Іздеу

Ормандарды өрттен қорғайық!

 

Қазақстан орманы аз мемлекеттердің қатарына жатады. Қазақстанда ормандар біркелкі орналаспаған және жалпы ауданның 4 %-ынан сәл көбірек жерді алып жатыр. Көлемінің аздығына қарамастан ормандар климатты реттейтін, егіс-топырақ қорғайтын, су  сақтайтын және санитарлық-гигиеналық функцияларды атқарады және еліміздегі биологиялық әралуандық мекендейтін табиғи орта болып табылады.

Бағалы қылқанжапырақты және жапырақты ормандар  республика аумағының 1,2 %-н ғана алып жатыр және төзімділігінің  және өсіп-өну қабілетінің төмендігімен сипатталады.  Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры  3 млн 600 мың га ауданда  орналасқан. Ормандарды қорғауды 17 орман иеленуші жүзеге асырады. Орман күзетінің басты міндетінің бірі ормандарды орман өрттерінен қорғау болып табылады.

Орман – табиғаттың сыйы!

Ол тек тамақ пен шікізат көзі, біздің планетамыздың «өкпесі» ғана емес.  Орман –  адамдарға емдік әсер ететін, күші мен қайратын қалпына келтіретін, өсімдіктер мен  жануарлар дүниесінің әртүрлігінен эстетикалық ләззат  алуға мүмкіндік беретін денсаулық қоймасы.

Жасыл желек арасында қаланың қапырығы мен шаңы, мазаны алар шуы жоқ кеудені керіп дем алуға болады.  Гүл мен шөптің жұпар исін жұтып, құстардың  сайраған дауысын тыңдап табиғаттың сұлулығына тамсанамыз. Орманда өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан осы кереметтің бәрі әп-сәтте өртпен аяусыз жойылады.

От – орманның қатыгез жауы.

Ол оған орны толмас және мағынасыз зиян келтіреді, орман алқаптарын аяусыз жояды, орманның рекреациялық, егіс-топырақ қорғау және су сақтау функцияларын бұзады.

Өртпен орман өсімдіктері ғана емес, көптеген құстардың ұялары, жас және ересек жануарлар, терісі бағалы аңдар мен құстардың азық қоры, ормандағы құрылыстар, дайындалған сүректер және жануарлардың азығы, электр берілісі мен байланыс желілері, ағаш көпірлер және басқа халық шаруашылығы объектілері жойылады.

Орман өрттері негізінен адамдардың кінәсінен туындайды. Ол орманда жұмыс істейтін және демалатын туристердің, жидек және саңырауқұлақ терушілердің, балық аулаушылар мен аңшылардың отқа ұқыпсыз қарауының нәтижесінде болады.

Өрт қауіпі бар маусымға дайындалу мақсатында орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері орман өрттері туындай қалған жағдайда олармен күресу үшін күштер мен құралдардың өзара  іс-қимыл іс-шараларының жоспарын әзірлейді, оған аудан әкімдерінің және МОҚ жерлерімен жерлері шекаралас жатқан барлық заңды тұлғалардың және шаруа қожалықтарының басшыларының қолдары қойылады. Осы іс-шаралар  мақсатты қаржылық қамтамасыз етіледі және олардың орындалуына бақылау жүргізіледі.

Орман өрттерін сөндіруден оның алдын алу әлдеқайда оңай. Өрт қауіпі бар маусымда, яғни қар ерігеннен бастап күзгі  толассыз жауын-шашынға немесе қар жауғанға дейінгі мерзімде мыналарға тыйым салынады:

  • арнайы көрсетілмеген және белгіленбеген орындарда от жағуға;
  • жанып тұрған шырпыны, темекі күлін тастауға және темекі тартатын трубкалардан ыстық шоқтарды қағып түсіруге;

  • аң аулау кезінде тез немесе бықсып жанатын материалдардан жасалған оқ тығындарын пайдалануға;

  • орман алаңқайларында, алаңдарда, шалғындарда шөптерді жағуға және мемлекеттік орман қорының егістік даларында және ормандарға іргелес жатқан учаскелерде аңыздарды өртеуге.

Жаңа басталып келе жатқан орман өрттерін байқаған жағдайда бірден  су құю, жасыл бұтақтармен сабалау, құм жіне топырақ себу, таптау арқылы отты сөндіру шараларын  қолданыңыз.

Өз күштеріңізбен өртті сөндіру мүмкін болмағанда міндетті түрде  орман күзеті қызметкерлерін, полицияны және жергілікті билік өкілдерін хабардар етіңіз.

 

Орманда отпен абай болыңыз!

Орман – адамның досы, досыңды қарашығыңдай сақтай біл!

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..