Іздеу

ЕҚТА қызметінің кейбір мәселелері туралы

 

Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы www.zakon.kz ақпараттық порталында және Oskemen.info сайтында орналастырылған «Прокуратура Шығыс Қазақстан табиғат қорғау мекемелерінің қызметіндегі бірқатар бұзушылықтарды анықтады» деген ақпаратқа мыналарды хабарлайды:

Тұрақты жер пайдалану құқығына актілер жөнінде.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жалпы ауданы 643477 гектарды құрайды. Мекемеде 576938,9 га аумаққа 2009 жылғы 27 қаңтарда № 0111411 тұрақты жер пайдалану құқығына акті ресімделген, қалған 66538,1 аумаққа қаржыландырудың болмауына байланысты тұрақты жер пайдалану құқығына акті ресімделмеген. Ұлттық парк толық ресімделмеген аумақтарға  тұрақты жер пайдалану актісін ресімдеу үшін  30 млн.теңге сомасында қаржыландырудың қажеттілігі туралы жыл сайын Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне өтінім береді.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 2011 жылғы өрт қауіпі бар маусымға дайындығы мәселесі жөнінде.

Катонқарағай МҰТП 2011 жылдың өрт қауіпі бар маусымына дайын жағдайда болды:

- Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша орман өрттерін сөндірудің 2011 жылға арналған жедел жоспары жасалған және Катонқарағай ауданы әкімімен бекітілген;

- дала және орман өрттерімен күрес бойынша 7 ауылдық округтің әкімдерімен өзара келісім жасалған;

- 4 шаруа қожалығымен және 26 жеке тұлғамен өрттерді сөндіру бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасалған;

- мекемелердің және жақын орналасқан ауыл тұрғындарының ішінен жалпы саны 291 адамнан тұратын ерікті өрт дружиналары құрылды;

- жанар-жағармай қоры жасалды;

- өрттің алдын алу мақсатында қосымша 5 км минералдандырылған жолақтар орналастырылды, 170 км минералдандырылған жолаққа күтім жасалды, 30 км өртке қарсы мақсаттағы жолдар жөнделді, 4 уақытша бақылау-өткізу бекеттері және 10 қадағалау нүктелері  орнатылды, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі тақырыбында аншлагтар, плакаттар, буклеттер дайындалды.

Катонқарағай МҰТП-нің өкілеттігіне жататын барлық өртке қарсы іс-шаралар орындалды.

«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 Қаулысына сәйкес техникамен және өзге де өртке қарсы жабдықтармен жарақталмау мәселесі  де қаржыландыруға байланысты.

2011 жылғы өрт қауіпі бар маусымның қорытындылары бойынша ұлттық парктің аумағында жалпы ауданы 9,48 алаңда 17 жану оқиғасы тіркелді. Жедел әрекет ету және өрттерді уақытында сөндірудің арқасында оттың ауқымды аумақтарға таралуына жол берілмеді.

ЕҚТА-ға болғаны үшін ақы төлету.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, яғни Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығында  болғаны үшін ақы төлету спорттық-әуесқойлық аң аулау кезінде жергілікті халықтың қажеттілігі үшін  жүргізіледі, «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзет аймағында тұратын жергілікті халықтың қажеттілігі үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау ережесін бекіту туралы»  ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 289 бұйрығы. Ұрынхай ауылында бақылау-өткізу бекеті жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ЕҚТА-ны пайдаланғаны үшін сома 18156 теңгені құрады.

Марқакөл қорығы 3 экологиялық маршрут әзірледі және Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бекітілді, бұл туристік соқпақтар қорықтың қорғау аймағы  арқылы өтетіндіктен ЕҚТА-да болғаны үшін ақы алынбайды.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..