Іздеу

«Риддер орман шаруашылығы» КММ қызметіндегі

сыбайлас жемқорлық қатерлерінің ішкі талдауының

ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

 

Әкімшілік бөлімінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Б.Қ. Жаманбаевтың, бас маман – заңгер Р.Р. Бекбосынованың құрамындағы жұмыс тобы 29.12.2015 жылғы ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрінің бұйрығымен бекітілген  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізудің Үлгілік Ережелеріне сәйкес, 27.10.2016 жылғы сыбайлас жемқорлық мониторингісінің нәтижелері жөніндегі ШҚО ТРжТПРБ басшысының шешімі негізінде ведомствоға қарасты «Риддер орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - КММ) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қатерлерінің ішкі талдауын жүргізді.

 Мекеменің ведомствоға қарасты «Риддер орман шаруашылығы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қатерлерінің ішкі талдауының нәтижелері бойынша сот шешімдерін, әрекет ету актілерін, құқық қорғау органдарының процессуалды шешімдерін, тексеру актілерін және бақылаушы органдардың және ШҚО ТРжТПРБ ұсынымдарын, 2015-2016 жылдарға арналған есептік деректерді зерделей отырып, анықталғаны:

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы аппеляциялық тәртіпте қылмыстық істерді қарастырды:

 

- Н.Г. Замятин, 1967 жылы 13 желтоқсанда туған, «Риддер орман шаруашылығы» КММ директоры болып жұмыс істеген– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 1 бөлімінің 361 бабы бойынша дүние-мүлкін тәркілей отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырумен, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінде басшылық лауазыммен айналысуға өмір бойына айырылу құқығымен, ҚК 1 бөлімінің 369 бабы бойынша дүние-мүлкін тәркілей отырып, 1 жылға бас бостандығынан айырумен, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінде басшылық лауазыммен айналысуға өмір бойына айырылу құқығымен, ҚК 1 бөлімінің 364 бабы бойынша дүние-мүлкін тәркілей отырып, 1 жылға бас бостандығынан айырумен, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінде басшылық лауазыммен айналысуға өмір бойына айырылу құқығымен, ҚК 3 бөлімі 340 бабының 1,2 тармақшалары бойынша 200 айлық есептік көрсеткіштер мөлшеріндегі айыппұлға, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінде басшылық лауазыммен айналысуға өмір бойына айырылу құқығымен сотталған. ҚК 2б. 58б. негізінде қылмыстардың жиынтығы бойынша қатаң жазалау арқылы 2 жылға бас бостандығынан айыру, дүние-мүлкін тәркілеу, пробациялық бақылауды белгілей отырып, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінде басшылық лауазыммен айналысуға өмір бойына айырылу құқығы түрінде қатаң жаза тағайындалған.

 

-С.Т. Исанов, 1975 жылы 17 наурызда туған, «Форест» ЖК орман күзетшісі болып жұмыс істеген– ҚК 1б. 361б., 5б. 28б. бойынша дүние-мүлкін тәркілей отырып 1 жылға бас бостандығынан айырумен, ҚК 3б. 340б., 1т. бойынша 200 айлық есептік көрсеткіштер мөлшеріндегі айыппұл төлеумен сотталған. ҚК 2б. 58б. негізінде дүние-мүлкін тәркілей отырып 1 жылға бас бостандығынан айырумен, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінде басшылық лауазыммен айналысуға өмір бойына айырылу құқығымен сотталған.

 

Н.Г. Замятин және С.Т. Исанов соттың үкімімен кінәлі болып танылған, Н.Г. ЗамятинШҚО ТРжТПРБ «Риддер орман шаруашылығы» КММ директоры, яғни мемлекеттік міндеттерді атқарушы уәкілетті тұлға бола отырып, «Форест» ЖК орман күзетшісі С.Т. Исановты қылмысқа итермелеу кезіндегі пайдақорлық ниетпен, қызметтің мүддесіне қарамастан, өзінің қызметтік құзіреттілігін пайдалана отырып, сондай-ақ өзі және «Риддер ДОК» ЖШС мен «Форест» ЖК коммерциялық ұйымдары үшін басымдылыққа ие болу және пайда көру мақсатында өзінің қол астындағыларға нұсқаулар беру арқылы құжаттар дайындаған, нақтырақ айтсақ, жалған мәліметтерден тұратын Орталық орманшылығының 16 орамдағы 6 телімін, 23 орамдағы 18 телімін, 15 орамдағы 26 телімін, 19 орамдағы 15 телімін, 26 орамдағы 17 телімін бөліп беру материалдарын және ағаш кесуге рұқсат беретін 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 054013 ағаш кесу билетін дайындаған, Орталық орманшылықтың 26 орамдағы 17 телімінде заңсыз ағаш кескені үшін 255 822 теңге сомасында зиян келтіру түрінде мемлекеттің заңмен сақталатын мүддесіне маңызды зиян келтірген. Сондай-ақ, ағаш кесу билетін ұсынбай отырып, Н.Г. Замятин орман күзетшісі С.Т. Исановқа Орталық орманшылықтың 9 орамдағы 99 телімінде ағаш кесуге рұқсат берген, бұл мемлекеттің заңмен сақталатын мүддесіне 946 814 теңге сомасында маңызды зиян келтіруге әкелген.

 

Бұдан басқа, Н.Г. Замятин қызметтің мүддесіне қарамастан, өзінің қызметтік құзіреттілігін пайдалана отырып, 5 019 814 теңге сомасында өзі және «Риддер ДОК» ЖШС мен «Форест» ЖК коммерциялық ұйымдары үшін басымдылыққа ие болу және пайда көру мақсатында өзінің қол астындағыларға нұсқаулар беру арқылы ағаш кесуге рұқсат беретін 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 054013 ағаш кесу билетін – заңсыз құжатты біле тұра берген, сондай-ақ ресми құжаттарға - Орталық орманшылығында жерлерді бөліп беру туралы жалған мәліметтерді біле тұра, нақтырақ айтсақ, Орталық орманшылығының 16 орамдағы 6 телімін, 23 орамдағы 18 телімін, 15 орамдағы 26 телімін, 19 орамдағы 15 телімін, 26 орамдағы 17 телімін және 9 орамдағы 99 телімін, яғни мемлекеттік орман қоры аумағындағы жерлерді бөліп беру материалдарын, 2016 жылға арналған «Форест» ЖК үшін қосымша өтінімді енгізген.

 

Сонымен қатар, Н.Г. Замятин және «Форест» ЖК орман күзетшісі С.Т. Исанов пайдакүнемдік ниетте Орталық орманшылығының 9 орамдағы 99 телімінде және 26 орамдағы 17 телімінде ағаштарды заңсыз кесуді жүзеге асырған. Бұдан басқа, Н.Г. Замятин өзінің қызметтік құзіреттілігін пайдалана отырып, сенімді тұлға Е.А. Замятина арқылы кәсіпкерлік қызметтерді, жеңілдіктер мен артықшылықтарды жүзеге асыратын «Риддер ДОК» ЖШС және «Форест» ЖК ұсынған.

 

ШҚ облыстық сотының сот алқасы ҚПК 433 бабымен қарастырылған, аталған үкімді өзгерту немесе күшін жоюға арналған негіздің жоқ екендігін анықтады. Осыған байланысты, Сот алқасының Қаулысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Риддер қалалық сотының 2016 жылғы 19 тамыздағы Замятин Николай Геннадьевичке және Исанов Сергей Тулюказыевичке қатысты Үкімі өзгеріссіз қалды.

 

Сот үкімімен «ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ Н.Г. Замятинге қатысты азаматтық талап ісі қанағаттандырылды. Н.Г. Замятиннен «ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ пайдасына 1 202 636 теңге сомасында материалдық залал және мемлекет пайдасына 36 079 теңге сомасында мемлекеттік баж өндірілді.

 

Сараптамалық өндіріске байланысты Н.Г. Замятиннен және С.Т.Исановтан мемлекет пайдасына жалпы сомасы 60 895 теңге көлеміндегі процессуалдық шығын өндірілді.

 

Жоғарыда көрсетілген жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жағдайларын талдай отырып, коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мекеме директорының заңсыз нұсқауын біле тұра орындағандары орман заңнамасының нормативтік-құқықтық талаптарын, кеспеағаш аймақтарын бөлу және таксациялау ережелерінің өрескел бұзушылығына әкелген, аймақтарды бөлу материалдарына жалған мәліметтер енгізілген, заңсыз ағаш кесу билеттері берілген. Лауазымдық нұсқауларына мемлекеттік орман қорын күзету енгізілген лауазымды тұлғалар құқық бұзушылардан МОҚ аумағынан ірі көлемдегі ағаштарды заңсыз кесумен және шығарумен түйіскен мемлекеттік орман қорларының қызмет көрсетілетін аумақтарында жасалған қылмыстық қолсұғушылықтардың алдын алу бойынша ешқандай іс-шаралар қабылдамаған, осымен жауапкершіліксіздікті және салғырттықты танытқан. Мемлекеттік орман қорында қылмыстық қолсұғушылыққа мүмкіндік бере отырып, сыбайлас жемқорлық қылмысының жасалуына жағдай туғызған.

 

«Риддер орман шаруашылығы» КММ-де орман заңнамасын өрескел бұзудың ұқсас жағдайларының болып тұратындығын айта кету керек. Сонымен, 2015 жылдың 01 қазанынан 2016 жылдың 02 ақпаны аралығында аталған орман шаруашылығы мекемесінің директоры С.В. Дерягин болған. 2016 жылдың ақпанында мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының тапсырмасы бойынша «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің ШҚ облысының аймақтық инспекциясы» РММ мамандары тексеру жүргізген кезде аталған орман шаруашылығының мекемесінде анықталғаны:

 

 «Риддер орман шаруашылығы» КММ жүзеге асырылатын таңдаулы санитарлық кесу бойынша дайындалу сатысындағы Журавлихинск орманшылығының 60 орамдағы 3 телімінде Биттерлиха аспабының (полнотометр) көмегімен айналма алаңдардың сыналатын алаңдарын кепілге беру арқылы кеспеағаштар айналасын тексерген кезде кеспеағаштардың орташа толымдығы (барлығы) 0,6 құраған (сыналатын алаңдардың ведомосі қоса берілген). Отырғызу құрамы 10 С, орман дақылдары – жасы 52 жыл. Сынамалы алаңдардағы өлшемдердің нәтижелеріне сәйкес отырғызудың нақты санитарлық жағдайы 2015 жылғы 07 тамыздағы № 15 орман патологиялық тексеру актісіне сәйкес келмейді, бұл жерде отырғызу: «2014-2015жж. күзде ылғалды қардан қатты зақымдалған, үлкен бұтақтардың, ағаштардың ұштары, екіге бөлінген ағаштардың, тамырларымен бірге бұралып шыққан діңдердің зақымдалуы және сынулары болған».  Орман патологиялық тексеру актісіне сәйкес телімдегі жалпы ағаштар санының мөлшерінен зардап шеккен ағаштардың мөлшері 17% құраған.

 

Тексеру жүргізген кезде кесуге бөліп берілген екпеағаштарын тексеру нәтижелері бойынша қардың салмағына төзе алмай зақымдалған ағаштардың пайызы 1%-дан аспайды. Кеспеағаштардың механикалық жағынан зақымдалмаған ағаштарда таңбалау баспалары болды, 2014-2015 жылдарда қардың салмағына төзе алмай сынған ағаштардың фактісі расталған жоқ. Сонымен қатар, тексеру кезінде анықталғаны, Журавлихинск орманшылығының 60 орамдағы 3 телімінде 2012 жылы іріктелген санитарлық кесу жүргізілген, бұл жерде екпеағаштар толымдығы 0,7-ден 0,6-ға азайған.

 

Сонымен, тексеру кезінде анықталғаны, Журавлихинск орманшылығының 60 орамдағы 3 телімінде іріктелген санитарлық кесу негізсіз жүргізілген және «Пихта» ЖШС кәсіпорнының 19.01.2016ж. өтініші бойынша 19.01.2016 жылғы № 042992 ағаш кесу билеті заңсыз жазылып берілген. 2015 жылғы  27 ақпандағы № 18-02/165 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш кесу ережесінің» 120, 121, 128 тармақтары және  2015 жылғы  27 ақпандағы №18-02/161 «Мемлекеттік орман қорында кеспеағаштарын бөлу және таксациялау» 6 тармағы бұзылған, себебі кеспеағаштар 2015 жылдың 27 қазанында бөлінген, яғни 25 қазаннан кейін кеспеағаштарды бөлу мерзімі аяқталады.

 

Мамандардың 25.05.2016 жылғы қорытындысына сәйкес Журавлихинск орманшылығының 60 орамдағы 3 телімінде 100 шаршы метрге кеспеағаштарды жарым-жартылай әзірлеу нәтижесінде мемлекетке келтірілген шығын 1 034 051 теңгені құрады.

 

Бұдан басқа, тексерумен Журавлихинск орманшылығының 60 орамдағы 2 телімінде ағаштарды кесу кезінде ұқсас бұзушылықтар анықталған. Осыған байланысты, кесудің аталған көлемдері ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығынан алынып тасталды.

 

Тексеру материалдарынан, Журавлихинск орманшылығының кәдімгі қарағайдың балауса ағаштарының айналасын тексерген кезде 2015 жылдың 07 тамызында Журавлихинск орманшылығының орман шебері Л.Я. Лапенко, сондай-ақ инженер-орман паталогы В.Н. Синельников, орман күзетшісінің міндетін атқарушы Б.А. Калачиков, орман шебері А.А.Долматова және орманшы О. Даутов 60 орамдағы 2 және 3 телімдердегі сынамалы алаңдардағы зақымдалған ағаштарға қайта есептеу жүргізген. Нәтижелері бойынша 2015 жылғы 07 тамыздағы № 15  Журавлихинск орманшылығының кәдімгі қарағайдың балауса ағаштарының айналасын тексеру актісі құрылған, бұл жерде 60 орамдағы 2 және 3 телімдерде зақымдалған ағаштардың пайызы 17% құрағандығы дұрыс көрсетілмеген, яғни жалпы екпеағаштар қорынан әр телімде 17%-дан. Кесуге арналған екпеағаштарды тексеру нәтижелері бойынша ШҚ облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің аймақтық инспекциясының мамандары тексеру жүргізген кезде қардың салмағына төзе алмай зақымдалған ағаштардың пайызы 1%-дан аспайтындығын анықтаған. Кеспеағаштардың механикалық жағынан зақымдалмаған ағаштарда таңбалау баспалары болды, 2014-2015 жылдарда қардың салмағына төзе алмай сынған ағаштардың фактісі расталған жоқ.

Тексеру барысында Журавлихинск орманшылығының 60 орамдағы 3 телімінде 2012 жылы іріктелген санитарлық кесу жүргізілгендігі,  екпеағаштар толымдығы 0,7-ден 0,6-ға азайғандығы анықталған. Сонымен, 2015 жылғы 07 тамыздағы № 15 айналаны тексеру актісіне нақты жағдайға сәйкес келмейтін, жалған мәліметтер енгізілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотқа дейінгі тексеруінде орманшы О.Даутов айналаны 7 тамызда тексерген кезде болмағаны, алайда актіге қол қойғандығы анықталған. Одан әрі, жалған мәліметтері бар тексерудің көрсетілген актісінің негізінде 2015 жылдың 27 қазанында орман пайдалану инженерінің міндетін атқарушы Е.А. Складан, Журавлихинск орманшылығының орман күзетшісінің міндетін атқарушы Б.А.Калачиков, орман шебері А.С. Замятин, орманшы О. Даутов, орманшы А. Астамбаев, орман шебері А.В. Лапенко және басқа қызметкерлер М.Ю. Савцов, А.А. Волуйск, С.Я. Гуляев, Л.М. Ионин мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөлу және таксациялау Ережелерінің нормаларын өрескел бұзуларымен іріктелген санитарлық кесулерге  Журавлихинск орманшылығының 60 орамдағы 2 және 3 телімінде кеспеағаш аймақтарын бөлуді жүзеге асырған.

 

Мемлекеттік орман қорының учаскелеріндекеспеағаштарды бөліп беру және таксациялау Ережелеріне сәйкес: «1) кеспеағаштарды бөліп беру, ол шекараны нақтылы және кеспеағаштарды мөлшерлей отырып айқындау, кесуге жатқызылған ағаштарға белгi соғу, кеспеағаштарды заттай және ақшалай бағалау жөніндегі iс-шараларды қамтиды;

 

2) кеспеағаштарды таксациялау, ол дайындауға арналған орман ресурстарының сапасын, мөлшерін айқындауды қамтиды».

 

Әрине, қызметкерлер кеспеағаштарды бөліп беру және таксациялау кезінде кесуге жататын ағаштарды байқамай қалулары мүмкін емес және кесуге жататын ағаштардың сапасы мен санына көңіл аударулары тиіс еді, бұл орманды қорғау мекемелері қызметкерлерінің көрсетілген Ереженің нормаларын біле тұра бұзғандықтары және орманды қорғау мәселелеріне  жауапсыз қарағандықтары байқалады.

 

Бұдан кейін, табиғи ресурстар басқармасының бұйрығы бойынша орман қорғау инженері А.Ю. Сүлейменованың, Орталық орманшылықтың орман шебері Е.А. Складанның, Журавлихинск орманшылығының орман пайдалану инженерінің міндетін атқарушы, орманшының міндетін атқарушы Б.А.Калачиковтың және Журавлихинск орманшылығының орман шебері Л.Я.Лапенконың құрамындағы комиссия басқарманың хатына және кеспеағаштарды бөліп беру және таксациялау нұсқауына сәйкес Журавлихинск орманшылығының 60 орамдағы 3 телімінде кесуге жататын кеспеағаштарды бөліп беру және таксациялаудың дұрыстығына тексеру ұйымдастырылып, жүргізілді. Алайда, орман шаруашылығының комиссия-мамандарының мүшелері орман заңнамаларының жоғарыда аталған дөрекі бұзушылықтарын назарға алмаған, тексеру орман заңнамасы талаптарының сақталуын сырт көзге көрсету үшін үстірт жүргізілген және бұзушылықтардың жоқтығы туралы тағы да жалған акт құрылған.

 

Жоғарыда аталған Ереженің, 40 тармағының, құқықтық нормаларына сәйкес, Кеспеағаштарды бөліп беру және мөлшерлеу (таксациялау) жөніндегі жұмыстардың сапасын тексеру оларды орындау барысында да, олар аяқталғаннан кейін де жүргізіледі. Тексеру нәтижесінде:

 

1) іріктелген кеспеағаш қорының есепті кеспеағашқа және тұқымдылар топтары, пайдалану түрлері және мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша сүрек босатудың белгіленген көлемдеріне сәйкестігі;

 

2) ағаш кесу қағидаларыталаптарының сақталуы;

 

3) кеспеағашты (мөлдекті) мөлшерлеу (таксациялау) әдісін таңдаудың дұрыстығы;

 

4) кеспеағаштарды тұрған күйінде іріктеу мен мөлшерлеуді (таксациялауды) жүргізу және іріктеу материалдарын техникалық ресімдеу сапасы;

 

5) анықтамалық-нормативтік материалдарды (биіктік разрядтарының көмекші кестелерін, сортименттік және тауарлық кестелерді) таңдау мен қолданудың дұрыстығы анықталады.

 

 

Сонымен, кесуге жатпайтын ағаштардың санитарлық кесулерін сылтау етіп, «Пихта» ЖШС пайдасына ағаш кесу билетін алдағы уақытта заңсыз беру үшін жағдай жасалған. Тексеру материалдарынан «Пихта» ЖШС өкілі, коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры болып табылатын және сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылығы үшін жұмыстан шығарылған, сонымен қатар ҚР заңнамасының бірқатар сыбайлас жемқорлықтың бұзушылығы туралы куәландырылған  С.В. Дерягиннің жұбайы А.А. Дерягина болғандығы байқалған.

 

2016 жылдың 15 сәуірінде соттың ұйғарымы бойынша ШҚО ТРжТПРБ тексерімен анықталғаны, «Риддер орман шаруашылығы» КММ Лево-Убинский орманшылығының жалпы алаңы 5,0 га № 119 орамындағы 25 теліміне 08.04.2014 жылы № 10/035311 ағаш кесу билеті берілген, кәделік ағаштың мөлшері 156 текше метр және отындық ағаштың мөлшері 420 текше метр, алынатын ағаштың жалпы мөлшері 576 текше метрді құраған, орман өнімдерін жіберудің бұйрығы 2014 жылдың 1 сәуірінен № 049125, мерзімі 31.12.2014 жылға дейін. Бұдан кейін, «Риддер орман шаруашылығы» КММ директоры С.В. Дерягиннің тұлғасында және «БұқтырмаҚұрылысСервис» ЖШС арасында 11.04.2014ж. № 2 алдын ала төлеу шарттары бар тауарларды сатып алу-сату келісім шарты құрылған, сонымен қатар бұтақшалардың 576 текше метр мөлшерін кесу, ағаштарды құлату жөніндегі қызметтерді көрсету туралы А.В.Панченкоға және Е.Ю. Устиновқа 08.04.2014 жылы қызмет көрсетуді өтеу келісім шарты құрылған. Содан кейін ағаш кесу билетіне сәйкес ағаш құлатуға 11.04.2014 жылға атқарылған жұмыстар актісі құрылған. Актіні «Риддер орман шаруашылығы» КММ директоры С.В. Дерягин және комиссия мүшелері: орман пайдалану инженері К.А. Зубова, орманшының міндетін атқарушы В.И. Ардалинова, орман шебері А.В. Ардалинов, орманшы Б.И.Былин, экономист А.Ю. Солдатов және ағаш құлатушылары: А.В.Панченко, Е.Ю. Устинов бекіткен. Аталған жұмыс көлемі үшін ағаш құлатушылары А.В. Панченкоға және Е.Ю. Устиновқа 73325 теңге көлемінде жұмыс ақысы аударылған. Аталған акті тіркелгеннен кейін Риддер КММ орман шаруашылығының бөлімінде 576 м көлемінде дайындалған ағаштар мөлшері бойынша деректер ағаш кесу билеттерін беру жөніндегі мәліметке енгізілген, кесілген ағаштар көлемі, бір айдағы түбір төлемі және жылдық есеп «ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-не жолданған.

 

27.08.2015 жылы жоғарыда аталған билет бойынша кесілген орындарды куәландырған кезде ағаштардың кесілмегендігі анықталған, бұл орманшылар П.В. Чарушниковтың, В.И. Ардалинованың, орман пайдалану инженері К.А. Зубованың, орман күзетшісі Е.С. Кондратовтың түсіндірме хаттарымен расталады.

 

Тексерумен «Риддер орман шаруашылығы» КММ Лево-Убинский орманшылығының 119 орамдағы 25 теліміндегі № 1 кеспеағашта 08.04.2014 жылы № 10/035311 ағаш кесу билеті бойынша ағаштарды құлату туралы 11.04.2014 жылы атқарылған жұмыс актісінің шынайылыққа сәйкес келмейтіндігі және нақты орындалмаған және қабылданбаған жұмыстардың орындалғаны және қабылданғаны туралы жалған мәліметтер анықталды. Атқарылған жұмыстардың жоғарыда аталған актісі негізінде жеке тұлғалар А.В. Панченкоға және Е.Ю.Устиновқа мемлекеттік коммуналдық мекемеден жалпы сомасы 73325 теңге көлеміндегі ақшалай қаражат заңсыз төленіп, мемлекеттік мекемеге материалдық шығын келтірілген.

 

Аталған факті жөніндегі материалдар қылмыстық-процессуалдық шешім қабылдау және қарастыру үшін Риддер қ. сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жолданды.

 

Бұдан басқа, Риддер қ. прокуратурасы қылмыс жасаудағы ҚР Қылмыстық Кодексінің 340 бабының 3 бөлімі 2 және 3 тармақшаларымен қарастырылғанЛево-Убинский орманшылығының орман күзетшісі С.Н.Клиновицкийді жазалау жөніндегі қылмыстық істі сотқа жолдаған. Аталған қылмыстық іс бойынша С.Н. Клиновицкий 2015 жылдың мамырына орман күзетшісі бола тұра, өзінің қызметтік жағдайын өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік орман қорының күзетілетін аумақтарында қызметтік қызығушылығын таныта отырып, 189 орамдағы 89, 98, 107, 108 және 109 телімдерінде мемлекетке 2 239 892 теңге сомасында зиян келтіру арқылы ағаштарды заңсыз кесуді жүзеге асырғандығы үшін айыпталады.

 

Аталған орман шаруашылығында 2015 жылы мемлекеттік орман қорының күзетілетін аумақтарында ағаштарды заңсыз кесудің 10 фактісі, оның ішінде ағаштарды заңсыз шығару арқылы, ірі көлемдегі қылқан жапырақты тұқымдыларды заңсыз кесу және 2 млн. теңгеден аса зиян келтіру арқылы 3 факті тіркелген, орманды күзету қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алмаған, құқық бұзушылар ұсталмаған, соның нәтижесінде қылмыс осы уақытқа дейін ашылмаған және мемлекетке келтірілген зиян қайтарылмаған.

 

Сондай-ақ, 2015 жылы аталған орман мекемесінің Орталық орманшылығының  17 орамдағы 33, 34, 37 телімдерінің 41,0 га алаңында, 29 орамдағы 18 телімінің 2,3 га алаңында жерсіну пайызын жасанды түрде төмендету және ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің, әсіресе,  «Орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргiзілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу қағидасын» және  «Ормандарды молықтыру, орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын» өрескел бұза отырып тексеру, түгендеу актілерін құру арқылы орман екпелерін негізсіз есептен шығару фактілеріне жол берілген. Және орман екпелерін қайта отырғызуға рұқсат берілген. «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ШҚ аумақтық инспекциясы» РММ заңнамасын бұзу туралы ұсыным жөніндегі көрсетілген бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Талдау көрсеткендей, мемлекеттік орман қорында жоғарыда көрсетілген сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылықтарын, қылмыстық қолсұғушылықты жасаудағы себептер мен шарттары болып табылатындар:

 

- орман мекемелері қызметкерлерінің өз  міндеттерін ықылассыз орындаулары. Күзетілетін объектіге-мемлекеттік орман қорына мемлекеттік орман күзетінің лауазымды тұлғаларының жауапсыз, немқұрайлы қараулары;

 

- өз лауазымдық міндеттерін, орман заңнамасын білмеу және елемеу;

 

- бухгалтерлік есептілік пен қаржылық тәртіптің талаптарын сақтамау және дөрекі бұзушылық;

 

- басшылық тарапынан бақылаудың жоқтығы және өзінің функционалдық міндеттерін тиісті орындамағаны үшін жазаланбауы.

 

Бұдан басқа, құқық қорғау органдары заңсыз кесілген барлық фактілер, оның ішінде мемлекеттік орман қоры түріндегі мемлекеттік меншікті ұрлауға қатысты фактілер бойынша қылмыстық іс қозғайды және кінәлі тұлғалар ҚР ҚК 340 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады, яғни сәйкес келетін санкциямен үлкен қоғамдық қауіптілікті тудырмайтын қылмыстық қылықтар санатына жататын заңнамамен орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе зақымдағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Мемлекеттік орман қорының сүректер түріндегі мемлекеттік меншікті ұрлауға қатысты кінәлілер ірі көлемдегі және ұйымдастырылған топтар өзінің қылмыстық іс-әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке толығымен тартылмайды. Сонымен қатар, белгілі болғандай, заңсыз кесілген ағаштардың көптігі ұрлау және заңсыз ауқаттанудың пайдакүнемдік мақсатында жасалады. Мемлекеттік орман қорының ағаштар түріндегі мемлекеттік меншік заңсыз өтеусіз тәркіленеді және мемлекетке келтірілген зиянға сәйкес бөтен меншікке заңсыз айналады. ҚР Орман Кодексінің 7 бабына сәйкес Мемлекеттік орман қоры Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектісіне жатады.

 

 ҚР Орман Кодексінің 62 бабына сәйкес «Мемлекеттiк орман қорын күзету мен қорғаудың негiзгi мiндеттерi: орманды заңсыз ағаш кесуден, зақымдаудан, ұрлаудан және Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқадай бұзушылықтан қорғау болып табылады».

 

ҚР Орман Кодексінің 4 бабына сәйкес «ағаштың заңсыз кесілуі – Қазақстан Республикасының орман қорында ағаштар мен бұталарды, ... ағаш кесу билетінсіз; ағаш кесу билеті бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бұзып, ағаш кесу билетінде белгіленген мерзімдерді сақтамай кесу; есепті кеспеағаш аймағынан асып түсетін мөлшерде кесу». Яғни, заңсыз ағаш кесудің заңмен анықталған ұғымы заңсыз ағаш кесудің пайдакүнемдік себебін қамтымайды – заңсыз кесілген ағашты ұрлау мақсатында өз еркімен заңсыз шығару - мемлекеттік орман қорының аумағында күзетілетін мемлекеттік меншік объектісін және бөтен меншікті заңсыз пайдалану.

 

ҚР Қылмыстық Кодексінің 3 бабының 17 тармағына сәйкес «ұрлау– бөтен мүлiктi осы мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып, кінәлі адамның немесе басқа адамдардың пайдасына пайдакүнемдiк мақсатта жасалған құқыққа қарсы өтеусіз алып қою және айналдыру». Сонымен, кінәлілердің іс-әрекеті мемлекет түріндегі меншікке зиян келтірумен бөтен меншікке айналдыру мақсатында мемлекеттік орман қорының күзетілетін аумағынан ағаштарды заңсыз кесу (заңсыз кесілген) жолымен өтеусіз алуға бағытталған пайдакүнемдік мақсатпен жасалған деп ойлаймын, бұл заң жүзінде ҚР ҚК 187 (ұсақ-түйек ұрлау), 188 (ұрлық), 189 (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) және т.б. баптарымен қарастырылған ұрлау болып саналауы тиіс.

 

Қазіргі таңдағы тергеу-сот тәжірибесі мемлекеттік орман қорының ағаштарын пайдакүнемдік мақсатта ұрлаумен заңсыз кесу туралы істер бойынша Қылмыстық Кодекстің міндеттеріне жауап бермейді – «қоршаған ортаны және мемлекеттік басқа заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау» (ҚР ҚК 2б.), және жазалау мақсаттары  -  «... жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды және басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады» (ҚР ҚК 39б.), бұл заңсыз ағаш кескен  тұлғалардың қылмыстық жазалануларынан кейінгі көптеген қайталануды куәландырады.

 

Мазмұндалғанға байланысты, жоғарыда жасалған сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылығының себептері мен талаптарын алдын алу үшін, ұсынамыз:

 

1. «Риддер орман шаруашылығы» КММ директоры аталған талдау хатты мекеменің жиналысында қарастырсын. Жоғарыда аталған фактілер бойынша сот және құқық қорғау органдарының шешімдерінің нәтижелері бойынша өз құзеті шегінде – еңбек заңнамасына сәйкес орман және еңбек заңнамасының талаптарын дөрекі бұзған, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған жоғарыда аталған қызметкерлердің жауапкершіліктерін қарастырсын.

 

2. «Риддер орман шаруашылығы» КММ қызметіне кешенді тексеруді ұйымдастырып, жүргізсін. Тексерудің нәтижесі бойынша жұмысты ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктерді жою бойынша нақты іс-шаралар әзірлеп, сәйкес келетін іс-шаралар қабылдасын.

 

3. Басқарманың орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімі (А.А. Скуратов) орман шаруашылықтарының ведомствоға қарасты мекемелерінің орман заңнамасын сақтау бойынша ведомстволық бақылауды күшейту жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын. Ведомствоға қарасты мекемелердің материалдарын, есептерін қарастырған, тендерлер жүргізген кезде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы куәландыратын жағдайларға назар аударсын.

 

4. Басқа мекемелерде осыған ұқсас және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында сеніп тапсырған мекемелерде сыбайлас жемқорлықты және басқа құқық бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі іс-шараларды қабылдау және оның алдын алу үшін  талдау анықтамасы барлық мекемелерге жіберілсін.

 

5. Орман шаруашылығы және орманды және жануарлар дүниесін күзету мекемелері пайдакүнемдік-заңсыз шығару және ұрлау мақсатымен байланысты ағаштың заңсыз кесілу фактілерін анықтаған кезде назарларын мемлекеттік орман қорының ағаштарын заңсыз кескен және ұрлаған кінәлі тұлғаларды құқық қорғау органдарына тартуды бастамашыл ету.

 

6. Әкімшілік бөлімі  - ведомствоға қарасты барлық мекемелер бойынша ағашты ұрлаумен байланысты заңсыз кесілген ағаштардың қылмыстық-құқықтық біліктілік мәселесі бойынша талдау дайындасын және аталған мәселе бойынша құқық қорғау органдарына сәйкес келетін хат дайындасын.

 

 

Әдеп жөніндегі уәкіл

 

Әкімшілік бөлімінің басшысы                                         Б. Жаманбаев

 

Әкімшілік бөлімінің бас маманы, заңгер                       Р. Бекбосынова

 

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..