажет. 2013 жылдың қаңтарында Басқарманың қызметкерлері рұқсат беру құжаттары мен лицензияларды оңтайландыру және авторландыру, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ, жергілікті деңгейде әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша облыстық жұмыс тобының мәжілісіне белсенді қатысты. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мақсатымен экологиялық сараптаманың қорытындылары мен қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуға арналған барлық қажетті ақпарат Басқарманың сайтында орналасқан, сайтта жоғарыда жазылған қызметтерге тапсырылған өтініштердің тізімі апта сайын жаңартылып отырады.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..