Іздеу

Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдерінің  ішкі талдау нәтижелері бойынша

ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

 

Орман шаруашылықтары мекемелерінің қызметін, олардың ұйымдастырушылық-құқықтық базаларын, мекеменің алдына қойған функциялары мен міндеттерін талдай отырып,  орман шаруашылықтары мекемелері туралы нормативтік-құқықтық базасында, көрсетілген мекемелерде құқық бұзушылардан орман және жануарлар дүниесін күзету бойынша өз мемлекеттік функцияларын тиімді түрде жүзеге асыруға және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін мемлекеттік қызмет, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы нормативтік-құқықтық актілер ережелерінде және ҚР Мемлекеттік орман күзету жүйесінде заңнамамен қарастырылған орманды күзету, қорғау, орманды пайдалануды реттеу,  мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік функцияларды іске асыру кезінде көрсетілген мекемелер қызметінде елеулі сыбайлас жемқорлық қатерін туғызатын маңызды қайшылықтар табылды.

       

         Сонымен, ҚР Орман кодексінің 18-ші бабына сәйкес, орман мекемелері:

ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды орындайды; заңнамамен қарастырылған мемлекеттік қызметтер көрсетеді, орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн бередi; ҚР орман заңдары, ҚР жануарлар дүниесін қорғау,өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатынтабиғи аумақтар саласындағы заңдары саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың жолын кесу жөнiнде iс-шаралар қабылдайды; мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарға қатысады; өзіне орман иелену құқығымен берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесін күзету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

         ҚР  Орман  кодексінің  69-шы  бабына сәйкес:

Мемлекеттiк орман күзетi орманды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерiмен айналысатын орман мекемелерiнiң қызметкерлерiнен тұрады. Мемлекеттiк орман күзетiне өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн: жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың құжаттарын тексеру.., әкiмшiлiк  құқық бұзушылық жөнiнде хаттамалар жасау.., құқық  бұзушылық жасаған адамдарды ұстау және оларды құқық қорғау органдарына жеткiзу.., тексерiп қарау..құқықтары берілген....Заңмен көзделген жағдайларда, мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарының қол күшiн, арнаулы қорғаныс құралдарын және қызметтiк қаруды қолдануға құқығы бар. Яғни, орманды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерiмен айналысатын орман мекемелерiнiң лауазымды тұлғалары орманды және жануарлар дүниесін күзету жөніндегі мемлекеттік функцияларды  жүзеге асыру үшін мемлекет әмірлі құзіреттілікпен үлестірілген. Бұдан басқа, орман мекемелерінің лауазымды тұлғалары мемлекеттік орман қорының күзетілетін аумақтарында мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады.

         ҚР заңнамасында, соның  ішінде, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 804 бабында мемлекеттік орман қорының аумағындағы ормандарды және жануарлар дүниесін күзету және қорғау жөніндегі функцияларды  жүзеге  асыру  үшін  ведомствоға  қарасты орман шаруашылығы  мекемелеріне  орман заңнамасы, орман, жануарлар дүниесін пайдалануды  күзету,   қорғау,  реттеу саласында  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  бойынша  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  хаттамалады толтыру  құзіреттілігі  берілген..

         Кодекстің 635 бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық  туралы хаттаманы  соған  құзіретті  лауазымды  тұлға  құрайды.  Лауазымды тұлға деп аталған заңда мемлекеттік функцияларды, үкімет өкілдерінің функцияларын немесе мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-басқарушылық немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды  үнемі, уақытша  немесе  арнайы  құзіретпен  атқаратын тұлғалар жатады.

Сондай-ақ,  лауазымды  тұлға  түсінігі «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет» Заңдарымен анықталады.

          Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің 12.05.2015 жылғы №18-1/429 бұйрығымен бекітілген ҚР Мемлекеттік орман күзету туралы Ережесімен мемлекеттік орман шаруашылықтары мекемелеріне орманды және жануарлар дүниесін күзету және қорғау, табиғат пайдалануды реттеу, есептілік пен бақылауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік функциялары бекітілген. Орман шаруашылығы мекемесінің мемлекеттік орман күзетін құрайтын қызметкерлері анықталды: директорлар – бас орманшылар, директорлардың орынбасарлары – бас орманшылардың орынбасарлары, барлық санаттағы орман шаруашылығы инженерлерi, аңшылық мамандары, орман күтушілер, орман күтушілердің көмекшiлерi, орман шеберлері, орман күтушілері, мемлекеттік инспекторлар (қорықшылар) және орман заңнамасын, жануарлар дүниесін күзету жөніндегі заңнаманы бұзушылармен күрес бойынша олардың әмірлі құзіреттілігі бекітілген: ескерту, құқық бұзушылықтың алдын алу, ұстау, құқық бұзушыларды мәжбүрлі жеткізу, тексеру, алып қою, әкімшілік жауапкершілікке тарту және т.б.

Яғни, мемлекеттік функцияларды, құзіреттіліктерді іске асыру бойынша орындалатын, оның ішінде мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік функцияларды, міндеттерді жүзеге асыруда орман шаруашылығы және ерекше күтілетін табиғат аумақтарының мекемелері мемлекеттік орган болып табылуы қажет. Және де,  орманды күзету, қорғау және орман пайдалануды реттеу  тәрізді мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын орман шаруашылығы қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер және лауазымды тұлғалар болулары тиіс. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» Заңының 1 бабына сәйкес «мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді  атқару  жөнiндег i қызметi».  Алайда, қолданыстағы нормативтік -құқықтық актілермен  орман шаруашылығы  және  ерекше  күтілетін  табиғат аумақтары мекемелерінің ұйымдастырушылық -құқықтық нысандармен реттелетін, көрсетілген  мекемелер  коммуналдық мемлекеттік мекемелер болып  табылады  және  басқарманың  мемлекеттік  органы  болып табылмайды, ал көрсетілген мекемелердің қызметкерлері өздерімен атқарылатын  мемлекеттік  функцияларға  қарамастан  азаматтық қызметшілер  санатына жатқызылған.

 

27.09.2007 жылғы № 850 Үкімет Қаулысыменкоммуналдық мемлекеттік мекемелер директорларының, орманшының, шебердің және аң аулаушының  лауазымдары азаматтық қызметшілердің лауазымдары тізбесіне енгізілген. Осы негізде мемлекеттік орман шаруашылығы, ерекше күтілетін  табиғат  аумақтары  мекемелерінің, мамандандырылған  бөліністердің – өсімдік  және  жануарлар  дүниесін күзету және қорғау бойынша жедел қимыл отрядының барлық лауазымды тұлғалары азаматтық қызметшілер тізбесіне енгізілген.

ҚР Еңбек заңнамасымен  азаматтық қызмет  қазыналық  кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды  қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын, техникалық қызмет көрсететiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн азаматтық қызметшілердің кәсіби қызметі ретінде анықталған. Сонымен, орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері азаматтық қызметшілер мәртебесіндегі мемлекеттік қызметшілер және уәкілетті органдардың лауазымды тұлғалары болып табылмайды.

         Бұдан басқа, қоршаған ортаны: құқық бұзушылардан өсімдік және жануарлар дүниесін сақтау жөніндегі мемлекеттік қызметті өткерудің ерекше жағдайларына қарамастан, Мемлекеттік орман күзетудің қызметкерлері мемлекеттік қызметшілерге арналған заңнамамен қарастырылған құқықтық және әлеуметтік қорғаудан шектелген. Мысалы: «ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел отряды» КММ қызметкері аға инспектор А.И. Казинскийге жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі өз қызметтік міндеттерін орындау барысында құқық бұзушыларды ұстау және заңсыз аңшылық заттарын тексеру кезінде азамат Рябков пышақ жарақатын сала отырып, қарсылық келтірген еді. Алайда, тергеу органы қызметтік міндеттерін  атқару  кезінде үкімет өкіліне қарсылық білдіру фактісі бойынша  Рябковқа  қатысты  қылмыстық  істі қозғаудан бас тартқан, себебі «Жедел отряд» КММ  инспекторы мемлекеттік қызметші болмағандықтан, үкімет өкілі болып табылмайды. Мемлекеттік орман қорғаудың  лауазымды  тұлғалары  ҚР заңнамасына  (ҚР Орман кодексінің 70 бабы)  сәйкес  құқықтық  және  әлеуметтік  қорғауға  жатады.

Көрсетілген  мекемелердегі  қолданыстағы ұйымдастырушылық-құқықтық нысан сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қолданыстағы заңнамаға  да  қарама –қайшы  келеді.  «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл туралы»  ҚР  Заңының 1-ші б.- бойынша  уәкілетті тұлғалар мемлекеттік функцияларды орындаған кезде Мемлекеттік қызмет туралы ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшіге жатады және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықтық қатынас субъектілеріне  жатады.  Алайда,  мемлекеттік  орман  қорғау - орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері, мемлекеттік функцияларды орындауға құзіретті тұлғаларға теңестірілген мекеме басшыларын   қоспағанда,  кызмет орындары ерекшеліктері  жемқорлық  тәуекелдеріне қолайлы   орман   және  жануарлар  дүниесін  қорғау, табиғат  пайдалануды  реттеу және бақылау, мемлекеттік қызмет көрсету  функцияларын,  осы  саладағы  заң  бұзушылықтармен  күресу қызметтерін  атқара  отырып,  қолданыстағы  нормативтік  құқықтық  актілер  бойынша

сыбайлас жауапкершіліктің субъектілеріне жатпайды. 

         Қалыптасқан  қайшылықтардың  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін  туғызатынын   ескеріп, жоғарыда көрсетілген  ҚР Үкіметінің   27.09.2007ж. № 850 Қаулы  нормаларының  және  «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлықтың іс-әрекеті туралы» Заңдары және «Әкімшілік  құқық  бұзушылық туралы» ҚР Кодексі нормаларының ережелеріне  және  басқа  нормативтік- құқықтық  және  құқықтық актілердің  қайшылықтары   жөнінде  мемлекеттік  қызмет  бойынша уәкілетті  органға  хабарлап, тиісті  іс-шараларды  қабылдау  жөнінде  ұсыныстар  енгізу.қажет  деп  санаймын..

 

 

«ШҚО табиғи ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

әдеп өкілі                                                                                               Б. Жаманбаев

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..