Іздеу

2010 жылдың бірінші жартыжылдығында Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жеке және заңды тұлғалардан түскен саны 28 арыз – талап пен табиғат пайдаланушылардан түскен 784 өтінішті бөлімдер қарады, соның ішінде:

табиғат қорғау бағдарламалары бөліміне түскен 2 арыз – талап уақытында қаралды,оларға толық, дұрыс жауап қайтарылды;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау бөліміне түскен 1 арыз – талапқа уақытында оң жауап берілді;

орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөліміне жеке тұлғалардан 5 және заңды тұлғалардан 6 арыз-талап түсті, оның ішінде 1-і алғыс айту, ал 1 шағымға түсіндірмесімен жауап қайтарылды және Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы мамандарын тартумен қызметтік тексеру жүргізілуде;

экологиялық сараптама бөліміне 9 арыз-талап түсті, оның 6 жеке тұлғалардан, 3 заңды тұлғалардан. Табиғат пайдаланушылардан қарауға 631 құжат түсіп, 627-сі қаралды (2009 жылдан қалғандарды ескерумен), соның ішінде: жоба алдындағы материалдар – 241, рұқсат берілген шектегі шығарындылар нормативтерінің жобалары – 187, құрылыс және объектілерді қайта жаңарту жобалары – 195, рұқсат берілген шектегі шығарындылар - 4.  2010 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша қарауға қалдырылған құжаттардың саны 253 құрады.

Қаралған 627 қорытындының 38-не келісім берілген жоқ. Келісім бермеудің негізгі себептері – экологиялық заңнама талаптарының бұзылуы, жоба құжаттамалары сапасының төмендігі, есептеулердегі қателіктер;

әкімшілік бөлімі 1  арыз-талапқа уақытында оң жауап берді;

жануарлар әлемін қорғау және балық шаруашылығы бөлімі 1  арыз-талапқа уақытында толық жауап берді;

экологиялық реттеу бөлімі 1 арыз-талапты заңда белгіленген мерзімнің ішінде қарап, ол бойынша оң шешім қабылдады.

Табиғат пайдаланушылардан қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат сұраған 157 өтініш түсті, оның 27 толықтырылуға қайтарылды, 130-на қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берілді. Барлығы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген мерзімнің ішінде қаралды.

 

 

«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарау мониторингі бойынша ақпарат

 

 

Тұлғалардан түскен өтініштер, барлығы

1567

Оның ішінде:

 

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу туралы өтініштер

1182

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беруді сұраған өтініштер

331

Түсіндірме сұраған өтініштер

15

Ұсыныстар

 

Пікір айту

1

Шағымдар

8

Өзгелері

30

өтініштерге жауаптар әзірленді, барлығы:

(* 2009 жылдан қарауға қалғандарын ескерумен)

1567

1763*

Оның ішінде:

 

Қанағаттандырылды

1276

Бас тартылды

73

Түсіндірілді

31

Тапсырылған материалдардың толықтыруға қайтарылғаны

287

Өзгелері

50

Қарауға қалдырылғандары

46

Уақытында қаралмаған өтініштердің саны:

-

 

Шағымдар:

1. 152/1, 154, 156 үйлердің тұрғындары Өскемен қаласы Қабанбай Батыр көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің құрылысының салынуына шағымдануда, құрылыс жасыл желекті шабуға және балалар алаңқайының ысырылуына жол береді – аталған объектінің құрылысы бойынша жоба алдындағы құжаттамалардың барлығы барлық мемлекеттік органдардың келісімінен өткені, мемлекеттік экологиялық сараптаманың құзырына жер учаскелерін беру кірмейтіні, жоба құжаттамалары түскен кезде шағымның ескерілетіндігі туралы түсініктеме берілді.

2. В.Д.Чернышова (сараптамаға тапсырыс беруші) Риддер қаласының Гоголь, 41 көшесінде сауда павильонының жобасына келісім беруден бас тартылғанына шағымданды – аталған арыз бойынша тапсырылған жобадан бас тартудың негізгі себебі - сауда бөлмелерін иемденушілер мен Гоголь көшесіндегі № 41 үйдің тұрғындарының неше қайтара шағымдануының себеп болғаны түсіндірілді, сонымен қатар, өсіп тұрған жасыл желекті барынша сақтау және кесілетін ағаштарды қалпына келтіру бойынша жобаны тапсыруға ұсыныс жасалды.

3. Г.Г.Егорова (жақын маңдағы тұрғын үйдің тұрғыны, Өскемен қаласы, Краснознаменная, 6 көшесі) Өскемен қаласы Бажов, 17 көшесінде 21 машинаға арналған парковка құрылысының салынуына шағымдануда – аталған шағым бойынша құжаттар мемлекеттік экологиялық сараптамаға түскен кезде құжаттар құрамының толық болмауына байланысты қайтарылғаны, ал «Қоршаған ортаның жағдайына шолу» бөлімі бойынша айтылған ескертулер құжаттар қайтадан тапсырылған кезде ескерілетіндігі түсіндірілді.

4. Риддер қаласының Гоголь көшесіндегі № 41 үйдің тұрғындары Риддер қаласының Гоголь, 41 көшесінде сауда павильонының құрылысының салынуына шағымдануда – аталған шағым бойынша осы уақытқа дейін мемлекеттік экологиялық сараптамаға аталған құжаттар қайтадан түскен жоқ, құжаттар түскен кезде аталған шағымның назарға қабылданатындығы түсіндірілді.

5. Өскемен қаласы Сәтпаев даңғылындағы № 9 үйдің тұрғындары тұрғындарға қызмет көрсету бойынша көпсалалы кешеннің құрылысына және жасыл желекті шабуға қарсы - аталған шағым бойынша осы уақытқа дейін мемлекеттік экологиялық сараптамаға аталған құжаттардың қайтадан тапсырылмағаны, құжаттар түскен кезде аталған шағымның назарға қабылданатындығы түсіндірілді.

6. Н.Г.Егоровадан түскен шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6-тармағына сәйкес қарау үшін, бұл туралы өтініш берушіге хабарлаумен, Ертіс экология департаментінің ШҚ филиалына жіберілді. Аталған шағымды Ертіс экология департаментінің ШҚ филиалы қарады және «Вега-плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің табиғат қорғау қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексерудің қорытындысы бойынша акт жасалды және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзуды жою туралы ұйғарымдама берілді және аталған кәсіпорынның басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ертіс экология департаментінің ШҚ филиалы мен Басқарма тексерудің қорытындысы бойынша Н.Г.Егороваға қосымша хабарлады.

7. «Нұр-Отан ХДП» ҚБ ШҚО филиалынан Өскемен қаласының қоршаған ортасының жағдайы мәселесі туралы түскен шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6-тармағына сәйкес Ертіс экология департаментінің ШҚ филиалына және қарау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ШҚО бойынша департаментіне жіберілді, арыз иесіне бұл туралы хабарланды.

8. Павлодар қаласының балық инспекциясы қызметкерлерінің «жұмыс істемейтіндігіне» арналған шағым ведомстволық қарасты балық шаруашылығы бассейндік инспекциясына жіберілді.

 

 

«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010 жылдың үшінші тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарау мониторингі бойынша ақпараты

 

 

Тұлғалардан түскен өтініштер, барлығы

918

Оның ішінде:

 

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу туралы өтініштер

574

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беруді сұраған өтініштер

306

Түсіндіріп беруді сұраған өтініштер

27

Ұсыныстар

-

Пікір айту

-

Шағымдар

1

Өзгелері

10

өтініштерге жауаптар әзірленді, барлығы:

(* 2 тоқсаннан қарауға қалғандарын ескерумен)

1084*

Оның ішінде:

 

Қанағаттандырылды

722

Бас тартылды

18

Түсіндірілді

34

Тапсырылған материалдардың толықтыруға қайтарылғаны

160

Өзгелері

18

Қарауға қалдырылғандары

132

Уақытында қаралмаған өтініштердің саны:

-

 

Шағымдар:

1. М.Х.Рахматуллина (тапсырыс беруші) бөлімнің бас маманы Н.П.Индылоның өзіне дұрыс қарамағандығына шағымданып тиісті шаралар қабылдауды сұрайды – аталған шағым бойынша құжаттардың заңнамада белгіленген тәртіпте қаралатыны туралы түсініктеме берілді. Бөлімнің бас маманы Н.П.Индыло аталған шағым бойынша түсініктеме жазды.

 

 

«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010 жылдың төртінші тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарау мониторингі бойынша ақпараты

 

Тұлғалардан түскен өтініштер, барлығы

952

Оның ішінде:

 

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу туралы өтініштер

595

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беруді сұраған өтініштер

329

Түсіндірме сұраған өтініштер

23

Ұсыныстар

-

Пікір айту

-

Шағымдар

-

Өзгелері

5

өтініштерге жауаптар әзірленді, барлығы:

877

Оның ішінде:

 

Қанағаттандырылды

680

Бас тартылды

8

Түсіндірілді

23

Тапсырылған материалдардың толықтыруға қайтарылғаны

128

Өзгелері

12

Қарауға қалдырылғандары

26

Уақытында қаралмаған өтініштердің саны:

-

 

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..