Жаңалықтар

Іздеу

2010 жылғы және 2011 жылдың бірінші жартыжылдығындағы іс-шаралар

 

Мемлекеттік қызмет туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу жалғасуда. 2010-2011 оқу жылына арналған құқықтық жаппай оқыту жоспарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнама мен мемлекеттік қызмет мәселесін реттейтін заңнаманы зерделеу қарастырылған.

Ай сайын Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы басқармасына мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексін сақтауы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған тұлғалар туралы ақпарат жіберіледі.

2010 жылы және 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында басқарманың мемлекеттік қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған жоқ.

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өз қызметкерлерінің имиджін арттыруға және кадрлердің сапалық құрамын жақсартуға үлкен көңіл бөледі.

2010 жылы және 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында басқарманың 16 мемлекеттік қызметкері Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында біліктілікті арттыру курстарына жіберілді, барлық қызметкерлер қайта даярлаудан табысты өтті.

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы азаматтарды мемлекеттік қызметке орналасуды ресімдеу кезінде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша заң талаптарын сақтайды.

2010 жылы әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу бойынша 3 конкурс өткізілді.

2011 жылдың бірінші жартыжылдығында әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу бойынша 2 конкурс өткізілді.

Жаңадан қабылданатын қызметкерлер конкурстан өту кезінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы арқылы сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікте болғаны немесе болмағаны тексеріледі, бұдан әрі мемлекеттік лауазымға түскен кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті арқылы міндетті арнайы тексеруден өтеді, өзіне мемлекеттік қызметкердің шектеулерін қабылдайды, мемлекеттік қызметкердің Ар-намыс кодексімен танысады.

2010 жылы және 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасына 16 сұраным жіберілді.

Қызметшілердің табыс және мүлік туралы салық декларацияларын уақытында тапсыруы бойынша шаралар қабылдануда. 2010 жылы және 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қызметшілердің табыс және мүлік туралы салық декларацияларын уақытында тапсырмау деректері болған жоқ. Сондай-ақ толық емес және жалған декларациялар мен мәліметтерді ұсыну деректері де болған жоқ.

Басқарманың қызметкерлері «Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 01 сәуірдегі № 1180 жарлығын зерделеді, басқарманың холлында ілінген.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..