Опрос

Вас устраивает процедура получения услуги по выдаче разрешений на эмиссии в окру-ющую среду, заключений экологической экспертизы

Іздеу

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау Инспекциясы өткен жылы жергілікті бюджет бойынша 228 бақылау объектісінде (шаруашылық субъектілерін қоспағанда) қаржылық бақылау жүргізіп, жалпы сомасы - 17 814,3 млн. теңгені құрайтын қаржылық бұрмалаушылықтарды аңықтады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5 323,4 млн. теңгеге артық.

Аса ірі сомада қаржылық бұрмалаушылықтарды "ШҚО құрылыс басқармасы" ММ-нде аңықталды - 1 956,4 млн. теңге, немесе барлық бұрмалаушылықтар сомасының 11 пайызы: "ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ-нде (екі басқармаларды қайта ұйымдастырып, қосқаннан кейін) - 1 148,6 млн. теңге (6,3 пайыз); "ШҚО білім басқармасы" ММ-нде 207,1 млн. теңге; "ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайладану басқармасы" ММ-нде - 113,1 млн. теңге.

Облыстың 4 ауданы (Абай, Бесқарағай, Күршім, Ұржар) мен 2 қаласының (Курчатов, Риддер) бюджеттерінің орындалуына жүргізілген кешені бақылаудың нәтижесінде жалпы сомасы 1 432,7 млн. теңгеге қаржылық бұрмалаушылықтар анықталды, онын ішінде ірі сомалар Күршім ауданында - 414,0 млн. теңге, немесе жалпы соманың 28,9 пайызы; Курчатов қаласында - 344,2 млн. теңге (24 пайыз); Риддер қаласында - 240,2 млн. теңге (16,8 пайыз). Аталған аудандар мен қалалардың бюджеттерінің орындалуына жүргізілген кешені бақылаудың нәтижелері облыс Әкіміне уақытында хабарланып отырды.

Бұрмалаушылықтар мемлекеттік сатып алу саласында да анықталды. Жергілікті бюджет бойынша өткен жылы жалпы сомасы 9 411,6 млн. теңгені құрайтын бұрмалаушылықтар анықталды, немесе алдынғы жылмен салыстырғанда 4 159,8 млн. теңгеге кем (13 571,4 млн. теңге).

Бюджеттік әкімшілердің ішінде аса ірі сомалар:

- құрылыс, және қала құрылысы мекемелерінде - 3 461,3 млн. теңгеге, немесе жалпы соманың 69,8 пайызы;

- білім мекемелерінде - 631,4 млн. теңгеге (12,7 пайыз), бұл жерде бұрмалаушылықтар сомасы алдыңғы жылмен салыстырғанда 498,7 млн. теңгеге аса көп мөлшерде мектептер мен мектепте дейінгі мекемелерді тексерумен қамтудың нәтижесінде;

- ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мекелерінде - 415,6 млн. теңгеге (8,4 пайыз) анықталды.

Бақылау объектілері арасында ірі сомалар: "Күршім ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы" ММ-нде - 658,0 млн. теңгеге, "Риддер қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы" ММ-нде - 569,8 млн. теңгеге, "Бесқарағай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы" ММ-нде - 502,1 млн. теңгеге, "Аягөз ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы" ММ-нде - 355,8 млн. теңгеге анықталды. Бұл мысалдар мемлекеттік сатып алу саласындағы бұрмалаушылықтардың ауландар мен қаалардың жергілікті атқарушы органдарында ұлғайып келе жатқанынң көрсетіп отыр. Әсіресе, аса ірі мөлшерде бұрмалаушылықтар аудандар (қалалар) бюджеттірінің орындалуына кешенді бақылау, және де мемлекеттік сатып алу үрдісінің монниторингі нәтижесінде жоспарлы және доспардан тыс бақылау жүргізгенде анықталып отыр.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде бюджетке қайтаруға және қалпына келттіруге жататын жалпы соманың (6 696,7 млн. теңге) 5 636,9 млн. теңгесі қайтарылып, қалпрына келтірілді, немесе 84,2 пайызды құрайды. Қайтаруға және қалпына келтіруге жататтын соманың қалдығы жұмыс жалғасуда.

ҚР заңдылықтарының талаптарын бұзғандары үшін өткен жылы 196 лауаздымық тұлғалар тәртіптік жазаға тардылды (олардың біреуі жұмыстан босатылды), оның ішінде 134-і мемлекеттік сатып алу заңдылығын бұзғаны үшін; 50 лауаздымық тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 7 460,6 мың теңгеге айыппұл салынды, оның ішінде 43 тұлға мемлекеттік сатып алу заңдылығың бұзғандары үшін (5 521,9 мың теңге).

Бұрмалаушылықтардың сомасын еріксіз түрде бюджетке өндіріп алу үшін 292,4 млн. теңгені құрайтын 18 талап арыз сотқа жіберілді.

Мемлекеттік сатып алу заңдылығының бұрмалаушылықтары бойынша сатып алу қорытындыларын заңсыз және жасалған келісім-шарттарды жарамсыз деп тану үшін соттың қарауына 8 031,9 млн. теңгенің 18 талап арызы жолданды.

Бұрмалаушылықтардың жалпы сомасы 4 248,0 млн. теңгені құрайтын 35 бақылау материалды процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылып, бақылау объектілерірің лауазымдық тұлғаларына қатысты 7 қылмыстық іс қозғалды.

 

 

ШҚО бойынша Қаржылық бақылау Инспекциясының баспасөз қызметі

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..