Іздеу

Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктердің жойылуының жолын кесу бойынша қабылданған шаралар жөніндегі ақпарат

 

Шығыс Қазақстан бүкіл әлемге өзінің табиғи ресурстарымен белгілі елдің аса бай аймақтарының бірі.

Облыста қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктердің 56 түрі бар. Биік тауда өсетін және медицинада кең қолданылатын кәдімгі сәлдегүл (таушымылдық (қызыл гүл) сирек өсімдіктердің бірі болып табылады.

Өкінішке орай бүгінгі күні таушымылдықтың өсу аумағы артпай отыр. Оған негізгі себеп саңырауқұлақтарды (Кордицепс) жинау болып табылады. Кордицепстің мыңдаған түрлері бар, олардың әрқайсысы жәндіктердің жекелеген түрінде «мамандандырылады» (құмырсқалар, көбелектер, қоңыздар, шыбындар және т.б.).

Шығыс Қазақстан аумағында көбелек құртының денесінде паразитті өмір сүретін Қытай кордицепсі басым (Hepialus armoricanus).

Саңырауқұлақ спорасымен зақымдалған құрт өледі, ал саңырауқұлақ бұтақ түрінде өседі. Құнды және жоғалу қаупі бар өсімдік түрлерінің тамырын бұзбай Ярсагумба деп аталатын осы түрді жинау жүргізіледі.

Алайда, құрттар өмір сүретін ортаға жақын орналасқан елді-мекендердің тұрғындары қазылған өсімдікті жерде қалдырып, кәдімгі сәлдегүлді жоя отырып (қазып) Кордицепсті жинауды жүргізеді.

Таушымылдықтың аталған түрін сақтау мақсатында облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен оның құрылымдық бөлімшелері, орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отряды, Марқакөл орман шаруашылығы, сондай-ақ Марқакөл қорығының инспекторлары және ішкі істер департаментінің қызметкерлері бірлескен іс-шараларды жүргізуде.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша, тамыз айының басындағы жағдай бойынша 14 адам ұсталды. Заңнаманы бұзу деректері бойынша материалдар қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Бұдан басқа, Басқарма құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тұрақты негізде қолданыстағы заңнаманың нормалары туралы халыққа хабарлауды жүзеге асырады. Ағымдағы жылдың өзінде ғана 2112 семинар, әңгіме, дәріс өткізілді, 351 ақпараттық аншлаг орналастырылды, бұқаралық ақпарат құралдарында табиғи ресурстарға ұқыпты қарау тақырыбы бойынша 34 мақала жарияланды, 5396 үнпарақ таратылды.

Аталған жұмыс орындарда жалғасатын және күшейтілетін болады.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..