Іздеу

Сыбайлас жемқорлықққа қарсы мониторингтің нәтижесі

 

І. Кіріспе бөлім:

«Риддер орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: ормандылықты жақсарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

 Басқарма келесі міндеттерді жүзеге асырады:

-       орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөніндегі іс-шараларды орындау;

-       орман тұқымы учаскелерін және орман тұқымы плантацияларын үнемі ұстау, орман тұқымдарын әзірлеу, қайта өңдеу және сақтау, орындарды орман орналастыру жобаларына және орман пайдалану көлемдеріне сәйкес анықтау;

-       орман ресурстарының тендерлерге қойылуы үшін материалдар әзірлеу;

-       орман ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;

-       орман пайдалануға ағаш кесу және ағаш билеттерін беру;

-       Қазақстан Республикасының орман заңнамасы саласында, Қазақстан Республикасы заңнамасының жануарлар дүниесін және ерекше күтілетін табиғи аумақтарында орманды күзету, молықтыру және пайдалану саласында құқық бұзушылықты ескерту және алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

-       орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингісін, мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу жөніндегі жұмыстарға қатысу;

-       Қазақстан Республикасының орман және азаматтық заңнамасына сәйкес орман пайдаланушыларымен орман шаруашылық іс-шараларын жүргізу нәтижесінде өндірілген аяқталған объектілер мен дайын өнімдерді қабылдауды жүзеге асыру.

 

2.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг:

«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өткізілді, эл.пошта: R.Bekbosynova@akimvko.gov.kz, 8 (7232)250301.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің өткізілу кезеңі: 2016 жылғы 15 қазанда басталып, 2016 жылғы 10 қарашада аяқталды.

4. Бақыланатын кезең: 2015 жылғы және 2016 жылғы өткен кезеңнің қызметі.

 

 

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

2015 жылы «Риддер орман шаруашылығы» КММ-де 683 790 теңге мөлшерде айыппұл салумен 29 әкімшілік іс тіркелген, оның 424 148 теңгесі төленген. Бұдан басқа, ағаштарды заңсыз кесудің 10 фактісі анықталған.

2016 жылдың 9 айында 265 125 теңге мөлшерде айыппұл салумен 14 әкімшілік іс тіркелген, оның 175 046 теңгесі төленген. Ағаштарды заңсыз кесудің 4 фактісі анықталған. Сонымен, аталған бағыт бойынша көрсеткіштердің төмендегені байқалады.

2015 жылы барлығы 347 мемлекеттік қызмет көрсетілген, бас тартқандар болған жоқ.

 2016 жылдың 9 айында барлығы 548 мемлекеттік қызмет көрсетілген, бас тартқандар болған жоқ.

Бұдан басқа, 2015 жылы «Риддер орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сол кездегі директоры болған С.В. Дерягин мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылығымен  («Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заңының 12 бабы 1 тармағының 4, 8, 10, 12 тармақшалары: заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету; жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуі заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету; жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін қараудың заңда белгіленген тәртібін әлденеше рет бұзу; жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда көрінеу кедергі жасау) және кеспеағаштарды белгілеу және таксациялаудың бекітілген тәртібін бұзумен (ҚР ӘҚБК 292 бабы) байланысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде қолданыстағы заңнаманың нормаларын бұзған. Аталған фактілер Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі Сот алқасының 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 3гп-57-16 қаулысымен бекітілген. С.В. Дерягин жағымсыз қылықтары үшін лауазымнан босатылды.

Ағымдағы 2016 жылы бұрынғы директор Н.Г. Замятин лауазымдық құзіретін теріс пайдаланғаны (ҚР ҚК 361б. 1б.), қызметтік жалған құжат жасағаны (ҚР ҚК361б. 1б.), кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны (ҚР ҚК 364б. 1б.), ағаштар мен бұтақтарды заңсыз кескені, жойғаны немесе зақымдағаны (ҚР ҚК 340б. 3б. 1,2т.) үшін сотталған.

Риддер қ. прокуратурасы мемлекетке 2 239 892 теңге мөлшерінде зиян келтірумен ағаштарды заңсыз кескені үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 340 бабы 3 бөлімінің 2 және 3 тармақшаларымен қарастырылған, қылмыс жасаған Лево-Убинск орманшылығының орман күзетшісі С.Н. Клиновицкийді айыптау жөніндегі қылмыстық істі сотқа жолдаған.  

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Шешімдер:

1. Аталған орман шаруашылығында лауазымды тұлғалармен қолданыстағы заңнамалар нормаларының жүйелі түрде бұзылуын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

2. Ішкі талдаудың нәтижелері бойынша аталған мекемеде жемқорлық тәуекелдері тудыратын себептер мен шарттарды жою жөніндегі нақты іс-шараларды әзірлеу және қабылдау.

 

 

Әкімшілік бөлімінің басшысы

әдеп жөніндегі уәкіл                                                                    Б. Жаманбаев

 

Бас маман

заңгер                                                                                            Р. Бекбосынова

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..