Іздеу

Жаңа жыл шыршасы туралы

 

 

Ерте кезде шыршаны Жаңа жылда үйге қою үшін кеспеген. Оны қадір тұтқан, безендіріп, бүкіл ауыл болып қол ұстасып айнала ән айтып, би билеген. Жекелену кезінде әр адам шыршаны өз үйінде қойғысы келді. Сонымен қатар  ертерек кезде ағашқа тамақ  іліп қойса – аңшылардың-құс аулаушылардың қанжығасы майланады деп санаған. Нәтижесінде мұның бәрі экологиялық күйзеліске әкеліп соқты.

Жаңы жылды шыршамен қарсы алу дәстүрі Ресейде І Петр кезінде пайда болды. 1699 жылы  Петр патша Жаңа жылға қатысты бұйрық шы­ғарды, Рождество Христовадан басталатын жаңа жыл санауды енгізді және жаңа жылды европадағыдай 1 қаңтардан бастап тойлауды бұйырды.  Бұйрық бойынша  Мәскеу тұрғындарының үйінде  безендірілген шырша немесе қарағай бұтақтары тұруы және бұл мереке жоғары дең­гейде тойлануы қажет болған.

І Петр қайтыс болғаннан кейін  жаңа жыл шыршасын үйге қоймайтын болды. Тек  трактирлердің қожайындары ғана өз үйлерін шыршамен безендірген және де ол шыршалар жыл бойы тұрған, «елки-палки» атауы сол кезден пайда болған. Жаңа жылды тойлау және шырша қою дәстүрі ІІ Екатерина кезінде қайта жаңғырды. Ал шыршаны ХІХ ғасырдан бастап ғана безендіре бастады. Петербургте бірінші Жаңа жылдық шыршаны сонда тұратын немістер қойған деп айтылады. Бұл дәстүрдің қала халқына ұнағаны сондай, олар шыршаны өз үйлеріне орната бастады. Бұл дәстүр империя астанасынан басталып бүкіл елге тарала бастады.  Ерте кезде шыршаны әртүрлі тәттілермен: түрлі-түсті тысы бар жаңғақтармен, кәмпиттермен және көкеністермен безендірген. Бұтақтарында балауыз шамдар жанып тұратын, кейінірек оларды электр шамдары алмастырды. Ал жалтырауық шарлар бертін келе, шамамен 100 жыл бұрын пайда болған. Шыршаның ұшар басына Вифлеем жұлдызы  қойылды, соңынан оның орнын бес бұрышты қызыл жұлдыз басты.

Өткен ғасырдың 20-жылдарында большевиктер «буржуазияның ерігуі» және «ескі режімнің дәстүрі» ретінде   шырша қоюға және Жаңа жылды тойлауға тыйым салды. Сондай-ақ олардың пікірінше «жаңа жыл мейрамы» күнтізбеде поп Рождествосына жақын орналасқан. Сол кезден бастап жаңа жыл мейрамы «жасырын» мейрамға айналды, кейбір отбасылары  ғана жасырып тойлайтын болды.

1935 жылы партия қызметкері Павел Постышев Жаңа жыл мерекесін ақтап алды және 1936 жылы Одақтар үйінің Колонна залында балалар мен жастарға арналған шырша орнатылды. Көптеген жылдар бойы ұмытылып келген орман сұлуы  мәңгілік жасыл және ертегідей сұлу қалпында  біздің өмірімізге біржола кірді. 1954 жылы алғаш рет Кремль шыршасы орнатылды және күні бүгінге дейін сол дәстүр жалғасып келеді.

Жаңа жылда тірі қылқанжапырақты ағаштарды қолдану міндетті түрде орманға залал келтірумен байланысты емес. Әдетте жаңа жыл шаршаларын ағаштар өспейтін плантацияларда (электр берілісі магистралінің астындағы ағаштар мен бұталардан ұдайы тазартылып отырылатын орман соқпақтарында) арнайы өсіреді. Сонымен қатар жаңажылдық қылқанжапырақты ағаштарды плантацияда өсіру орман шаруашылығынан түсетін табыс көздерінің бірі болып табылады, ал түскен қаражат ормандарды қорғауға, оларды күтіп баптауға және әртүрлі қоқыстардан тазартуға және басқа да пайдалы мақсаттар үшін пайдаланылады.

Жаңажылдық шыршалар оларды кесуге  болмайтын жерлерде браконьерлік жолмен  дайындалған жағдайда, әсіресе бағалы жас талдар және сирек кездесетін бұталар  (мысалы, арша) кесілгенде табиғатқа залал келтіріледі. Үлкен қалалар мен халқы тығыз орналасқан елді мекендердің маңайында мұндай кесулерден  орманға едәуір залал келтірілуі және олардың табиғи жаңғыру үрдісін бұзуы мүмкін.

Пластиктен жасалған жасанды шыршаларды пайдалану анағұрлым тиімді және арзанға түседі. Орманда браконьерлікпен кесілген тірі ағашты сатып алғанннан, көп рет пайдалануға болатын пластиктен жасалған жасанды шыршаны пайдаланған артық.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..