Жаңалықтар

Іздеу

Басқарма сыбайлас жемқорлық іс-әрекетіне қарсы тұру бойынша 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаға сәйкес қолданыстағы заңнамалардың талаптарын сақтау бойынша шаралар қабылдады (Ар-намыс кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы»).

Мекеме ғимаратының барлығына бірдей көрінетін қолжетімді орындарда мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі ұстау этикасы, парақорлыққа қарсы күрес тақырыбына қатысты үгіт материалдары ілінген. Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің сақталуын бақылау кітабы ашылып, көрінетін орынға ілінген.

Азаматтардың өтініштері мен арыз-талаптары үшін жәшік қолжетімді орынға қойылған. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін сақтау бөлігінде мониторинг жүргізілуде. Түскен шағымдар жеке талданады. Қызметкерлердің имиджін арттыру, кадрлардың сапалық құрамын арттыру бойынша үлкен назар аударылуда.

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында 14 адам біліктілікті арттыру курстарына жіберілді және табысты аяқтады. Басқарма азаматтарды мемлекеттік қызметке қабылдаған кезде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың талаптары сақталады. Қызметкерлер табыстары мен мүліктері туралы салық декларацияларын уақытында тапсырады. 2011 жылы қызметкерлердің салық декларациясын уақытында тапсырмау дерегі болған жоқ. Толық емес, және шындыққа сай емес декларация тапсыру дерегі болған жоқ.

Тұрғындардың мемлекеттік билікке деген деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізу мақсатында басқарманың веб-сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» бөлімі жұмыс істейді.

«Өзіңнен баста» акциясының шеңберінде табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы мен бөлім бастықтарының 2011 жылғы кірістері туралы деректерін жарияланды. Басқарманың қызметкерлерінің және ведомстволық қарасты қызметкерлердің арасында қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Басқарма ведомстволық қарасты мекемелердің басшылар мен бухгалтерлерінің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтауы және бұзушылыққа жол бермеу мақсатында берген тапсырмасын орындауына бақылау жүргізеді және оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды зерделеуге.

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында 3 адам сыбайлас жемқорлық бойынша жауапкершілікке тартылды, 2-толық сай келмейтіндері туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..