Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

Басқарма басшысының блогы

Нұрғалиев Медет Нұрмолдаұлы

1978 жылы 02 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы Асу-Бұлақ ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Шығыс Қазақстан облысының Өскемен политехникалық колледжін бітірген. Мамандығы бойынша техник-технолог.

2001 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Мамандығы бойынша инженер-экономист, менеджер.

2009 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Мамандығы бойынша тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.

2014 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша құқықтану.

Еңбек жолы:

24.04.2000-12.04.2002 жж – Өскемен қаласының «Востоктрансстрой» ЖАҚ мастері;

12.04.2002-18.07.2003 жж – Өскемен қаласы бойынша салық комитетінде салық инспекторы;

18.07.2003-31.12.2004 жж – Шығыс Қазақстан облысының табиғатты қорғау бағдарламалары басқармасының бас маманы;

01.01.2005-31.12.2007 жж – Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты реттеу Департаментінің бас маманы;

01.01.2008 - 23.06.2008 жж – Шығыс Қазақстан облыстық Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы;

24.06.2008-03.03.2010 жж. – Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының табиғат қорғау бағдарламалары бөлімінде бас маман;

03.03.2010-18.12.2013 – Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының табиғат қорғау бағдарламалары бөлімінің басшысы;

18.12.2013-25.08.2017 – Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары;

28.08.2017 ж. бастап Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы болып тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды (10.11.2011ж.).

Соңғы жылдары өткізіліп жатқан мақсатқа лайық қадамдар қоршаған ортаның жағдайы мен орман шаруашылығы саласының біршама тұрақтанғаны туралы айтуға мүмкіндік береді деп санаймын. Бұған қоса, жүргізілген талдау біздің басқарманың құзыретіне жататын ең өзекті және бірінші кезекте шешуді талап ететін проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді. Алайда, облыста жүргізіліп жатқан жұмыстың басты бағасын өңіріміздің тұрғындары мен азаматтары беруі тиіс. Сондай-ақ мен блог оқырмандарынан байланыс күтемін – пікір жазыңыздар, ой-пікірлеріңізбен бөлісіңіздер, ұсыныстар енгізіңіздер.

Осы жаңа ресурс Сіздерге пайдалы болады деп үміттенемін!

Төменде Сіздерге біздің облыстағы бірқатар өзекті проблемаларға шолу ұсынамыз.

Сұрақ қою
1000 максимум символов

"БИПЭК АВТО Казахстан" ЖШС 2016 жылгы 14 шілде күні сағат 10:00-де ШҚО, Глубокое ауданы, Профсоюзная көшесі, 34, Әкімдік ғимараты мекен-жайында болып өтетін «ШҚО, Глубокое ауданы, Бобровка ауылына жакын орналасқан «Нур Тау» демалыс базасының электр қондырғыларын косу» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Мүдделі тұлғалар белгіленген қызмет материалдарымен: Өскемен каласы, Тәуелсіздік даңгылы, 92/1, тел 8(7232)516469 мекен-жайы бойынша танысуына немесе depstroy12@bipek.kz электронды адресіне хат жолдауына болады.

«АзияПроектСтрой» ЖШС «Волна» демалыс орнын қайта құру» жобасын жүзеге асыру бойынша қоғамдық тыңдалымдарды жүргізу туралы хабарлайды. Ағын суларды тазарту құрылғыларын орнату. Қоғамдық тыңдалымдар 2016 жылы 30 маусымда Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облысы, Жаңа Бұқтырма кенті, Коммунистік көш. Мекен-жайы бойынша «Мәдениет үйінде» сағат 14.00-де өтеді. Қоғам өкілдері ШҚО «Серебрянск» қ. «Из рук в руки» газет сайтында материалдармен толық таныса алады.

Барлық ескертулер мен ұсыныстар aziyaproektstroy@mail.ru электрондық поштасына қабылданады.

Анықтама телефоны: 8 (7232) 49-25-25 – «АзияПроектСтрой» ЖШС, 8 777 223 81 01

«Қамқор Локомотив» ЖШС «Шығыс Қазақстан облысының Қызмет көрсету орталығы, Аягөз қаласы, Мәженов көшесі, № 1Д» жұмыс жобасына Қоршаған ортаға әсерді бағалау жобасы бойынша қоғамдық тыңдалым өтетіндігін хабарлайды. Өткізу орны: Щығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, Мәженов көшесі, № 1Д. Өткізу күні 2016 жылғы 13 маусым, сағат 12.00, телефон 8(7172) 23-70-50.

Материалдардың қағаз түрімен Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, Мәженов көшесі, № 1Д мекен-жайында танысуға болады.

Ескертулер мен ұсыныстарды atameken_eco@mail.ru,электрондық мекенжайдан материалдардың электрондық түрін сұрауға болады.

"БИПЭК АВТО Казахстан" ЖШС 2016 жылғы 30 маусымда сағат 10:00-де ШҚО, Глубокое ауданы, Профсоюзная көшесі, 33, «Бобровская орта мектебі» КМК мекен-жайында «ШҚО, Глубокое ауданы, Бобровское орман шаруашылығы мекен-жайы бойынша орналасқан «Рощино» рекреациялық-ландшафттық аймағының құрылысы жобасы» жөнінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді. Қызығушылық танытқан тұлғалар белгіленген қызмет материалдарымен Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 92/1, тел 516469 мекен-жайы бойынша танысуына немесе depstroy12@bipek.kz электронды адресіне хат жолдауына болады.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..