Жаңалықтар

Іздеу

Мемлекеттік қызметтердің көрсету реті

Азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі

 

 

 

 
Құсаинов Мұрат Манарбекұлы
Басқарманың басшысы
 
 
 

Қабылдау сағаты:

Апта сайын сейсенбі күні: сағат 15.00-17.00

Қабылдау орны: Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, 4 қабат, № 406 кабинет

Жеке қабылдау үшін жазылу (байланыс деректері): Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, 4 қабат, № 406 кабинет, телефоны 25-73-20

 

 

Есентаев Арман Нагашибаевич

Орман, аңшылық және балық шаруашылығы жөніндегі басшының орынбасары

 

 

 

Қабылдау сағаты:

Апта сайын сәпсенбі күні: сағат 16.00-18.00

Қабылдау орны: Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, 3 қабат, № 301 кабинет

Жеке қабылдау үшін жазылу (байланыс деректері): Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, 4 қабат, № 406 кабинет, телефоны 25-73-20

 

 

Табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі басшының орынбасары

 

 

 

Қабылдау сағаты:

Әр апта бейсенбіі күні: сағат 15.00-17.00

Қабылдау орны: Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, № 302 кабинет

Жеке қабылдау үшін жазылу (байланыс деректері): Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, 4 қабат, № 406 кабинет, телефоны 25-73-20

 

Жаманбаев Бақытбек Қамбекұлы

Әдеп жөніндегі уәкіл - әкімшілік бөлімінің басшысы

Қабылдау сағаты:

Әр айдың соңғы сәрсенбісі: сағат 16.00-17.00

Қабылдау орны: Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, № 413 кабинет

Жеке қабылдау үшін жазылу (байланыс деректері): Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, 4 қабат, № 406 кабинет, телефоны 25-73-20

 

Басқарма басшысы азаматтарды Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі 19 үй, 406 кабинет мекен-жайы бойынша қабылдайды.

Азаматтарды қабылдау, қабылдауға жазылу мен өтініштерді қарау тәртібі туралы сұрақтар бойынша ақпаратты 25-73-47 телефоны бойынша алуға болады.

Басқарма басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі сайттың «Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі» - «Азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі» бөлімінде орналасқан.

Азаматтарды қабылдау және өтініштерді қарау тәртібін сақтауды ұйымдастыру жөніндегі барлық сұрақтар бойынша 

әдеп жөніндегі уәкіл - әкімшілік бөлімінің басшысы – Бақытбек Қамбекұлы Жаманбаевмен 25-76-41 телефоны арқылы хабарласа аласыз.

Басқарманың қызметі туралы ауызша нысандағы ақпаратты Сіз құзыреттілігіне сәйкес басқарма бөлімдерінің басшыларынан ала аласыз. Байланыс телефондары сайттың «Мемлекеттік қызметтредің көрсету реті» - «Лауазымды тұлғалар» бөліміне орналасқан. Басқарма бөлімдерінің құзыреті туралы ақпарат пен байланыс телефондары сайттың «Жалпы ережелер» - «Құрылым мен байланыстар» бөлімінде орналасқан.

Лауазымды тұлғалар

 

Басқарма басшысы – Құсаинов Мұрат Манарбекұлы, телефоны 25-73-47

 

 

Орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі басшысының орынбасары – Есентаев Арман Нағашыбайұлы, телефоны 25-70-82

 

 

Табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі басшысының орынбасары –

 

 

Әкімшілік бөлімінің басшысы – Бақытбек Қамбекұлы Жаманбаев, телефоны 25-76-41

 

 

Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы –  Дәурен Имашұлы Асылханов, телефоны 25-73-02

 

 

Жануарлар әлемін қорғау және балық шаруашылығы бөлімінің басшысы - Амиров Мерхат Муслимханұлы, телефоны 25-91-84

 

 

Табиғат қорғау бағдарламалары бөлімінің басшысы – Аяулым Еркінқызы Кайдарова, телефоны 25-93-55

 

 

Экологиялық сараптама бөлімінің басшысы – Наталья Владимировна Анфилофьева, телефоны 25-72-06

 

 

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау бөлімінің басшысы – Айнұр Ерболқызы Ақмырза, телефоны 25-84-76

 

 

Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы – Ақмарал Ерболқызы Ерболова, телефоны 25-87-03

 

 

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік экологиялық

сараптамадан өткізу процесінің схемасы

 

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, К. Либкнехт Көшесі, 19, 25-72-06

Қабылдау сағаттары: 9-00 – 18-00, үзіліс 13-00 – 14-00

сайты www.e-priroda.gov.kz

 

Назар аударыңыз: Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады. Қызмет тегін көрсетіледі.  

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімдері:

- ІІ санаттағы объектілер үшін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

- III және IV санаттағы объектілер үшін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

- ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру-3 (үш) жұмыс күнінен аспайды.

1 саты

Кім,не: Тапсырыс беруші мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге электрондық құжат нысанында өтінім береді (1-қосымша).

Өтінім тіркеледі және қарау үшін жауапты орындаушыға беріледі.

Нұсқаулық: Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесі, қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі Нұсқаулық, "II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты мен регламенті"

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін портал арқылы жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

  1. көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге өтінім
  2. қоршаған ортаға әсер ететін көзделіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы мынадай құрамда болған жағдайда:

әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген қоршаған ортаға әсерді бағалаудың (бұдан әрі – ҚОӘБ) ілеспе материалдарымен бірге жобалау алдындағы немесе жобалау құжаттамасы;

Экологиялық кодекстің 57-2-бабының 1-тармағына сәйкес Шаруашылық қызмет түрлері үшін қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;

  1. іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін, жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары мынадай құрамда болған жағдайда:

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;

  1. эмиссиялар нормативтерінің жобалары мынадай құрамда болған жағдайда:

эмиссиялар нормативтерінің жобалары;

қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары.

Сатының нәтижесі: өтінім қабылданды және маманға қарауға жіберілді.

2 саты

Кім,не: маманның құжаттардың толықтығына және құзыреттілігіне қарауы (алдын ала сараптама).

Нұсқаулық: Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесі, қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі Нұсқаулық, "II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты мен регламенті.

Сатының нәтижесі: ұсынылған материалдар толық болмаған жағдайда немесе ұсынылған материалдар Басқарманың құзыретіне кірмесе, өтініш беруші сараптама жүргізуден дәлелді бас тартады.

2 саты

Кім, не: маман ұсынылған құжаттардың экологиялық заңнамаға сәйкестігін қарайды және мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын дайындайды. Бөлім басшысы қорытындыны тексереді және қол қояды.

Нұсқаулық: Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесі, қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулық, әдістемелік ұсынымдар.

Сатының нәтижесі: "электрондық үкімет" порталындағы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жүктелген мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы.

 

 

 

№ 1 қосымша. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу өтініші

 

2. Қосымша

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің берген лицензиясы бар Өскемен қаласында тіркелген (өкілдігі бар) қоршаған ортаны қорғау саласында табиғат қорғау құжаттарын әзірлеушілердің тізімі

Жобаны әзірлеушілердің тізімі
№ п/п Ұйымның атауы Мекен-жайы, телефон Жұмыстардың бағыты
1 Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Атмосфера» ҒЗЗ

Өскемен қ, Серікбаев көшесі, 19

тел. 54-11-25

Табиғат қорғауды жобалау және нормалау
2

И.В. Чупилко ЖК

«ЭКО2» ЖШС

Өскемен қ, Дзержинский көшесі, 24-51,

тел. 53-41-18

Табиғат қорғауды жобалау және нормалау
3

«Лаборатория-Атмосфера» ЖШС,

О.А. Ткаченко ЖК

Е.А.Можаев ЖК

Өскемен қ, Потанин көшесі, 35,

тел.: 61-05-32 (қабылдау)

76-70-39 (экологиялық бөлім)

8 777 783-54-60

1. Табиғат қорғауды жобалау және нормалау.

2. экологиялық сараптама жұмыстары.

3. Экологиялық аудит.

4

«ECO AIR» ЖШС

Өскемен қ, Астана көшесі, 4,

тел.61-45-06

Табиғат қорғауды жобалау және нормалау
5

«Эколира» ЖШС

Өскемен қ, Потанин көшесу, 21-2, тел.       76-63-10, 766-556 Табиғат қорғауды жобалау және нормалау
6

ШҚО филиалы «Экосервис С» ЖШС

Өскемен қ, Виноградов көшесі, 29/1,

тел. 75-26-76

1. табиғат қоғауды жобалау

2. табиғат қорғауды нормалау

3. Экологиялық сараптама жұмыстары

4. Экологиялық аудит

7

«ИЛ «НПО           «ВК-ЭКО» ЖШС,

«ИНПЭКО»ЖШС

Өскемен қ, Потанин көшесі, 12

тел. 76-52-32

Табиғат қорғауды жобалау және нормалау
8
«ВК-Экопром» ЖШС

Өскемен қ, Потанин көшесі, 25/3

тел. 54-13-21,

Табиғат қорғауды жобалау және нормалау
9
«ЦентрЭКОпроект» ЖШС

Өскемен қ, Потанин көшесі, 12,

тел. 76-82-15

1.      Табиғат қорғауды жобалау.

2.      Табиғат қорғауды нормалау.

10
«Каздорпроект» ЖШС

Өскемен қ, Буров көшесі, 69

тел.: 26-29-89, 24-14-41

факс 24-22-01

Табиғат қорғауды жобалау және нормалау
11 «Промхимэко» ӨК

Өскемен қ, Ворошилов көшесі, 91

тел.: 75-24-04, 22-48-78

Табиғат қорғауды жобалау және нормалау
12

«Казгипроцветмет» ЖШС

Өскемен қ, Ворошилов көшесі, 156,

тел.: 20-82-23, 22-62-05

e-mail: kgcm@ukg.kz

Табиғат қорғауды жобалау және нормала

13 «ВНИИцветмет» ЕМК

Өскемен қ, Өнеркәсіптік көшесі, 1

тел. 22-13-13

Табиғат қорғауды жобалау және нормалау
14

«Геоэкопроект» ЖШС

Өскемен қ, Қ. Кайсенов көшесі,

30А-27,

тел. 24-12-45

1. табиғат қоғауды жобалау

2. табиғат қорғауды нормалау

3. Экологиялық сараптама жұмыстары

15
"ҮМЗ" АҚ ҮЖКИ

Өскемен қ, Абая даңғ, УПКИ

тел.: 29-82-83, 29-83-32

1. табиғат қоғауды жобалау

2. табиғат қорғауды нормалау

3. Экологиялық сараптама жұмыстары

16

«Геоин-центр-Восток» ЖШС

Өскемен қ, Киров көшесі, 41-15

тел. 24-91-38

1. табиғат қоғауды жобалау

2. табиғат қорғауды нормалау

3. Экологиялық сараптама жұмыстары

17

«Алтайтехэнерго» ЖШС

Өскемен қ, Ворошилов көшесі, 91,

тел. 52-47-76

1. табиғат қоғауды жобалау

2. табиғат қорғауды нормалау

3. Экологиялық сараптама жұмыстары

18 «Казахстанский проектно-инжиниринговый центр Литера 3» ЖШС

Өскемен қ, Доватор көшесі,7/1

тел. 51-01-92

1.      Табиғат қорғауды жобалау.

2.      Табиғат қорғауды нормалау.

19
«ПИИ Семстройпроект» ЖШС

Семей қ, ул. Шугаева, 4,

тел.: 8 (7222) 56-05-13, 52-33-19

1.      Табиғат қорғауды жобалау.

2.      Табиғат қорғауды нормалау.

20

«Казэкология»

ЖШС

Семей қ, Б. Момышұлы көшесі, 20-7

тел. 8 (7222) 56-37-99

1.      Табиғат қорғауды жобалау.

2.      Табиғат қорғауды нормалау.

21

«TITECO-ШЫҒЫС» ЖШС

г. Семей,

тел.: 8 (7222) 77-01-06,

8 705 465-79-97

1. табиғат қоғауды жобалау

2. табиғат қорғауды нормалау

3. Экологиялық сараптама жұмыстары

22

«Водпроект» ЖШС

г. Семей, 15 микрорайон, 27В-48,

тел. 8 (7222) 34-58-55

e-mail: vodproekt_ss@mail.ru

1.      Табиғат қорғауды жобалау.

2.      Табиғат қорғауды нормалау.

23 «ЭКО-САД» ЖШС

г. Семей, ул. Б. Момышулы, 19А

тел.: 8 (7222) 44-43-43, 36-05-77

1.      Табиғат қорғауды жобалау.

2.      Табиғат қорғауды нормалау.

24 «ЭсБи Констракшн ЛТД» ЖШС

г. Семей, ул. Интернациональная, 45, 2 этаж

тел. 8 (7222) 44-29-13

Табиғат қорғауды жобалау.

Табиғат қорғауды нормалау.

25 Т.С.Мухамеджанов ЖК

г. Семей

тел. 8 777 742-41-48

1.      Табиғат қорғауды жобалау.

2.      Табиғат қорғауды нормалау.

26 «Сем Экосревис» ЖШС

г. Семей, ул. Б. Момышулы, 20

тел. 8 777 513-11-12,

8 747 836-79-11

1.      Табиғат қорғауды жобалау.

2.      Табиғат қорғауды нормалау.

27 И.А. Авдеев ЖК

Риддер қ,

тел. 8 777 278 23 27

  1. Табиғат қорғауды жобалау.
  2. Табиғат қорғауды нормалау.

Қазақстан Республикасының Орман кодексі

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі кодексі

 

31-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ
мерзiмдi орман пайдалану

1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға тендер хаттамасы негiзiнде және кейiн мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасындағы шартпен ресiмделе отырып берiледi.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қаражаты мен өндiрiстiк қуаттары және тиiстi бiлiктiлiкке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiледi.
2-1. Сүрек дайындау үшiн орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға бекіту жөніндегі тендерге қатысуға мынадай талаптарға сай келетін жеке және заңды тұлғалар жіберіледі:
1) меншік құқығында материалдық-техникалық базаның: мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларында белгіленген кеспеағаш жұмыстарын жүргізу кезінде ағаш кесудің белгіленген жыл сайынғы көлемінің және орман шаруашылығы-экология талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін сүрек құлатуға, сүйретуге, тиеуге және тасып әкетуге арналған техника мен жабдықтардың болуы;
2) ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларында көзделген өрт жабдықтары мен өрт сөндіру құралдарының болуы;
3) мамандығы бойынша (ағаш дайындау, орман ісі инженері, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) жоғары кәсіптік білімі немесе тиісті орта кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар жауапты орындаушы – инженер-техник қызметкердің болуы;
4) ағаш құлату, бұтақ шабу, сүрек сүйреу, тиеу және тасып әкету жұмыстарын жүргізуге машықтанған персоналдың болуы;
5) еңбекті қорғауға және қауіпсіздік техникасына жауапты маманның болуы;
6) іс-шараларды қаржыландыру көздері көрсетілген сүрек дайындау мен өңдеуді ұйымдастыру жөніндегі перспективалық үш жылдық жоспардың болуы.
3. Орман ресурстарын сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берген жағдайда, орман пайдаланушыға мемлекеттiк орман қоры учаскесiнде сүрек ресурстары орман орналастыру материалдарына сәйкес сүрек ресурстарын ұдайы және сарқылмайтындай етiп пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн, бiрақ орманшылық алаңынан аспайтындай етiп берiледi.
4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру сол аумақта тұратын халықтың мүдделерi ескерiле отырып, жария жүзеге асырылуға тиiс.
5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген, пайдаланылмаған орман ресурстары шарт мерзiмi өткен соң орман пайдаланушының меншiгiне ауыспауға тиіс.
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

32-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ
мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптары

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында мынадай талаптар:
1) орман телімдері мен орман орамдарының нөмірлері көрсетіліп, орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң орман орналастырудың картографиялық материалдарынан алынған көшірме түріндегі шекаралары;
2) мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң алаңы және мөлшерлеу көрсеткiштерi;
3) орман пайдалану түрлерi;
4) орман пайдаланудың көлемi (мөлшерi);
5) орман пайдалану мерзiмi;
5-1) орман ресурстарын игеру және ұтымды пайдалану, тендер жеңімпазының конкурстық өтінімінде көрсетілген ормандарды күзету, қорғау және молықтыру, орман ресурстарын өңдеу жөніндегі іс-шараларды инвестициялау;
6) орман пайдалану төлемақысының мөлшерi мен оны енгiзу тәртiбi;
7) тараптардың орман ресурстарын күзету, қорғау және молықтыру жөнiндегi мiндеттерi;
8) тараптардың шарт талаптарын бұзғаны үшiн жауаптылығы;
9) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
10) күші жойылды - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
10-1) сәйкестендіру нөмірі;
11) Қазақстан Республикасының орман заңдарында көзделген және тараптардың қалауымен анықталған өзге деталаптар көрсетiледi.
Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 224(2012.01.01 бастап күшіне енеді), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

33-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ
мерзiмдi орман пайдалану шартының нысаны және
оны мемлекеттiк тiркеу

1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік тіркеуге жатады.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты ол мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап жасалған болып есептеледi.
Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

 

 

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде

орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман

пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу

қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/896 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қарашада № 12247 болып тіркелді

 

12. Тендерге қатысуға ниет білдiрген тұлға лоттың (лоттардың) атауын көрсетiп, тендер құжаттамасын алуға еркін түрде өтiнiш бередi, тендер құжаттамасында белгiленген талаптарға сәйкес жеке-жеке әрбір лот бойынша тендер өтiнiмiн әзiрлейдi және оны тендердi ұйымдастырушыға конвертке салынған күйiнде тiркеуге тапсырады.
Тендер өтiнiмi тiркелген сәттен бастап тендер өтiнiмiн берген тұлға тендерге қатысушы мәртебесiне ие болады.
13. Тендерге қатысушы тапсыратын тендер өтiнiмi:
1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмiн қамтитын тендерге қатысуға берiлген өтiнiмдi және оның тендер талаптарын орындау және тиiстi шарт жасасу жөнiндегi мiндеттемелерiн;
2) тендерге қатысушыға қойылатын құжаттар тiзбесiн:
жарғының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері;
ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы күшіне енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға ретінде өтінім берушінің заңды тұлғасының қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
жеке тұлғалар үшін – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда);
бухгалтерлiк теңгерiмдi, тендер өтiнiмдерi салынған конверттер ашылатын күннің қарсаңында үш айдан асатын уақытқа банк (банктер) алдында тендерге қатысушының мерзiмi өткен берешегi жоқ екенi туралы банктiң (банктердiң) немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің тендер өтiнiмдерi салынған конверттер ашылатын күннен кемінде бір ай ерте берілген анықтамасын;
салықтық берешегiнің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені туралы тендер өтiнiмдерi салынған конверттер ашылатын күннен кемінде бір ай ерте берілген мәліметтерді;
 тендерге қатысушыда орман пайдалануды жүзеге асыру, ормандарды күзету, қорғау және молықтыру жөнiндегi iс-шараларды өткiзу үшiн қажет қаражат пен өндiрiстiк қуаттарылықтардың бар екендiгі туралы құжаттарды (оның iшiнде қызметкерлердiң бар екенi және саны туралы олардың бiлiктiлiгi, мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетiлген құжаттарды);
3) ормандарды күзетуге және молықтыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, жергiлiктi халыққа қызметтер көрсетуге бағытталған ұсынылатын қосымша қызметтер мен жұмыстарды;
4) үш жыл ішінде іске асырылатын, осы жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері көрсетілген сүректі толық өңдеуді және плантацияда өсіру үшін тұқымбақ ұйымдастыру бойынша кешенді даму жоспарын қамтуға тиіс.

 

 

Қосымша 1секіру

Косымша 2секіру

Қосымша 3секіру

Қосымша 4секіру

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..