Жаңалықтар

Іздеу

Қазақстан Республикасы Президентінің № 986 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес, басқармамен қолданыстағы заңнамалардың талаптарын сақтау бойынша шаралар қабылдануда (Ар-намыс кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңыдары).

Мекеме ғимаратының барлығына бірдей көрінетін қолжетімді орындарда мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік қызметшілердің өзін-өзі ұстау этикасы, парақорлыққа қарсы күрес тақырыбына қатысты үгіт материалдары ілінген. Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің сақталуын бақылау кітабы ашылып, барлығына бірдей көрінетін қолжетімді орында ілінген. Азаматтардың өтініштері мен арыз-талаптары үшін арнайы жәшік қолжетімді орынға қойылған. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін сақтау бөлігінде мониторинг жүргізілуде. Түскен шағымдар жеке талданады.

Қызметкерлердің имиджін арттыру, кадрлардың сапалық құрамын арттыру бойынша үлкен назар аударылуда.

2014 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2015 жылдың бірінші жартыжылдығына Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың өңірлік орталығында біліктілікті арттыру курстарына 11 адам жіберіліп, табысты аяқтады; 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында – 7 адам.                             

Басқарма азаматтардың мемлекеттік қызметке орналасуын ресімдеу   кезінде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша заңнама талаптарын сақтайды. Қызметкерлердің кірістері мен мүлкі туралы салық декларацияларын уақытында ұсынуы бойынша шаралар қабылдануда. 2014 жылы және 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында қызметкерлердің кірістері мен мүлкі туралы салық декларацияларын уақытында ұсынбау деректері болған жоқ. Толық емес, сенімсіз декларациялар және мәліметтер ұсыну фактілері де болған жоқ.

Тұрғындардың мемлекеттік билікке деген деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізу мақсатында басқарманың веб-сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» бөлімі жұмыс істейді.

«Өзіңнен баста» акциясының шеңберінде табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы мен бөлім бастықтарының 2015 жылғы кірістері туралы деректері жарияланады. Басқарманың қызметкерлерінің және ведомстволық қарасты қызметкерлердің арасында қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде, 2015 жылы 02 - 24 маусым аралығында прокуратура және арнайы табиғат қорғау прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен келесі тақырыптарға семинар-дәрістер өтті: «Экологиялық құқықбұзушылық кезінде әкімшілік құжаттарды рәсімдеудің өзгешеліктері», «29.12.2014 жылғы № 269-Ү ҚР Экологиялық Қодексіне енгізілген өзгерістер», «Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар», «Әкімшілік-құқықтық әрекеттерге әкімшілік жаза лар мен шаралар», «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы, «Әкімшілік жазаға тарту» және «Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар». 

Басқарма «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтау және оның бұзылуына жол бермеу мақсатында өзіне қарасты мекемелердің басшылары мен бухгалтерлеріне  берген тапсырманың орындауына бақылау жүргізеді.

2014 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында қарасты мекемеде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы үшін 2 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды: бірі атқарып отырған лауазымынан босатылды; екіншісі қызметіне орташа лайықсыздығы туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..