Жаңалықтар

Іздеу

2011-2015 жылдарға арналғанжемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі әрекеттері туралы салалық бағдарламаға сәйкес, басқармамен қолданыстағы заңнаманың талаптарын орындау бойынша (Ар-намыс кодексі, Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдары) шаралар қабылдануда.
Мекеме ғимаратының жалпыға ортақ көрінетін қолжетімді орындарда мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі  ұстау этикасы, парақорлыққа қарсы күрес тақырыбына қатысты үгіт материалдарыілінген. Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің сақталуын бақылау кітабы ашылып, көрінетін орнындаорналастырылған.
Азаматтардың өтініштері мен арыз-талаптары үшін жәшік қолжетімді орынға қойылды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін сақтау бөлігінде мониторинг жүргізілуде. Түскен шағымдар жеке талданады.
Қызметкерлердің имиджінарттыру, кадрлардың сапалық құрамын жақсарту бойынша ерекше көңіл бөлінеді.
2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өнірлік орталығына 6 адам оқуға жіберілді және олар біліктілікті арттыру курстарын табысты аяқтады.
Басқармамен мемлекеттік қызметке азаматтарды ресімдеу кезінде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша заң талаптары сақталуда.
Қызметкерлердің уақытында табыс және мүлік туралы салық декларацияларын тапсыруы бойынша шаралар қабылдануда. 2010 жылы қызметкерлердің табыс және мүлік жөніндегі салық декларацияларының уақытында тапсырмау фактілері болған жоқ. Толық емес және жалған декларациялар мен мәліметтерді ұсыну фактілері болған жоқ.
Халықтың мемлекет басшылығына сенімділік деңгейін аңықтау бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізу мақсатында, басқарма веб-сайтында«Сыбайластыққа қарсылық» бөлімі жұмыс істейді.
«Өзіңнен баста!» акциясы шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында (30.06.2011 жылғы №26 Жеті күн газеті) басқарма бастығының және бөлім бастықтарының 2010 жылғы табыстары жөніндегі ақпараты жарияланған.
Тұрақты негізде қолданыстағы жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша жұмыстар басқарма, сондай-ақ ведомстволыққарасты мекемелердің қызметкерлері арасында жүргізілуде.
Басқарма Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын сақтау және бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, ведомствоға қарасты мекемелердің басшылары мен бухгалтерлеріне берілген тапсырмаларды орындауларыбойынша бақылау жүргізуде.
2011 жылы басқарманың қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ, сыбайлас құқық бұзушылықтар жасаған жоқ.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..